Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
27 маусымның 2025
ЕАЭО-да 2023-2024 жылдардағы қызметтер саудасын реттеу ережелерін сақтау қорытындысы шығарылды
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес елдердің үкіметтері және Еуразиялық экономикалық комиссия дайындаған Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің 2023-2024 жылдары көрсетілген қызметтер саудасын, мекеме мен қызметті реттеу қағидаларын орындауға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы баяндаманы қарады. Баяндамада ережелерді сақтаудың негізгі аспектілері, атап айтқанда, мемлекеттерде кәсіпкерлер үшін қолайлы рәсімдерді қолдану көрсетілген. Олардың ішінде – реттеуші әсерді бағалау (РӘБ), «үндемеу – көнгендіктің белгісі» қағидатын қолдану және бизнесті тексеру кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу. «Біз қатысушы елдердің өз заңнамасына Ережелерді енгізудегі оң динамикасын көріп отырмыз. Баяндама құжатта көзделген шарттарды іске асыру 100 пайызға дейін жететінін растайды. Бұл Одақ шеңберінде бизнес үшін ашық және жайлы жағдай жасаудың маңызды қадамы», — деп атап өтті ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов. ЕЭК министрі «үндемеу – көнгендіктің белгісі» қағидатын енгізудің маңыздылығына назар аударды, оған сәйкес мемлекеттің құзыретті органы белгіленген мерзімде өтініш берушіге тиісті рұқсат беруі немесе дәлелді бас тартуды ұсынуы тиіс, әйтпесе өтініш беруші жүзеге асыру үшін өтініш берілген қызметке автоматты түрде құқық алады. 2023 – 2024 жылдарға, сондай-ақ өткен кезеңдерге арналған баяндамамен Комиссияның сайтында оқып танысуға болады.
27 маусымның 2025
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес ЕАЭО-дағы қызметтердің жекелеген секторларын ырықтандыру туралы баяндаманы мақұлдады
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО аясында қызметтердің жекелеген секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы баяндама қабылданды. Баяндамада туризм, метеорология, маркшейдерлік жұмыстар, бағалау қызметі, құрылыс және кинематография сияқты бағыттар бойынша 2024 жылғы мониторинг нәтижелері ұсынылған. Әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімдерді әзірлеуді аяқтау, сондай-ақ осы секторлардағы реттеуді үйлестіру үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу мәселелері атап өтілді. «Баяндаманы қабылдау біздің кедергісіз қызметтердің бірыңғай нарығын құруға деген ортақ міндеттемемізді растайды. Негізгі секторларды ырықтандыру бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және Одақ елдері арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды нығайтады. Қазір нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында әдістемелік тәсілдерді келісуге көңіл бөлу аса маңызды», — деп түсіндірді Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов.
26 маусымның 2025
«Жасыл Еуразия» үшінші халықаралық климаттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды
26 маусымда Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен Жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігі (СБА) ұйымдастырған «Жасыл Еуразия» үшінші халықаралық климаттық конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурстың негізгі міндеттері – Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің тұрақты дамуына бағытталған жасыл күн тәртібіндегі технологиялық көшбасшыларды анықтау және климаттық митигация және бейімделу бойынша тиімді тәжірибелерді дәріптеу. «Конкурстың жылдан жылға өркендеп келе жатқаны қуантады. Биыл бізде ЕАЭО мен Еуразия құрлығынан басқа, 16 қатысушы ел бар. Атап айтқанда, конкурсқа бірнеше Африка мемлекеттері қатысты», – деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев. Ол климаттық тәжірибелер экономикалық даму идеяларына сәйкес келуі үшін бәсекелестік бастаманың, экологиялық тазалықтың және экономикалық тиімділіктің үйлесіміне негізделгенін атап өтті. Конкурстың маңызды шарты – қатысушылар ұсынған шешімдер ортақ игілікке айнала отырып, қайталануы мүмкін. 2025 жылы конкурстың лауреаты ретінде 41 қатысушы анықталды, олар: Ресейден - 25, бесеуі Беларусьтен, екеуі Қытай мен Үндістаннан, біреуі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Молдова, Эфиопия және Сенегал елдерінен болды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар халықаралық кооперациялық құрамдас бөлігі бар жобаларды, яғни оларды іске асыруға бірнеше мемлекет қатысқанын атап өтіп, «Еуразиялық перспектива» санатындағы екі өтпелі тәжірибені бөліп көрсетті. Сол күні «Жасыл Еуразия» конкурсы жобаларының таныстырылымы өтті, оның аясында сарапшылар құрамы конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тәжірибесін бағалады. Үшінші «Жасыл Еуразия» конкурсына Армения, Беларусь, Болгария, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Ресей, Сенегал, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Эфиопия, Оңтүстік Африка елдерінен 295 өтінім қатысты. Климаттық митигация және бейімделу бойынша ең тиімді тәжірибелерді сараптамалық бағалау және іріктеу 10 номинация бойынша өтті.
