тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 7011
21 қарашаның 2025
Валентин Татарицкий: "Одақтың техникалық регламенттерін біркелкі қолдану – техникалық реттеудің бірыңғай жүйесіне деген сенімді қамтамасыз етудің маңызды құралы"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий 20 қарашада Минскіде ЕАЭО Сотының халықаралық конференциясының пленарлық сессиясында Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін мүше мемлекеттерде біркелкі қолданудың қажеттілігі мен маңыздылығы, одақтық органдардың техникалық реттеу процестеріндегі рөлі туралы айтты. "Еуразиялық экономикалық кеңістікте техникалық реттеудің бірыңғай жүйесін құру – біздің базалық құралымыз. Тікелей әрекет ететін құжаттар мәртебесіне ие бола отырып, ЕАЭО техникалық регламенттері өндірушілер, импорттаушылар мен тұтынушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеу жүйесін құрып қана қоймай, сонымен бірге, кооперациялық және сауда байланыстарының негізіне, өзара сауданың талапшарттары туралы мемлекетаралық уағдаластықтың нысанасына айналды", – деп атап өтті Валентин Татарицкий. ЕЭК министрі ЕАЭО шеңберінде техникалық реттеудің бірыңғай жүйесі актілеріндегі құқықтық олқылықтарды жоюдың жаңа шешімдерін сөз етті. Бұл ретте ол техникалық регламенттер нормаларын қолдануда біркелкілікке қол жеткізу құралдарына айрықша назар аударды. Валентин Татарицкийдің сөзінше, техникалық регламенттің мазмұнын дер кезінде жариялап, орындаушыларға жеткізу, ЕАЭО немесе нақты мүше мемлекет деңгейінде шешімдерді талап ететін проблемалық жағдаятты анықтауға мүмкіндік беретін кері байланыс механизмі ретінде пайдаланылатын техникалық регламенттерді қолдану мониторингі – Одақтың 2024-2025 жылдары күшіне енген техникалық регламенттері мен оларға орайлас стандарттар тізбесінің ғылыми-техникалық деңгейін міндетті кезеңдік бағалау рәсімімен толықтырылды. "Мұндай бағалау біздің елдерімізде қауіпсіздік талаптарының жоғары деңгейін сақтауға бағытталған", – деді ЕЭК министрі. Қазір Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп Одақтың техникалық регламенттерін қолдану бойынша түсіндірмелер дайындау тәртібімен жұмыс істеу үстінде. "Осы жылдың желтоқсан айында Комиссия Алқасы тәртіп жобасын қарауға тиіс. Біз техникалық регламенттердің ережелерін қолдану бойынша түсіндірмелерді дайындау рәсімі Одақтың техникалық регламенттерін қолдануға қойылатын бірыңғай тәсілдемені қамтамасыз етудің тағы бір маңызды және сұранысқа ие құралы болады деп ойлаймыз. Ол қазіргі бар техникалық реттеу жүйесіне толығымен кірігеді және оны "қайта ыңғайластыруға" ықпал етеді", – деп нақтылады Валентин Татарицкий.
20 қарашаның 2025
Арзыбек Кожошев: "ЕАЭО-ның көлік тиянағы – Одақ елдерінің орнықты дамуының негізі"
ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев 20 қарашада Мәскеуде өткен жыл сайынғы "Интеграция" халықаралық форумында сөйлеген сөзінде ЕАЭО елдерінің орнықты дамуын қамтамасыз етудегі көлік-логистика инфрақұрылымының маңызды рөлін баса айтты.
19 қарашаның 2025
ЕАЭО мен АСЕАН тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
АСЕАН Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің онлайн-форматта өткен сессиясында Еуразиялық экономикалық комиссия мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (АСЕАН) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру нәтижелері және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі әріптестікті дамыту перспективалары талқыланды.
19 қарашаның 2025
ЕЭК Кеңесі жаңа кооперациялық жобаны және оны іске асыруға ЕАЭО бюджетінен субсиядия беруді мақұлдады
Жоба бойынша өтініш беруші "Сбербанк" ЖарАҚ (Ресей) болып табылады. Жобаны дайын өнім өндіруге арналған жиынтықтауыштарды Беларусь пен Қазақстаннан жеткізетін кәсіпорындардың қатысуымен Қорған жол машиналары зауыты іске асыруда.
18 қарашаның 2025
Бақытжан Сағынтаев ШЫҰ елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 18 қарашада Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
17 қарашаның 2025
ЕАЭО елдерінің құрылыс-жол машина жасау саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары айқындалды
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 17 қарашадағы отырыста Еуразиялық экономикалық одақ аясында құрылыс-жол машина жасау саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттарын белгіледі.
17 қарашаның 2025
Андрей Слепнев бизнес өкілдерімен ЕЭК-тің сауда күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады
Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының интеграция, сауда-кеден саясаты және ДСҰ жөніндегі комитетінің және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі РӨКО комитетінің металлургия және тау-кен өнеркәсібі жөніндегі кіші комитетінің бірлескен отырысына қатысты.
17 қарашаның 2025
Максим Ермолович: "Қазақстан бәсекелестік ортаны дамытуда айтарлықтай жетістікке жетті"
Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және антимонополиялық реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 17 қарашада Алматыда Қазақстанның бәсекелестік саласындағы заңнамасы мен саясатына қатысты Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) екінші сараптамалық шолуының таныстырылымына қатысты.
Тағы да көрсету