Жаңалықтар

30 майдың 2025 Максим Ермолович: "Бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулері әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатты тұжырымдауға көмектеседі" Еуразиялық экономикалық комиссия Мысырдың бәсекелестік ведомствосының қолдауымен Каирде бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдар өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Оған ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович қатысты. ЕЭК бейіндік блогының бастамасы бойынша дәстүрге айналған мұндай іс-шаралар халықаралық өңірлік ұйымдарға өзекті мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық жасауға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға көмектеседі. Бәсекелестікті тиімді реттеу практикасы осы бесінші кездесуге қатысушылардың басты назарында болды. "Біз өңірлік ынтымақтастықтың артықшылықтарын ілгерілетеміз, өңіраралық диалогты нығайтамыз және кеңейтеміз, озық бәсекелестік практиканы әр өңірдің қажеттіліктеріне бейімдейміз, жаңа идеялар қалыптастырамыз, бұл сайып келгенде әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатқа алып келеді", – деп санайды Максим Ермолович.    ЕЭК бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулерін өткізуді жалғастыратын болады. Бесінші кездесуге Мысыр бәсекелестік ведомствосының төрағасы, ЮНКТАД, Шығыс және Оңтүстік Африканың Ортақ нарығы, Шығыс Африка қоғамдастығы, Батыс Африка экономикалық және валюта одағы, Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастығы, Араб бәсекелестік желісі, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы, БРИКС және Кариб қоғамдастығы өкілдері қатысты.
14 майдың 2025 Андрей Слепнев: «ЕАЭО мен Моңғолия уақытша сауда келісімі бойынша келіссөздерді аяқтады және оған қол қоюдың рәсімдерін іске қосты" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімінің жобасын мақұлдады және оны мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберді. "Моңғол тарапымен өткізілген қосымша консультациялардың қорытындысы бойынша әріптеспен уақытша сауда келісіміне қол қою үшін қажетті рәсімдер іске қосылды. Құжат әр тараптан 367 тауарлық қосалқы позицияны қамтиды", – деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Ол келісімге қол қойылғаннан кейін және күшіне енген соң ЕАЭО елдері астық (бидай, арпа, жүгері), ет өнімдері (шошқа еті, тауық еті), сүт өнімдері (құрғақ сүт, йогурт, ірімшік, май), бал, өсімдік майлары (күнбағыс және соя), қант, металлургия өнімдері (ферроқорытпалар, ГК прокаты, ХК прокаты, шыбықшалар, бұрыштықтар, құбырлар және т. б.), моторлы көлік құралдары (автомобильдер, автобустар, жүк көліктері, арнаулы техника, автокомпоненттер, тіркемелер және т. б.), химия өнеркәсібі өнімдері (полимерлер, пластикалық плиталар мен бөлшектер), шиналар және т. б. сияқты қағидатты позициялар бойынша Моңғолия нарығына пұрсаттылықпен қол жеткізе алатынын нақтылай айтып өтті "Сондай-ақ, біз олардың экспорттық қызығушылығындағы түйінді тауарларын: ет-сүт өнімдерін (жылқы етін, ірі қара етін, қой етін, ет консервілерін, қосалқы өнімдерді, йогуртты, ірімшікті және т. б.), жеңіл өнеркәсіп өнімдерін (атап айтқанда, жүнді, жіпті, сондай-ақ дайын трикотаж және тоқыма киімдерін) қоса, моңғол тауарларының өз нарығымызға келуін құптаймыз", – деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Андрей Слепнев уақытша сауда келісімін жасасу өзара сауданың одан әрі өсуі үшін қолайлы жағдайлар туғызатынына және тұтастай алғанда ЕАЭО мемлекеттерінің Моңғолиямен дәстүрлі достық қатынастарын нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
13 майдың 2025 ЕАЭО елдері ғылыми атақтарды өзара тануға дайындалуда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімнің жобасын мақұлдап, мемлекетішілік келісуді жүргізу үшін Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне жіберді. Келісімде Одақ мемлекеттерінде берілген ғылыми атақтар туралы құжаттарды олардың иелерінің ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінде кәсіби ғылыми қызметті жүзеге асыруға қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тікелей тану көзделген. "Келісім ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе ауысуға ықпал ете отырып, ЕАЭО елдерінде ғалымдарды жұмысқа орналастыру үшін қосымша ынталандырулар жасайды. Бұл құрал талантты мамандарды тартуға және біздің мемлекеттерімізде инновациялардың дамуын ынталандыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов.   Еске сала өтсек,  ЕАЭО мемлекеттерінде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім 2024 жылғы  мамырда күшіне енді.