26 маусымның 2025
Арзыбек Қожошев: «Бүгінгі таңда көлік жұмысқа, оқуға, әлеуметтік өмірге қол жеткізудің негізгі шарты болып табылады»
Көлік саласындағы интеграцияның Еуразияның орнықты дамуын қамтамасыз етуге тигізетін әсері «Үлкен Еуразия аймағындағы орнықты көлік: ұтқырлық, мультимодальдық және цифрландыру» атты сессиясының басты тақырыбына айналды. Іс-шара Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум алаңында өтті. «Көлік және инфрақұрылым халықтың барлық топтары, соның ішінде шалғай аудандардың тұрғындары үшін әділ баға белгілеу кезінде қолжетімді болуы тиіс», – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев. Сөз сөйлеу барысында цифрлық технологияларды, инфрақұрылымды, халықаралық көлік дәліздерін, контейнерлік және мультимодальды тасымалдарды дамыту егжей-тегжейлі қаралды. Энергия тиімділігін арттыру, қоршаған ортаның ластануын азайту, көліктің шамадан тыс жүктелуі мәселелері талқыланды. «ЕАЭО тұрақты көлік қағидаттарын іске асыруға дәйекті және серпінді түрде көшуде. Фокус Одақ транзитін пайдалану тиімділігін арттыруға, зияткерлік көлік жүйелерін дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған», деп атап өтті ЕЭК министрі. Пікірталас алаңы мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Сессия спикерлері Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігінің, Беларусь Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үйлестіру көлік кеңесінің атқарушы комитетінің басшылары, Иран өкілдері болды.
26 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен келіссөздер жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында Мемлекеттік әкімшілік кеңестің төрағасы, Мьянма Одағы Республикасының Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Өзара іс-қимыл туралы меморандумға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ пен Мьянма елдерінің ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. «Меморандумға қол қойылған сәттен бастап біздің ынтымақтастық жөннідегі экономикалық күн тәртібінің кең ауқымы бойынша оң динамика байқалады. ЕАЭО мемлекеттерінің Мьянмамен тауар айналымы 2019 жылдан 2024 жылға дейін үш еседен аса ұлғайып, 1,5 млрд доллардан асты», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. ЕЭК Алқасының басшысы Тараптардың бір-бірінің сауда-экономикалық мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру өзара іс-қимылды дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев пен Мин Аун Хлайн ЕАЭО мен Мьянма диалогына қосымша серпінді іскер топтар арасындағы өзара іс-қимыл қамтамасыз етеді деген ортақ пікірге келді. Бұл ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. ЕАЭО елдеріне Мьянмадан тасымалданатын негізгі тауар түрлері күріш, кофе, пальма майы, какао атбас бұршақтары болып табылады. Мьянмаға импортталатын тауаралар ішінде минералды тыңайтқыштар, тұтыну тауарлары, машиналар мен жабдықтар, металдар, тамақ майлары, цемент, дәрі-дәрмектер басым болып келеді.
