Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
11 сәуірдің 2025
ЕЭК Иранмен техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде семинар өткізді
Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің және ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкийдің төрағалық етуімен Иранмен техникалық реттеу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына арналған семинар болып өтті. Кездесу Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімнің осы жылғы 15 мамырда күшіне енуі қарсаңында өтті. Семинарға ирандық әріптестермен өзара іс-қимылды дамытуға және Иран нарығына шығуға мүдделі ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының, іскерлік бірлестіктері мен компанияларының өкілдері қатысты. "Иран тарапы клиникалық сынақтар жүргізуге және фармацевтикалық өнімдерді тіркеуге орайлас реттеушілік тәсілдемелерді жақындастыруға қызығушылық білдірді. Өз тарапымыздан біз іскер қоғамдастықтың Иран тарапымен доңғалақты көлік құралдарына, сондай-ақ медициналық техникаға қол жеткізу бойынша техникалық тосқауылдарды жоюға мүдделі екендігін көріп отырмыз", — деп атап өтті Андрей Слепнев. Оның сөзінше, Келісімнің саудадағы техникалық тосқауылдар бөлігіндегі жетілдірілген реттеушілік бөлігі Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаларына толық сәйкес келеді, бұл әсіресе Иранның осы халықаралық ұйымның мүшесі емес екендігін ескере келгенде маңызды болып табылады. "Біздің субъектілеріміз үшін өнімді Иранның нарығына шығаруға қол жеткізу проблемаларын реттеудің неғұрлым практикаға бағдарланған механизмі саудадағы техникалық тосқауылдар жөніндегі жұмыс тобының алаңы болып табылады. Келісімде мұндай тақырыптық топты құру көзделген. Жұмыс тобында Ирандағы техникалық талаптарға немесе сәйкестікті бағалау рәсімдеріне байланысты біздің ұйымдардың нақты экспорттық кейстерін қарастыруға, қандай да бір дәлденген уағдаластықтарға шығып көруге болады", — деп атап өтті Валентин Татарицкий. Ол Одақ мемлекеттерінің Иранмен екіжақты уағдаластықтарын қоса, саудадағы техникалық тосқауылдарға байланысты мәселелерді шешу үшін қолда бар мүмкіндіктің барлық спектрін қарастыруды ұсынды. Ирандық әріптестермен техникалық реттеу саласындағы өзара іс-қимылдың неғұрлым перспективалы бағыттарын Келісімнің ережелерін имплементациялауға бағытталған ЕАЭО және оған мүше мемлекеттер мен Иран арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен іс-шаралар жоспарының (жол картасының) қазір әзірленіп жатқан жобасына енгізу ұсынылады.
11 сәуірдің 2025
ЕЭК теміржол машиналарын жасау саласында қаржылай жәрдемдесу механизмін пайдалануды жандандырады
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министр Гоар Барсегян басқарған Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясы Тверь облысында "Түйінді жүйелер мен компоненттер" компаниялар тобының ("ТЖК" КТ) өндірістік алаңдарының жұмысымен танысты. Ресейлік бұл холдинг рельсті жылжымалы құрамға арналған жүйелер мен компоненттердің аса ірі өндірушілерінің бірі болып табылады. "ТЖК" КТ өнеркәсіптік технопаркі мен холдинг кәсіпорындарын аралау барысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде "Мәскеу — Санкт-Петербург" жоғары жылдамдықты теміржол магистралінің жобасын іске асыру үшін өнеркәсіптік кооперацияға қаржылай жәрдемдесу механизмін пайдалану талқыланды. "Біз қаржылық жәрдемдесу механизмін холдинг өндірістік қуаттарды жаңғырту және ұлғайту, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің кәсіпорындарымен жаңа кооперациялық тізбектер құру үшін ойдағыдай пайдаланады деп санаймыз. Біз "ТЖК" КТ ғана емес, бүкіл Еуразиялық өнеркәсіптің позициясын нығайтатын жаңа кооперациялық тізбектер құра аламыз", — деп атап өтті Гоар Барсегян. "ТЖК" КТ Ресей Федерациясының он өңірінде 16 мыңнан астам адам жұмыс істейтін 20-дан астам кәсіпорынды біріктіреді. "ТЖК" КТ тапсырыс берушілерінің арасында Ресей мен Еуропаның 200-ден астам компаниясы бар.
