тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Комиссия
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6569
30 майдың 2025
ЕЭК-те ЕАЭО-дағы кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды
30 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдовтың төрағалық етуімен кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының отырысы болып өтті. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы контейнерлердің оңайлатылған өткізілуіне қатысты түзетулер талқыланды. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолданудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ балық аулау және балық өнімдері туралы мәліметтермен алмасу мәселелері қаралды. Жұмыс тобының қатысушылары неғұрлым тұйықты мәселелер бойынша талқылауды жалғастыра түсуге уағдаласты. Жұмыс тобының келесі отырысын осы жылғы мамыр айында көзбе-көз форматта өткізу жоспарланған.
30 майдың 2025
Максим Ермолович: "Бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулері әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатты тұжырымдауға көмектеседі"
Еуразиялық экономикалық комиссия Мысырдың бәсекелестік ведомствосының қолдауымен Каирде бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдар өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Оған ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович қатысты. ЕЭК бейіндік блогының бастамасы бойынша дәстүрге айналған мұндай іс-шаралар халықаралық өңірлік ұйымдарға өзекті мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық жасауға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға көмектеседі. Бәсекелестікті тиімді реттеу практикасы осы бесінші кездесуге қатысушылардың басты назарында болды. "Біз өңірлік ынтымақтастықтың артықшылықтарын ілгерілетеміз, өңіраралық диалогты нығайтамыз және кеңейтеміз, озық бәсекелестік практиканы әр өңірдің қажеттіліктеріне бейімдейміз, жаңа идеялар қалыптастырамыз, бұл сайып келгенде әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатқа алып келеді", – деп санайды Максим Ермолович. ЕЭК бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулерін өткізуді жалғастыратын болады. Бесінші кездесуге Мысыр бәсекелестік ведомствосының төрағасы, ЮНКТАД, Шығыс және Оңтүстік Африканың Ортақ нарығы, Шығыс Африка қоғамдастығы, Батыс Африка экономикалық және валюта одағы, Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастығы, Араб бәсекелестік желісі, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы, БРИКС және Кариб қоғамдастығы өкілдері қатысты.
15 майдың 2025
Арзыбек Кожошев Жаһандық логистикалық альянстың президенті Грейс Санмен кездесті
15-18 мамырда Дубайда (БАӘ) өткен 12-ші Жаһандық логистикалық конференция аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтің Жаһандық логистикалық альянстың президенті Грейс Санмен жұмыс кездесуі болып өтті. Кездесу барысында тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады және Конференцияның дәстүрлі алаңы Еуразиялық көлік дәліздерін дамытуға және ЕАЭО елдерінің көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруына ықпал ететінін атап өте келіп, бұдан арғы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын баса көрсетті. "Еуразиялық экономикалық комиссия диалогқа, әріптестікке және тәжірибе ауысуға ашық. Біз сіздерді стратегиялық бастамалар деңгейінде де, нақты жобалар шеңберінде де белсенді өзара іс-қимылға шақырамыз", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Сондай-ақ, тараптар мүдделі мемлекеттік органдарды, халықаралық ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықты тарта отырып, кезекті Жаһандық логистикалық конференцияны Астанада (Қазақстан Республикасы) өткізу мүмкіндігін талқылады.
15 майдың 2025
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы басқармасының төрағасы Светлана Гусармен келіссөздер жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы (ЕҚК) басқармасының төрағасы Светлана Гусармен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің саудасын ынталандыру үшін сақтандыру қызметі саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар жұмыс бабында байланысуды жалғастыруға және практикалық өзара іс-қимылды дамытуға келісті. ЕҚК-ны ЕАЭО елдері Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы 2022 жылғы 20 қазандағы келісім (2023 жылғы 22 қарашада күшіне енді) негізінде құрды.
15 майдың 2025
ЕАЭО — Иран: еркін сауда туралы толық форматты келісім күшіне енді
2025 жылғы 15 мамырда Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер мен екінші жағынан Иран Ислам Республикасы арасында Еркін сауда туралы толық форматты келісім күшіне енді. Ол 2019 жылдан бастап қолданыста болған тауарлық қамтуы шектеулі уақытша келісімді ауыстырады және ЕАЭО елдерінің өндірушілері үшін Иран нарығына қол жеткізудің бірегей жағдайын жасайды. Мәселен, Одақтан Иранға жеткізілетін тауарларға қатысты кедендік әкелу бажының орташа ставкасы 20%-дан 4,5%- ға дейін төмендейді. "Толық форматты келісімді имплементациялау шеңберінде тараптар 2025 жылдың екінші жартысына жоспарланған Бірлескен комитеттің бірінші отырысын ұйымдастыруға кірісті, оның барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың нақты мәселелерін талқылау жоспарлануда", — деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Жаңа келісім ЕАЭО мен Иранның барлық тауар номенклатурасының 90%-на қатысты преференциялық қолжетімділік бойынша өзара міндеттемелерін бекітеді. Уақытша келісіммен салыстырғанда толық форматты келісімде тараптар арасында тосқауылсыз сауда кеңістігін құруға бағытталған реттеуші бөлім айтарлықтай жақсартылды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, оны іске асыру ЕАЭО мен Иран арасындағы тауар айналымын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді, ол орташа мерзімді перспективада 12 млрд долл. жетуі мүмкін.
