тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 3
16 қазанның 2025
ЕЭК Өзбекстанмен өзара саудадағы тосқауылдарды және оларды жою мүмкіндіктерін ЕАЭО елдерінің бизнесімен бірге талқылады
Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Өзбекстан Республикасымен салалық ынтымақтастықты дамыту, өзара саудадағы тосқауылдарды анықтау және жою бойынша семинар өтті. Оған Еуразиялық экономикалық одақ елдері билік органдарының, бизнесінің және сарапшылық қоғамдастығының өкілдері қатысты.
16 қазанның 2025
ЕЭК өткізу пункттерінде цифрлық технологияларды пайдалану туралы семинар ұйымдастырды
16 қазанда ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдовтың төрағалық етуімен "Интеллектуалдық өткізу пункттері. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кеден органдарындағы цифрландыру" халықаралық семинары болып өтті. Іс-шараға халықаралық ұйымдардың, ЕАЭО мемлекеттері мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметтерінің, навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалап отыру операторларының, бизнес пен іскерлік қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Семинарға қатысушылар кедендік шекарадағы интеллектуалдық өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға, халықаралық ынтымақтастыққа және таңдаулы әлемдік практиканы пайдалануға бағытталған қазіргі заманғы технологиялар мен шешімдерді талқылады. "Заттар интернетін, үлкен деректерді, жасанды интеллекті пайдалану және "ақылды" өткізу пункттерін құру сияқты жаңа үрдістер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтері үшін жаңа көкжиектер ашады. Бұл инновациялар кедендік бақылаудың сапасы мен тиімділігін арттыра отырып, сыртқы экономикалық қызметтің адал және заңға бағынатын қатысушыларына жәрдемдесе отырып, тауарлардың шекара арқылы өтуін жеделдетуге мүмкіндік береді", – деп атап көрсетті Руслан Давыдов. ЕЭК кеден блогының басшысы Комиссияға Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерін жабдықтауға және жайластыруға қойылатын типтік талаптарды бекіту құзыреті берілгенін еске салды. Қазіргі уақытта қолданыстағы талаптарды өзектілендіру бойынша, соның ішінде жоғарыда көрсетілген озық технологияларды қолдану қажеттігін ескере отырып, белсенді жұмыс жүргізілуде. "Біздің көршілеріміз осыған ұқсас бағытта қозғалып келеді, бүкіл әлем қозғалуда. Бақылау рәсімдерін автоматтандыру – бұл мемлекеттер үшін, жеке ойыншылар үшін — екі жаққа да қолайлы процесс, нәтижесінде біздің Одақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырады", — деп атап өтті Руслан Давыдов.
16 қазанның 2025
Минскіде ЕАЭО-дағы стандарттауды дамытудың перспективалары талқыланды
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Максим Ким Минскіде өткен Дүниежүзілік стандарттау күніне арналған конференцияда техникалық реттеу саласындағы міндетті талаптардың бірыңғай базасын қалыптастыру мен жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақта стандарттауды дамыту перспективалары туралы айтып берді.