10 сәуірдің 2025
Комиссия ЕАЭО-ның ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің Иран нарығына қол жеткізуінің мәселелерін талқылады
Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК Сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиковтің және ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Владимир Синкевичтің басшылығымен мемлекеттік органдардың, іскерлік қауымдастықтардың және бизнестің өкілдерімен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің Иран нарығына қол жеткізуінің мәселелерін талқылау болып өтті. Кездесу ЕАЭО мен Иран Ислам Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімнің осы жылғы 15 мамырда күшіне енуі қарсаңында өтті. Келісімнің преференциялық қамтылуы ауыл шаруашылығы тауар номенклатурасының 67%-ын өтей алады, оның үлесіне ЕАЭО-ның Иранға ауыл шаруашылығы экспортының 98%-ы тура келеді. Сауда режимін ырықтандыру Иран тарапының тарифтік қорғалу деңгейін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік береді: бүкіл ауыл шаруашылығы тауар номенклатурасы бойынша Иранның БҚР-ының орташа ставкасы 30%дан 14%-ға дейін төмендейді. "Келісім ЕАЭО бизнесі үшін Иран нарығына, соның ішінде азық-түлік тауарлары бөлігінде қол жеткізудің бірегей тарифтік жағдайларын жасайды. Осыған байланысты аталған бағыт бойынша Иранмен ынтымақтастықты дамыту шеңберінде біз бірінші кезекте назар аударуымыз жөн болатын тосқауылдар мен проблемалық мәселелерді айқындауымыз қажет", – деп атап өтті Владимир Серпиков. Ол сондай-ақ Келісімде өзара саудаға елеулі әсер етуі мүмкін санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдануға қатысты реттеуші бөліктің бір мезгілде жетілдірілгенін де еске салып өтті. "ЕАЭО-да СФС-шаралар саласындағы нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды, ол қауіпсіздікке, соның ішінде азық-түлік өнімдеріне, Одақ аумағы бойынша әкелу және өткізу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді. Аталған салаларда ЕАЭО құқығын сақтаған кезде үшінші елдердің, соның ішінде Иранның өнімдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарығына түседі", – деп хабардар етті Владимир Синкевич. Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдануды қоса, ауыл шаруашылығы өнімдеріне қол жеткізу мәселелерін Иран тарапымен 2025 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланған Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен комитеттің бірінші отырысы барысында талқылау ұсынылады. Бұдан басқа, осы саладағы ирандық әріптестермен өзара іс-қимылдың неғұрлым перспективалы бағыттарын Келісімнің ережелерін имплементациялауға бағытталған ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер және Иран арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарының (жол картасының) әзірленіп жатқан жобасына енгізу жоспарлануда.
10 сәуірдің 2025
Наира Карапетян: «ЕЭК ЕАЭО елдерінің қант нарығын орнықты дамыту бойынша қосымша шаралар тізбесін мақұлдауды жоспарлап отыр"
Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елі үшін экономиканың аграрлық секторы стратегиялық саланың бірі болып табылады және осы өндіріс соңғы бес жылда шамамен 15% өсу көрсетті. Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян бұл туралы 10 сәуірде Мәскеуде "2025 – ТМД елдерінің қант нарығы. Болашаққа көзқарас" халықаралық конференциясында мәлімдеді. ЕЭК өкілінің сөзінше, осымен бірге, өндірістің жоғары технологиялық құралдарының едәуір көлемі Одаққа импортталады. Осы жағдаятты азайту мақсатында Комиссия келісілген агроөнеркәсіптік саясат шеңберінде тұйықты ауыл шаруашылығы тауарлары нарықтарын дамытудың кешенді шолулары негізінде ықтимал бірлескен шараларды айқындау үшін ұсынымдар әзірлейді. "Комиссия Одақ мемлекеттерінің қант нарығын орнықты дамыту бойынша қосымша шаралар тізбесін мақұлдауды жоспарлап отыр, ол қантты және жанама өнімді терең өңдеу саласындағы инновациялық әзірлемелер мен технологиялық шешімдерді, сондай-ақ басқа да шараларды игеруді көздейді", – деп Наира Карапетян конференцияға қатысушыларды хабардар етті. Жыл сайынғы конференцияға дәстүрлі түрде ТМД елдерінің қант өндірушілері, бейінді мемлекеттік органдар, сауда компаниялары және қантты индустриялық тұтынушылар, тыңайтқыштарды және ауыл шаруашылығы техникасын, өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірушілер, қант қызылшасы тұқымын жеткізушілер, банк және қаржы секторының өкілдері, сондай-ақ логистикалық компаниялар қатысады.