15 майдың 2025
ЕЭК Өзбекстанмен тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласында өзара іс-қимылды дамытады
Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Өзбекстан Үкіметімен өзара іс-қимыл туралы меморандумның және 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралардың тиісті жоспарының шеңберінде ұйымдастырған Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттық және қоғамдық денсаулық комитетінің өкілдерімен семинар болып өтті. Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Өзбекстанның уәкілетті мемлекеттік органдарының және бірқатар ғылыми ұйымдарының өкілдері өзара сауда кезінде тамақ және басқа да өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талқылады. "Біздің Өзбекстан Республикасынан келген әріптестерімізбен кездесулеріміз тұрақты сипат ала бастады. Олар көптеген пайдалы ақпарат алуға, бейіндік мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді", — деп атап өтті ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Владимир Синкевич. Департамент директорының орынбасары Салия Карымбаева өзбек әріптестерін ЕАЭО-дағы өнім қауіпсіздігінің санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарын өзектілендіруге орайлас тәсілдемелер туралы хабардар етті. Өз кезегінде өзбек тарапы Комиссиясының нормаларына сәйкес Өзбекстан Республикасында тамақ қауіпсіздігі жүйесін реформалау бойынша "Кодекс Алиментариус" таныстырылымын ұсынды. Семинар аясындағы өзара іс-қимыл ЕЭК-тің, Өзбекстан мен Одақ елдерінің тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерінің ынтымақтастығын дамытудағы, тауарлар айналысын қадағалау, осы саладағы ғылыми әлеуетті іске асыру жөнінде бірлескен тәсілдемелерді әзірлеудегі тағы бір маңызды қадам болды. "Өзбекстан мен ЕАЭО мемлекеттерінің бірлескен зерттеулері барлық елдің санитариялық органдар жүйесі жұмысының негізінде жатқан қағидатты — әрбір адамның денсаулығы мен өмірінің басымдығын және тұтастай қоғамның әл-ауқатын іске асыруға бағытталатын болады",-деп атап көрсетті Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттық және қоғамдық денсаулық комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нұрмат Атабеков. Семинар қорытындысы бойынша ЕАЭО шеңберінде, соның ішінде байқаушы мемлекеттердің қатысуымен бірлескен шешімдерді іске асыру үшін осындай форматтағы іс-шараларды өткізу қажеттігі атап өтілді.
15 майдың 2025
Михаил Черекаев "Ресей – Ислам әлемі" форумында ЕЭК-тің еркін сауда туралы келісімдер бойынша жұмысы жайында айтты
Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Михаил Черекаев Қазанда Еуразиялық бизнес қауымдастығы ұйымдастырған "Ресей – Ислам әлемі" халықаралық экономикалық форумы шеңберінде "Еуразиялық әріптестік: өңіраралық ынтымақтастық арқылы экономикалық өсу драйверлері" сессиясына қатысты. ЕЭК өкілі Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Комиссияның преференциялық сауда келісімдерін жасасу жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы, атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктерімен және Индонезия Республикасымен келіссөздер туралы хабарлады. Михаил Черекаев Иран Ислам Республикасымен табысты ынтымақтастық туралы жеке тоқталып айтып өтті. "Біз іскер топтармен өзара іс-қимылды тереңдетуге үлкен мән береміз. Бұл еркін сауда туралы келісімдер жасасу бойынша жаңа әріптестермен келіссөздер жүргізу үшін позицияны қалыптастыру кезеңінде де, болулы проблемалар немесе тосқауылдар туралы хабардар ету бөлігінде қазірдің өзінде қолданыстағы келісімдерді имплементациялау барысында да маңызды", – деп атап өтті ЕЭК Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары.
15 майдың 2025
Эльдар Алишеров Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаттарымен кездесті
Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Эльдар Алишеровтің Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші депутаттарымен кездесуінде Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ бойынша әріптестерімен экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту талқыланды. Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыруға және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясына баса назар аударылды. Кездесуге сондай-ақ ЕЭК Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Алексей Ведев қатысты, ол 2024 жылы Қырғызстан әлемдік орташа деңгейден (3,2%) бірнеше есе асып түсетін экономикалық өсудің жоғары қарқыны — 9%-ға қол жеткізгенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл ұлттық деңгейде қабылданған шаралар мен макроэкономикалық басқару сапасының, сондай-ақ экономикалық дамудың орнықтылығы мен теңгерімділігін арттырудың нәтижесі болып табылады. ЕЭК-тің бағалауы бойынша, экономикалық өсу жоғары инвестициялық белсенділікке және көлеңкелі экономика деңгейінің төмендеуіне негізделген. Баға тұрақтылығы қамтамасыз етілді: тұтыну бағасының өсуі 6,3% құрады, бұл инфляция бойынша орташа мерзімді нысаналы бағдарға сәйкес келеді. Бюджеттік және борыштық орнықтылық өсті: бюджет профицитпен орындалды, ал мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге қатысты деңгейі айтарлықтай төмендеді. Қабылданып жатқан шаралар оң макроэкономикалық динамиканы сақтауға мүмкіндік береді — мұны 2025 жылғы I тоқсандағы Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының Комиссия өткізген мониторингінің қорытындылары растайды.
Тағы да көрсету