13 майдың 2025 ЕЭК шошқа еті, ірі қара еті, сүт және сүт өнімдері нарығын дамыту бойынша ұсынымдар қабылдады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы келісілген агроөнеркәсіптік саясатты іске асыру шеңберінде соңғы төрт жылда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің агроазық-түлік секторының осы сегменттеріне талдамалық шолулар негізінде дайындалған шошқа еті, ірі қара еті, сүт және сүт өнімдері нарығын дамыту бойынша бірқатар ұсыным қабылдады. Қабылданған құжаттарды іске асыру селекциялық-асылдандыру жұмысының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, шошқалардың, етті және сүтті бағыттағы сиырлардың өнімділігін есепке алуға, селекцияның, соның ішінде геномдық селекцияның қазіргі заманғы технологияларын ендіруге көмектеседі. Ұсынымдар бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экспорттық әлеуетті арттыру үшін ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетті пайдалану мақсатында Одақ нарығына қатысушылардың кооперациясына жәрдемдесетін болады. "Ұсынылатын шаралар кешенін іске асыру өндірісті құрылымдық және технологиялық жаңғыртуды жүргізуге, ішкі және сыртқы нарықтарда салалардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, ЕАЭО мемлекеттерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады", — деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян.
12 майдың 2025 ЕАЭО-да электрондық халықаралық е-CMR көлік жүкқұжаттарын қолдану бойынша пилоттық жобаны жүргізуге кірісті 12 мамырда ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтың төрағалық етуімен электрондық халықаралық е-CMR көлік жүкқұжаттарын қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы болып өтті. Отырысқа қатысушылар пилоттық жобаны іске асыру бойынша бірқатар ұйымдастыру мәселесін талқылады, пилоттық жобаны жүргізу мерзімдері мен тәртібін айқындады. Жобаны іске қосу үшін мүше мемлекеттер алдында электрондық халықаралық e-CMR көлік жүкқұжатының бірыңғай форматын айқындау, трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде е-CMR электрондық мәліметтерінің заңи маңыздылығын тани отырып мәселені шешу және электрондық құжат айналымы операторлары мен сенімді үшінші тараптың ақпараттық өзара іс-қимылының тәртібін айқындау міндеті тұр. "Халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде заңи маңызы бар электрондық құжат айналымына көшу жылдамдығы ғана емес, сонымен қатар қадағалап отыру механизмін ендіру және цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін құру сияқты бірқатар интеграциялық бағытты толық мәнінде іске асырудың табыстылығы да сіз бен біздің жұмысымыздың нәтижелеріне байланысты", — деп атап өтті Арзыбек Қожошев. Отырысқа мүше мемлекеттердің көлік, цифрландыру, салық және кедендік реттеу саласындағы уәкілетті органдарының, салалық бірлестіктердің, ғылыми ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері, сондай-ақ сенім білдірілген үшінші тарап операторларының және электрондық құжат айналымының өкілдері қатысты. Жұмыс тобының кезекті отырысын 2025 жылғы қыркүйекте өткізу жоспарланды. Пилоттық жобаның негізгі мақсаты — цифрлық қолтаңба мен "сенім білдірілген үшінші тарап" механизмдерін пайдалана отырып, әртүрлі мемлекеттің субъектілері арасында заңи маңызы бар электрондық құжаттарды трансшекаралық алмасу технологиясын практикалық пысықтауды қамтамасыз ету. Пилоттық жобаны іске асыру көлік құжаттарын алу және тексеру процестерін жеделдетуге, сондай-ақ көлік-логистика және бақылау-қадағалау рәсімдерін жүзеге асыру кезінде шығындарды азайтуға ықпал ететін болады.
Тағы да көрсету