26 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: «Біздің міндет – ЕАЭО-дағы барлық процесті жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз ету»
26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форумда «Еуразиялық экономикалық интеграция стратегиясы: қорытындылар және перспективалар» атты пленарлық отырысы болды. Іс-шараның негізгі спикерлері Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекет басшылары: Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев болды. Форумға құрметті қонақ ретінде Куба Республикасының Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Мьянма Одағы Республикасының Премьер-министрі Мин Аун Хлайн, Никарагуа Республикасының Беларусь Республикасымен жұмыс жүргізу жөніндегі тең Президенттерінің арнайы өкілі Лауреано Ортега Мурильо қатысты. ЕЭК Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев форумда Одақтың жұмыс істеу қорытындыларын және интеграцияны одан әрі дамыту перспективаларын ұсынды. «Еуразиялық экономикалық одақ өзі құрылған сәттен бастап тұрақты даму серпінін көрсетіп келеді. Он жыл ішінде ЕАЭО елдерінің жиынтық ЖІӨ шамамен 18%-ға, яғни 2014 жылғы 1,6 трлн доллардан 2024 жылы 2,6 трлн долларға дейін өсті. Одақтың әлемдік экономикадағы үлесі 4,2%-ға дейін артты. Өзара тауар айналымы екі есеге артып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 100 млрд долларға жетті. Бұл ретте есеп айырысулардың 93% ұлттық валютада жүргізіледі. ЕАЭО елдері арасындағы қызметтер экспорты 86%-ға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 3% дейін төмендеді», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Интеграциялық бірлестік қызметінің маңызды қорытындыларының ішінде ЕЭК Алқасының басшысы еңбек нарығында ырықтандырудың жоғары дәрежеге қол жеткізгенін, экономиканың 142 секторында көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығының қолданылуын, саудадағы 100-ден астам кедергілердің жойылғанын, 52 техникалық регламенттің қабылданғанын, азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің 92% жеткенін атады. Экономиканың нақты секторларын дамыту үшін өнеркәсіпте кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмі іске қосылды. Цифрлық трансформацияның жоғары қарқынын ескере отырып, экономиканың барлық салаларында бірыңғай цифрлық кеңістікті құру бойынша жұмыс жалғасуда. «Бұл мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуге ықпал етеді. Біздің міндет – барлық процесті жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз ету. Кедендік рәсімдерді цифрландыру, мысалы, тауарларды шығару мерзімін алты есеге қысқартты», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Он жыл ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық аренадағы позициясы айтарлықтай нығайды. Бұған сыртқы сауда айналымының 40%-ға өскені дәлел болып табылады. «Біз Одақтың ортақ нарығын негізгі тауарлармен және ресурстармен қамтамасыз ету; көліктік-логистикалық әлеуетті және кооперациялық ынтымақтастықты дамытуды ынталандыру сияқты бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруымыз керек. Біз интеграциялық ынтымақтастық тәжірибесін, ұлттық мүдделерді және ЕАЭО туралы шарттың іргелі негіздерін ескеретін боламыз», — деп түйіндеді ЕЭК Алқасының төрағасы.
26 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: «ЕАЭО аясында жыл сайын бизнес-құрылымдар бастамаларының 60%-дан астамы қабылданады»
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңесінің отырысына қатысты. «Комиссияның жұмысы тұтастай алғанда біздің елдеріміздің кәсіпкерлерінің Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін барынша тиімді пайдалануы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Біз іскер қоғамдастықпен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев іс-шараға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде. ЕЭК Алқасының басшысы ЕАЭО аясында қомақты нормативтік-құқықтық база құрылғанын, экономиканың түрлі салаларында ұзақ мерзімді басымдықтар айқындалғанын, бұл бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл ретте Комиссияның Одақ елдерімен бірлесіп қалыптастырған Консультативтік кеңесті қоса алғанда, іскер топтармен өзара іс-қимылы механизмдері олардың мүдделерін барынша ескеруге көмектеседі. «Консультативтік кеңестің құрылуы «бір терезе» аясында кәсіпкерлермен қарым-қатынастың жаңа форматына көшуге ықпал етті. Қазір біздің диалог бизнес сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Осы арқылы жыл сайын Одақ аясында бизнес-құрылым бастамаларының 60%-дан астамы қабылданады және реттеуге енгізіледі», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Отырыс барысында еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелері, оның ішінде ЕАЭО-ның өнеркәсіптік саясат құралдары туралы іскер топтардың хабардар болу деңгейін арттыру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды жетілдіру мәселелері талқыланды. Консультативтік кеңес қызметінің мақсаты – ЕЭК-тің құзыретіне кіретін салаларда кәсіпкерлікті дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындау бойынша Комиссияның және ЕАЭО Іскерлік кеңесінің тиімді диалогын қамтамасыз ету.
26 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: «ЕАЭО және АӨСШК елдерінің сауда-экономикалық диалогының маңыздылығы артып келеді»
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында ЕЭК пен АӨСШК арасындағы кейінгі диалог, атап айтқанда, Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде іс-шаралар жоспарын дайындау мәселелері талқыланды. «Біз өзара мүдделерді ескере отырып, бірлескен қызметіміздің барлық перспективалық бағыттарын жоспарға енгіземіз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Бұл ретте ЕЭК Алқасының басшысы өңірдегі бірлескен бастамаларды ілгерілетуге баса назар аударуды ұсынды. Еуразиялық экономикалық комиссия мен АӨСШК арасындағы ынтымақтастық жаһандық экономикалық процестер жағдайында өзектілігін арттыруда. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамыту үшін тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға келісті. ЕЭК пен АӨСШК Хатшылығы арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға 2022 жылы қол қойылған болатын.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы