тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6914
29 қыркүйектің 2025
Бақытжан Сағынтаев "Иннопром" көрмесінің пленарлық сессиясына қатысты
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 29 қыркүйекте Минскіде Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД, Иран және Куба елдерінің Үкімет басшыларымен бірге "Иннопром. Беларусь" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі шеңберіндегі "Жаңа технологиялар одағы: болашақтың өнеркәсібін құру" пленарлық сессиясына қатысты.
29 қыркүйектің 2025
Бакытжан Сагинтаев Иннопромдун пленардык сессиясына катышты
Евразия экономикалык комиссиясынын Коллегиясынын Төрагасы Бакытжан Сагинтаев 29-сентябрда Минскте Евразия экономикалык бирлигинин, КМШнын, Ирандын жана Кубанын өлкөлөрүнүн Өкмөт башчылары менен биргеликте "Иннопром. Беларусь" эл аралык өнөр жай көргөзмөсүнүн алкагында "Жаңы технологиялар бирлиги: келечектин өнөр жайын түзүү" пленардык сессиясына катышты.
29 қыркүйектің 2025
Бақытжан Сағынтаев ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 29 қыркүйекте Минскіде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.
29 қыркүйектің 2025
"Иннопром. Беларусь" көрмесі шеңберінде ЕАЭО Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің отырысы болып өтті
Еуразиялық экономикалық одақтың Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің "Иннопром. Беларусь" көрмесі шеңберінде өткен отырысында ЕАЭО-да өнеркәсіптік кооперацияға қаржылай жәрдемдесу механизмін іске асыру барысы, Одақ мемлекеттерінің азаматтық авиация жасау, кеме жасау, теміржол жылжымалы құрамы мен жолаушы тасымалдайтын доңғалақты техника өндірісі саласындағы ынтымақтастығының перспективалық бағыттары, сондай-ақ "ЕАЭО өнеркәсібі" тақырыптық порталын құру талқыланды.
29 қыркүйектің 2025
Бақытжан Сағынтаев Иран Президенті Масуд Пезешкианды туған күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Иран Ислам Республикасының Президенті, Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекет басшысы Масуд Пезешкианды туған күнімен құттықтады.
26 қыркүйектің 2025
ЕЭК пен АСЕАН 2030 жылға дейінгі ынтымақтастық жоспарын айқындады
26 қыркүйекте Куала-Лумпурда (Малайзия) Ресей мен АСЕАН елдерінің Экономика министрлері консультациялар барысында Еуразиялық экономикалық комиссия мен Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы арасындағы диалогты дамытудың түйінді бағыттарын талқылады. Еуразиялық экономикалық комиссия атынан Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Микаел Беллуян өкілдік етті.
25 қыркүйектің 2025
Бақытжан Сағынтаев Алексей Оверчукпен жұмыс кездесуін өткізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 25 қыркүйекте ЕЭК штаб-пәтерінде Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары, ЕЭК Кеңесінің мүшесі Алексей Оверчукпен Еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.
25 қыркүйектің 2025
ЕЭК Одақ құқығын жетілдіру жұмысын жүргізуде
Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиевтің төрағалық етуімен 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру жөніндегі жинақтаушы жұмыс тобының отырысы болып өтті. Техникалық реттеу туралы, бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы, сатыпалымды реттеу тәртібі туралы хаттамаларға түзетулер қаралды. Бұлармен одан әрі жұмыс істеу нұсқалары тұжырымдалды. Сондай-ақ, ЕАЭО елдеріндегі кадрлық өзгерістерге байланысты жинақтаушы жұмыс тобының құрамы өзектілендірілді. Келесі отырыс 2025 жылғы IV тоқсанда өтеді. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру жөніндегі жинақтаушы жұмыс тобы 2016 жылы Одақ мемлекеттері мен Комиссияның шартқа өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарын қарау, оның ережелерін жақсарту жөніндегі бастамаларды әзірлеу және оны өзгерту туралы халықаралық шарттардың жобаларын дайындау үшін құрылды. Жұмыс тобы шеңберінде Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы бірқатар хаттама дайындалды, соның ішінде: "І Үлкен" хаттама — 2021 жылғы 15 шілдеде күшіне енді, "II Үлкен" хаттама — 2024 жылғы 12 ақпанда күшіне енді, "III Үлкен" хаттама — 2024 жылғы 25 сәуірде күшіне енді, "IV Үлкен" хаттамаға — 2025 жылғы 28 шілдеде қол қойылды, қазіргі уақытта Одаққа мүше мемлекеттер ратификациялау үстінде.
Тағы да көрсету