Жаңалықтар

30 майдың 2025 Максим Ермолович: "Бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулері әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатты тұжырымдауға көмектеседі" Еуразиялық экономикалық комиссия Мысырдың бәсекелестік ведомствосының қолдауымен Каирде бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдар өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Оған ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович қатысты. ЕЭК бейіндік блогының бастамасы бойынша дәстүрге айналған мұндай іс-шаралар халықаралық өңірлік ұйымдарға өзекті мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық жасауға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға көмектеседі. Бәсекелестікті тиімді реттеу практикасы осы бесінші кездесуге қатысушылардың басты назарында болды. "Біз өңірлік ынтымақтастықтың артықшылықтарын ілгерілетеміз, өңіраралық диалогты нығайтамыз және кеңейтеміз, озық бәсекелестік практиканы әр өңірдің қажеттіліктеріне бейімдейміз, жаңа идеялар қалыптастырамыз, бұл сайып келгенде әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатқа алып келеді", – деп санайды Максим Ермолович.    ЕЭК бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулерін өткізуді жалғастыратын болады. Бесінші кездесуге Мысыр бәсекелестік ведомствосының төрағасы, ЮНКТАД, Шығыс және Оңтүстік Африканың Ортақ нарығы, Шығыс Африка қоғамдастығы, Батыс Африка экономикалық және валюта одағы, Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастығы, Араб бәсекелестік желісі, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы, БРИКС және Кариб қоғамдастығы өкілдері қатысты.
15 майдың 2025 Арзыбек Кожошев Жаһандық логистикалық альянстың президенті Грейс Санмен кездесті 15-18 мамырда Дубайда (БАӘ) өткен 12-ші Жаһандық логистикалық конференция аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтің Жаһандық логистикалық альянстың президенті Грейс Санмен жұмыс кездесуі болып өтті. Кездесу барысында тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады және Конференцияның дәстүрлі алаңы Еуразиялық көлік дәліздерін дамытуға және ЕАЭО елдерінің көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруына ықпал ететінін атап өте келіп, бұдан арғы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын баса көрсетті. "Еуразиялық экономикалық комиссия диалогқа, әріптестікке және тәжірибе ауысуға ашық.  Біз сіздерді стратегиялық бастамалар деңгейінде де, нақты жобалар шеңберінде де белсенді өзара іс-қимылға шақырамыз", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Сондай-ақ, тараптар мүдделі мемлекеттік органдарды, халықаралық ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықты тарта отырып, кезекті Жаһандық логистикалық конференцияны Астанада (Қазақстан Республикасы) өткізу мүмкіндігін талқылады.
15 майдың 2025 ЕАЭО — Иран: еркін сауда туралы толық форматты келісім күшіне енді 2025 жылғы 15 мамырда Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер мен екінші жағынан Иран Ислам Республикасы арасында Еркін сауда туралы толық форматты келісім күшіне енді. Ол 2019 жылдан бастап қолданыста болған тауарлық қамтуы шектеулі уақытша келісімді ауыстырады және ЕАЭО елдерінің өндірушілері үшін Иран нарығына қол жеткізудің бірегей жағдайын жасайды.  Мәселен, Одақтан Иранға жеткізілетін тауарларға қатысты кедендік әкелу бажының орташа ставкасы 20%-дан 4,5%- ға дейін төмендейді. "Толық форматты келісімді имплементациялау шеңберінде тараптар 2025 жылдың екінші жартысына жоспарланған Бірлескен комитеттің бірінші отырысын ұйымдастыруға кірісті, оның барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың нақты мәселелерін талқылау жоспарлануда", — деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Жаңа келісім ЕАЭО мен Иранның барлық тауар номенклатурасының 90%-на қатысты преференциялық қолжетімділік бойынша өзара міндеттемелерін бекітеді.  Уақытша келісіммен салыстырғанда толық форматты келісімде тараптар арасында тосқауылсыз сауда кеңістігін құруға бағытталған реттеуші бөлім айтарлықтай жақсартылды.  Сарапшылардың бағалауы бойынша, оны іске асыру ЕАЭО мен Иран арасындағы тауар айналымын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді, ол орташа мерзімді перспективада 12 млрд долл. жетуі мүмкін.
