тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 3
10 қазанның 2025
Бақытжан Сағынтаев Мигель Диас-Канель Бермудесті Куба Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Куба Республикасының Президенті, Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекеттің басшысы Мигель Диас-Канель Бермудесті және бүкіл Куба халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. "ЕАЭО елдері мен Куба Республикасы арасындағы ынтымақтастық біздің халықтарымыздың мүддесі үшін бұлжымастан нығайып, берік негізге әрі үлкен әлеуетке ие болып келеді", – делінген құттықтау хатта. Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан әрі жеке өз атынан Кубаға құт-береке және өркендеу тіледі.
10 қазанның 2025
Максим Ермолович Өзбекстанның Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Халилилло Турахужаевпен келіссөздер жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 9 қазанда Ташкентте Өзбекстан Республикасының Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Халилилло Турахужаевпен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар бәсекелестік саласындағы өзара іс-қимылдың түйінді мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, бірлескен консультациялар, форумдар мен семинарлар өткізу, цифрлық платформаларды реттеу бойынша тәжірибе, талдамалық материалдар және таңдаулы практика ауысу перспективасы қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша сарапшылық өзара іс-қимылды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 2020 жылғы желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Өзбекстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін берді.
10 қазанның 2025
Данияр Иманалиев: "Қазіргі заманғы технологиялар ЕАЭО-да статистиканың сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді"
ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиевтің басшылығымен өткен бейінді Консультативтік комитеттің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі статистика саласының басты құжаттары қаралды. Олардың арасында – Еуразиялық экономикалық комиссияның 2026 жылға арналған Статистикалық жұмыстарының бағдарламасы, Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы интеграцияны дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы және ЕАЭО статистикасы саласындағы интеграцияны дамыту жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары бар. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Комиссияға ұсынатын статистикалық көрсеткіштердің өзектілендірілген тізбесі және оларды ұсынудың 2026 жылдан бастап пайдаланылатын нысандары мақұлданды. ЕАЭО-да статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін жаңа ақпарат көздерін, атап айтқанда әкімшілік деректерді пайдалану туралы ақпарат таныстырылды. ЕЭК министрінің сөзінше, статистикалық байқаулардың жаңа құралдарын ендіру Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға ықпал ететін болады. "Қазіргі заманғы технологиялар ұлттық деңгейде де, ЕАЭО деңгейінде де басқа көздер есебінен қолжетімді ақпарат спектрін едәуір кеңейтуге және статистика сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Комиссия ОДМ мәселелері және үлкен деректерді қоса, жаңа дерек көздерін пайдалану бойынша халықаралық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен белсенді өзара іс-қимыл жасайды", — деп атап өтті ЕЭК министрі. ЕАЭО елдері арасындағы өзара тауар саудасы статистикасының 2024 жыл ішіндегі "айналы" деректерін салғастыру қорытындылары қаралды, сондай-ақ 2026 жылы деректерді салғастыру бойынша сарапшылардың екіжақты кездесулерін өткізу кестесі қалыптастырылды. Электрондық сауда тауарларының экспорты (импорты) көлемі туралы ресми ақпаратты қалыптастыру үшін ЕАЭО мемлекеттерінің тауарларымен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу әдіснамасына өзгерістер енгізу мақұлданды. Қаржылық статистика көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдіснама жобаларына, сондай-ақ ЕАЭО ашық деректері үшін SDMX Еуразиялық тіркелімін пайдалану кезінде уәкілетті органдардың халықаралық стандартты қолдануы жөніндегі ұсынымдарға қолдау көрсетілді.