тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 2
09 қазанның 2025
Наира Карапетян: "ЕАЭО-да асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін күш-жігерді біріктіру аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін артырады"
9 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетянның төрағалық етуімен Мәскеуде Ресейдің "Алтын күз – 2025" агроөнеркәсіптік көрмесінің іскерлік бағдарламасы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақта асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша үйлестіру кеңесі болып өтті. Асыл тұқым ресурстары нарығын дамыту жоспарлары, асылдандыру істері жүйесін қалыптастыру механизмдері мен құралдары, ЕАЭО шеңберінде асыл тұқымды мал шаруашылығында цифрландыруды дамыту талқылаудың түйінді тақырыптары болды. Наира Карапетян агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың міндетті шарты ретінде асыл тұқымды мал шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі туралы айтып берді. "ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымды өнімін айналысқа шығаруға, әкелуге, әкетуге және орнын ауыстыруға қойылатын талаптарды біріздендіру жөніндегі бұдан арғы қадамдар асыл тұқым ресурстары мен орнықты жеткізілім схемалары туралы жалпы деректер базасын құрумен қатар, Одақ мемлекеттерінде асыл тұқымды өніммен өзара сауданы ұлғайту және мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Наира Карапетян. ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Сәуле Молдабаева "Инновациялар – практикаға: қазіргі заманғы кезеңде жасыл өнім сегменті қалай дамуда" атты панельдік пікірсайыс барысында шараға қатысушыларды мүше мемлекеттердің жасыл технологияларды қолдану және Одақтың АӨК органикалық өнімдерінің айналысы жөніндегі құқығын қалыптастыру саласындағы тәжірибесі туралы хабардар етті. Кеңеске ЕАЭО елдерінің асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті басқару органдарының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, зертханалардың және мүше мемлекеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығының өзге де субъектілерінің басшылары мен өкілдері қатысты.
09 қазанның 2025
ЕЭК Алқасы ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің 2026 жылға арналған негізгі бағыттарының жобасын мақұлдады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің 2026 жылға арналған негізгі бағыттарының жобасын мақұлдады. Құжат Одақтың алдағы жылға арналған сыртқы өзара іс-қимылының түйінді басымдықтарын, векторларын және практикалық міндеттерін айқындайды. Халықаралық қызметтің өзекті басымдықтары мен жаңа драйверлері Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясында баса көрсетілген стратегиялық міндетті іске асыруға — ЕАЭО-ның халықаралық аренада экономикалық тартылыс полюсі ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Жобада Одақтың жылдан жылға дәйекті түрде кеңейіп келе жатқан халықаралық күн тәртібінің барлық спектрі бейнеленген. Интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуге, үшінші елдермен диалогты дамытуға, сондай-ақ жаһандық экономикалық алаңдарда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мүдделерін ілгерілетуге басты назар аударылды. ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің 2026 жылға арналған негізгі бағыттарын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекітетін болады.