15 майдың 2025 ЕЭК Өзбекстанмен тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласында өзара іс-қимылды дамытады Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Өзбекстан Үкіметімен өзара іс-қимыл туралы меморандумның және 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралардың тиісті жоспарының шеңберінде ұйымдастырған Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттық және қоғамдық денсаулық комитетінің өкілдерімен семинар болып өтті. Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Өзбекстанның уәкілетті мемлекеттік органдарының және бірқатар ғылыми ұйымдарының өкілдері өзара сауда кезінде тамақ және басқа да өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талқылады. "Біздің Өзбекстан Республикасынан келген әріптестерімізбен кездесулеріміз тұрақты сипат ала бастады. Олар көптеген пайдалы ақпарат алуға, бейіндік мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді", — деп атап өтті ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Владимир Синкевич. Департамент директорының орынбасары Салия Карымбаева өзбек әріптестерін ЕАЭО-дағы өнім қауіпсіздігінің санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарын өзектілендіруге орайлас тәсілдемелер туралы хабардар етті. Өз кезегінде өзбек тарапы Комиссиясының нормаларына сәйкес Өзбекстан Республикасында тамақ қауіпсіздігі жүйесін реформалау бойынша "Кодекс Алиментариус" таныстырылымын ұсынды. Семинар аясындағы өзара іс-қимыл ЕЭК-тің, Өзбекстан мен Одақ елдерінің тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерінің ынтымақтастығын дамытудағы, тауарлар айналысын қадағалау, осы саладағы ғылыми әлеуетті іске асыру жөнінде бірлескен тәсілдемелерді әзірлеудегі тағы бір маңызды қадам болды. "Өзбекстан мен ЕАЭО мемлекеттерінің бірлескен зерттеулері барлық елдің санитариялық органдар жүйесі жұмысының негізінде жатқан қағидатты — әрбір адамның денсаулығы мен өмірінің басымдығын және тұтастай қоғамның әл-ауқатын іске асыруға бағытталатын болады",-деп атап көрсетті Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттық және қоғамдық денсаулық комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нұрмат Атабеков. Семинар қорытындысы бойынша ЕАЭО шеңберінде, соның ішінде байқаушы мемлекеттердің қатысуымен бірлескен шешімдерді іске асыру үшін осындай форматтағы іс-шараларды өткізу қажеттігі атап өтілді.
15 майдың 2025 Михаил Черекаев "Ресей – Ислам әлемі" форумында ЕЭК-тің еркін сауда туралы келісімдер бойынша жұмысы жайында айтты Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Михаил Черекаев Қазанда Еуразиялық бизнес қауымдастығы ұйымдастырған "Ресей – Ислам әлемі" халықаралық экономикалық форумы шеңберінде "Еуразиялық әріптестік: өңіраралық ынтымақтастық арқылы экономикалық өсу драйверлері" сессиясына қатысты. ЕЭК өкілі Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Комиссияның преференциялық сауда келісімдерін жасасу жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы, атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктерімен және Индонезия Республикасымен келіссөздер туралы хабарлады. Михаил Черекаев Иран Ислам Республикасымен табысты ынтымақтастық туралы жеке тоқталып айтып өтті. "Біз іскер топтармен өзара іс-қимылды тереңдетуге үлкен мән береміз. Бұл еркін сауда туралы келісімдер жасасу бойынша жаңа әріптестермен келіссөздер жүргізу үшін позицияны қалыптастыру кезеңінде де, болулы проблемалар немесе тосқауылдар туралы хабардар ету бөлігінде қазірдің өзінде қолданыстағы келісімдерді имплементациялау барысында да маңызды", – деп атап өтті ЕЭК Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары.
14 майдың 2025 Андрей Слепнев: «ЕАЭО мен Моңғолия уақытша сауда келісімі бойынша келіссөздерді аяқтады және оған қол қоюдың рәсімдерін іске қосты" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімінің жобасын мақұлдады және оны мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберді. "Моңғол тарапымен өткізілген қосымша консультациялардың қорытындысы бойынша әріптеспен уақытша сауда келісіміне қол қою үшін қажетті рәсімдер іске қосылды. Құжат әр тараптан 367 тауарлық қосалқы позицияны қамтиды", – деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Ол келісімге қол қойылғаннан кейін және күшіне енген соң ЕАЭО елдері астық (бидай, арпа, жүгері), ет өнімдері (шошқа еті, тауық еті), сүт өнімдері (құрғақ сүт, йогурт, ірімшік, май), бал, өсімдік майлары (күнбағыс және соя), қант, металлургия өнімдері (ферроқорытпалар, ГК прокаты, ХК прокаты, шыбықшалар, бұрыштықтар, құбырлар және т. б.), моторлы көлік құралдары (автомобильдер, автобустар, жүк көліктері, арнаулы техника, автокомпоненттер, тіркемелер және т. б.), химия өнеркәсібі өнімдері (полимерлер, пластикалық плиталар мен бөлшектер), шиналар және т. б. сияқты қағидатты позициялар бойынша Моңғолия нарығына пұрсаттылықпен қол жеткізе алатынын нақтылай айтып өтті "Сондай-ақ, біз олардың экспорттық қызығушылығындағы түйінді тауарларын: ет-сүт өнімдерін (жылқы етін, ірі қара етін, қой етін, ет консервілерін, қосалқы өнімдерді, йогуртты, ірімшікті және т. б.), жеңіл өнеркәсіп өнімдерін (атап айтқанда, жүнді, жіпті, сондай-ақ дайын трикотаж және тоқыма киімдерін) қоса, моңғол тауарларының өз нарығымызға келуін құптаймыз", – деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Андрей Слепнев уақытша сауда келісімін жасасу өзара сауданың одан әрі өсуі үшін қолайлы жағдайлар туғызатынына және тұтастай алғанда ЕАЭО мемлекеттерінің Моңғолиямен дәстүрлі достық қатынастарын нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Тағы да көрсету