тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6864

25 қыркүйектің 2025 ЕЭК Одақ құқығын жетілдіру жұмысын жүргізуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиевтің төрағалық етуімен 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру жөніндегі жинақтаушы жұмыс тобының отырысы болып өтті. Техникалық реттеу туралы, бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы, сатыпалымды реттеу тәртібі туралы хаттамаларға түзетулер қаралды. Бұлармен одан әрі жұмыс істеу нұсқалары тұжырымдалды. Сондай-ақ, ЕАЭО елдеріндегі кадрлық өзгерістерге байланысты жинақтаушы жұмыс тобының құрамы өзектілендірілді. Келесі отырыс 2025 жылғы IV тоқсанда өтеді. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру жөніндегі жинақтаушы жұмыс тобы 2016 жылы Одақ мемлекеттері мен Комиссияның шартқа өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарын қарау, оның ережелерін жақсарту жөніндегі бастамаларды әзірлеу және оны өзгерту туралы халықаралық шарттардың жобаларын дайындау үшін құрылды. Жұмыс тобы шеңберінде Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы бірқатар хаттама дайындалды, соның ішінде: "І Үлкен" хаттама — 2021 жылғы 15 шілдеде күшіне енді, "II Үлкен" хаттама — 2024 жылғы 12 ақпанда күшіне енді, "III Үлкен" хаттама — 2024 жылғы 25 сәуірде күшіне енді, "IV Үлкен" хаттамаға — 2025 жылғы 28 шілдеде қол қойылды, қазіргі уақытта Одаққа мүше мемлекеттер ратификациялау үстінде. 
25 қыркүйектің 2025 ЕЭК-те ЕАЭО елдері мен Иран маркетплейстерінің ынтымақтастық бағыттары талқыланды Еуразиялық экономикалық комиссияда Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Иран Ислам Республикасының электрондық сауда алаңдары арасындағы ықтимал ынтымақтастықты талқылау бойынша консультациялар болып өтті. Кездесуге қатысушылар, тараптардың ірі маркетплейстерінің өкілдері электрондық сауда бүгінде еларалық тауар айналымы өсуінің мағыналы драйвері болып табылатынын атап өтті, интернет-сауда шеңберінде әріптестікті іске асыруға мүдделілікті растады, өзара іс-қимылдың ықтимал форматтары мен бағыттарын және технологиялық интеграцияның әлеуетін талқылады. "ЕАЭО мемлекеттері мен Иран электрондық сауда саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие, оның елдердегі айналымы жыл сайын қарқынды өсіп келе жатыр. Осы саладағы бизнестің өзара іс-қимылы тосқауылсыз сауда кеңістігін қалыптастыруға ықпал ететін болады", — деп атап көрсетті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары Аскат Беков. Консультациялар Иран Ислам Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енген Еркін сауда туралы келісімді іске асыру жөніндегі жол картасының іс-шараларын имплементациялау шеңберінде жүргізіледі. 
23 қыркүйектің 2025 ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану басталады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес тасымалдарды бақылауды енгізу туралы шешім қабылдады. Шешім 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді. «Келісімде тауарлардың санаттары мен пайдаланылатын көлік түрлерін ескере отырып, қадағалау тетігін біртіндеп енгізу көзделген. Іске асыру үш кезеңге бөлінді, олардың жалпы ұзақтығы 1,5 жылды құрайды», — деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов. Бірінші кезеңде 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап навигациялық пломбалар мыналарға қатысты қолданылатын болады: – транзиттің, экспорттың кедендік рәсімдеріне сәйкес автомобиль және (немесе) теміржол көлігі түрлерімен тасымалданатын, сондай-ақ өзара сауда аясында мүше мемлекеттер арасында тасымалданатын санкциялық және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері, оның ішінде алкоголь мен темекі; – транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес автомобиль көлігімен тасымалданатын киім, аяқ киім, техника сияқты тауарлардың жекелеген санаттары. – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2404, 2939 79 000 0 және 2939 80 000 0 позицияларында жіктелетін, автомобиль көлігімен тасымалданатын және экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес ЕАЭО-ның кедендік аумағынан әкетілетін құрамында никотин бар өнім, никотин шикізаты. 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 63 шешімі күшін жояды. Бұл шешімде ЕАЭО тауарлары болып табылатын темекі өнімдері мен спиртке қатысты кедендік транзит рәсімін қолдануды көзделген болатын. Аталған тауарлар экспорт кедендік рәсімімен Одақтың кедендік аумағы арқылы шығу орнындағы кеден органына дейін тасымалданатын. Аталған тауарларды тасымалдау Келісімге сәйкес қадағаланатын болады. Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім 2022 жылғы 19 сәуірде қол қойылып, 2023 жылғы 3 сәуірде күшіне енген болатын.
Тағы да көрсету