09 сәуірдің 2025
ЕЭК ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық дамуының орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштер мониторингін жүргізді
Мониторинг 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО мемлекеттеріндегі мемлекеттік басқару секторының борышы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген шектерде қалыптасқанын көрсетті. Бірқатар елде ЖІӨ-ге қатысты борыш деңгейі: Қырғызстанда 13,1%-ға дейін, Ресейде 13,6%-ға дейін төмендеді. Армения мен Қазақстанда Ішкі қарыз алудың ұлғаюына байланысты ЖІӨ-ге қатысты борыштың мәні тиісінше 48,2%-ға және 23,2%-ға дейін ұлғайды. Одақтың көптеген елінде мемлекеттік басқару секторы бюджетінің теңгерімі де белгіленген мәндер шеңберінде қалыптасты: Қазақстан мен Ресейде бірқалыпты тапшылық тиісінше ЖІӨ-нің 0,7% және ЖІӨ нің 1,2% мөлшерінде, Қырғызстанда бюджеттің профициті ЖІӨ-нің 3,5%-ы деңгейінде. Бюджеттерге ең алдымен салықтық және салықтық емес кірістердің өсуі қолдау көрсетті. Айрықшалықта қалған Армения Республикасы болды, мұнда халықты әлеуметтік қолдауға жұмсалатын шығыстардың ұлғаюына байланысты бюджет тапшылығы белгіленген мәннен асып түсіп, ЖІӨ-нің 3,5%-ын құрады. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 63-бабына сәйкес елдердің экономикалық дамуының орнықтылығын айқындайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге мыналар жатады: мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің тапшылығы ЖІӨ-нің 3%-нан аспайды; мемлекеттік басқару секторының борышы ЖІӨ-нің 50%-нан аспайды.
08 сәуірдің 2025
Александр Титов ЕЭК-тің Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды
Александр Анатольевич Титов 1965 жылы 12 қарашада Ресей Федерациясының Уфа қаласында туған. 1987 жылы Уфа мемлекеттік авиация институтын бітірген. 1989-1991 жылдары әскер қатарында қызмет етті. 1992-2001 жылдары Уфа кеденінде жұмыс істеп, инспектордан бастықтың орынбасарына дейінгі жолдан өтті. 2001-2004 және 2011-2014 жылдары Ресей кеден қызметінің Украинадағы Өкілдігінде қызмет етті. 2014-2024 жылдары Федералдық кеден қызметінің орталық аппаратында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді. Соңғы атқарған қызметі — "Ресей ФКҚ Мониторинг және жедел бақылау орталығы" Бас басқармасы бастығының орынбасары лауазымы. 2024-2025 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры болып істеді. Ведомстволық және мемлекеттік наградаларға ие. 2025 жылғы 1 сәуірден бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.
08 сәуірдің 2025
Давид Геворгян ЕЭК-тің Істерді басқару департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды
Давид Левонович Геворгян 1986 жылы 28 сәуірде Ереван қаласында туған. 2007 жылы Халықаралық кәсіпкерлік академиясын бітірген. 2007 жылдан 2012 жылға дейін Арменияның "Ардеф" даму қорында жұмыс істеді, соның ішінде соңғы үш жылда оның басшысы болды. 2012-2016 жылдары Армения Республикасы Ұлттық қауіпсіздік кеңесі аппаратының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру департаментінің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздік стратегиясын іске асыру жөніндегі бірінші бөлімінің бас маманы болып істеді. 2016-2018 жылдары Армения Республикасы Президенті Аппараты басшысының көмекшісі болды. 2018-2022 жылдары Армения Республикасы Вице-премьер-министрінің протоколын басқарды. 2022-2025 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрінің көмекшісі болды. 2025 жылғы 1 сәуірден бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Істерді басқару департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.
08 сәуірдің 2025
ЕАЭО-да кооперациялық және экспорттық әлеуеті мейлінше үлкен өнеркәсіп салалары айқындалды
8 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы "Шикізаттық емес, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жоғары технологиялық өнімдерін бірлесіп экспорттау үшін перспективалы нарықтар мен өнеркәсіп салаларын талдау қорытындылары туралы" баяндаманы мақұлдады. Баяндамада кооперациялық және экспорттық әлеуеті мейлінше үлкен жоғары технологиялық салаларды қоса, өнеркәсіптің салалары айқындалды. Бұлар, атап айтқанда, химия, металлургия, фармацевтика, электрондық-оптикалық сала, автомобиль және авиация өнеркәсібі. Құжатта баяндалған ұсынымдар өнеркәсіптің басым салаларының өсуін қамтамасыз етуге, инновациялық белсенділікті ынталандыруға, ғылымды қажетсінетін өндірістерді бірлесіп дамытуға, сондай-ақ экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті өнімнің жаңа түрлерін игеруге бағытталған. "Одақ елдері өнеркәсіптің түйінді салаларын дамыту үшін елеулі ғылыми және өнеркәсіптік әлеуетке ие. Бұл ретте машина жасау, электроника, химия өнеркәсібі сияқты жоғары технологиялық салалардағы импортты алмастыру мүше мемлекеттердің кооперациялық ынтымақтастығының басымдығы болып қала береді", — деп атап көрсетті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы