тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6872
26 маусымның 2025
ЕАЭО мен Куба елдерінің іскер топтары сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады
Еуразиялық экономикалық форум-2025 алаңында «Куба: ЕАЭО мен Латын Америкасы және Кариб бассейні елдері арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту мүмкіндіктері» атты диалог-презентация өтті. Іс-шараға қатысқан сарапшылар Кубаның Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері мен Латын Америкасы өңірі елдерінің экономикалық мүдделерінің байланыстырушы буыны болуға мүмкіндік беретін айтарлықтай әлеуеті бар екендігімен келісті. Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілі ретінде интеграцияны дамыту департаментінің директоры Микаел Беллуян қатысты. «Куба ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет ретінде біздің күн тәртібімізге енгізілген, Латын Америкасы мен Кариб бассейні аймағындағы Одақтың негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. 2018 жылы ЕЭК пен Куба Үкіметі арасында ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен комиссия құрылды. Куба өкілдері ЕАЭО аясында барлық деңгейдегі органдардың отырыстарына қатысып келеді және еуразиялық «бестік» елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өз бастамаларын ұсынып отырады, – деп атап өтті Микаел Беллуян. ЕЭК өкілі Одақ мемлекеттері бизнесінің Куба елімен туризм, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер салаларында ынтымақтастыққа деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Ол іс-шараға қатысатын компаниялардың өкілдерін осы жылдың екінші жарты жылдығында Мәскеу қаласында өтетін кезекті отырысына ЕЭК – Куба Республикасы Үкіметінің бірлескен комиссиясының жұмысына қосылуға шақырды. Сауда палатасының вице-президенті Таня Агиар Фернандес бастаған Куба делегациясы ЕАЭО елдерінің Латын Америкасы және Кариб бассейні аймағындағы транзиті мен экспорттық әлеуетін іске асыруды жеңілдетуге арналған Кубадағы логистикалық хаб жобасын ұсынды. Куба өкілдері ЛАИ, АЛБА және КАРИКОМ сияқты өңірлік құрылымдардағы қолданыстағы сауда келісімдерінің жекелеген аспектілері және Кубада өндіріс ашқан шетелдік кәсіпкерлерге ұсынатын мүмкіндіктері туралы хабарлады. Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша ЕАЭО елдерінің іскер топтарының өкілдері Куба бастамаларын талқылады.
26 маусымның 2025
Одақ елдерінің экономика министрліктерінің басшылары еуразиялық интеграцияның нәтижелері мен перспективаларын талқылады
26 маусымда Минскіде Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Эльдар Алишеровтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің экономика министрліктері басшыларының кездесуі өтті. Еуразиялық интеграцияның негізгі нәтижелері және оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. ЕЭК министрі 2025-Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы хабарлады. Атап айтқанда, ол: «Биыл осы құжатта көзделген міндеттерді орындау аяқталуы тиіс. Біз тапсырмаларды орындау бойынша жеткілікті жоғары нәтижелерді көріп отырмыз және Комиссия мүше мемлекеттермен бірге осы кезеңді лайықты түрде аяқтау үшін барынша күшін салуда», – деп атап өтті. Эльдар Алишеров 2026 жылы Одақ жаңа стратегиялық құжат – ЕАЭО аясында экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясының ережелерін іске асыруға көшетінін атап өтті. Декларацияда еуразиялық интеграцияның басым бағыттары, сондай-ақ экономикалық дамудың негізгі әлемдік үрдістеріне сәйкес келетін жаңа перспективалық міндеттер көрсетілген. ЕЭК және мүше мемлекеттер биыл Декларацияны іске асыру бойынша жол картасын дайындауды аяқтауды жоспарлап отыр. Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары ЕАЭО туралы шартта белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті негізгі шаралар мен механизмдерді қамтитын бағдарламалық құжат болып табылады. «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясы – 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі стратегиялық құжат.
26 маусымның 2025
Гоар Барсегян: «Кооперация Еуразиялық «бестік» елдерінің азаматтарын азық-түлікпен қамтамасыз етудің стратегиялық құралына айналуда»
Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян 26 маусымда Минскіде өткен ЕЭФ-2025-те «ЕАЭО-дағы кооперация – АӨК-ті тиімді дамыту жолы» атты дөңгелек үстел барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы агроөнеркәсіптік кешен көрсеткіштерінің тұрақты өскеніне назар аударды. ЕЭК министрі интеграциялық бірлестік құрылған сәттен бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 25%-ға өскенін, өзара сауда 1,8 есе ұлғайғанын, сыртқы жеткізілімдердің екі еседен астам өскенін атап өтті. Бұл ретте ЕАЭО бюджеті қаражаты есебінен кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау мүмкіндігімен байланысты аграрлық саланы одан әрі дамыту үшін әлеует бар. «Кооперация, шын мәнінде, еуразиялық «бестік» елдерінің азаматтарын азық-түлікпен кепілдендірілген қамтамасыз ету және біздің сыртқы конъюнктуралық ауытқуларға тәуелділігімізді төмендету үшін стратегиялық құралға айналуда», – деп атап өтті Гоар Барсегян. Дөңгелек үстел барысында кооперацияны дамыту үшін перспективалық бағыттар мен жобалар, оның ішінде қаржылық қолдау механизмін қолдана отырып, талқыланды, мемлекетаралық ынтымақтастық тәжірибесі қаралды. Пікірталасқа қатысушылар осыған байланысты мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер мен қаржы институттарының диалогын тереңдету қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, салалық ынтымақтастық механизмдері ЕЭФ-2025 алаңдарында ЕАЭО-ның Іскерлік кеңесі Төралқасының 26-отырысы аясында қаралды. Дөңгелек үстелге мемлекеттік басқару органдарының, ЕАЭО мемлекеттерінің іскерлік және ғылыми топтарының, үшінші елдердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Модератор «Беларусь Республикасының Даму банкі» ААҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Роман Бродов болды.
25 маусымның 2025
Максим Ермолович ЕАЭО Іскерлік кеңесі төралқасының отырысында Комиссияның бәсекелестікті адвокаттандыру жөніндегі жұмысын ұсынды
ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович 25 маусымда Минскіде өткен ЕАЭО Іскерлік кеңесі төралқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ аясында Еуразиялық экономикалық комиссия белсенді пайдаланатын бәсекелестікті адвокаттандырудың негізгі құралдары туралы айтты. Максим Ермолович блоктың бәсекелестік жөніндегі қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметіне, «5+1» форматындағы кеңестерге, форумдарға, конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, түрлі әдіснамалық бастамаларға қатысуға баса назар аударды. ЕЭК министрі ақпараттық алаңдағы жұмысқа және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жеке тоқталып өтті. Максим Ермолович Беларусь бизнесімен жедел тікелей байланыс орнату, жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ЕЭК-тің Беларусь бизнес қауымдастықтарымен өзара іс-қимылын дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді. ЕАЭО Іскерлік Кеңесі төралқасының отырысы Еуразиялық экономикалық форумның іскерлік бағдарламасын ашты. Отырыстың күн тәртібінде іскерлік ахуалды жақсартудан және ішкі нарықтағы кедергілерді жоюдан бастап үшінші елдермен серіктестікке дейінгі көптеген мәселелер бар. Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік Кеңесінің төралқасы ЕАЭО елдерінің ірі іскерлік қауымдастықтарын біріктіреді. Онда Еуразиялық экономикалық интеграция мәселелері талқыланады және біріктіріледі.
25 маусымның 2025
27 БАҚ Еуразиялық экономикалық форумның ақпараттық серіктестері болды
Еуразиялық экономикалық форумның ақпараттық серіктестері ретінде алты елдің 27 ақпарат агенттіктері, телеарналары, газеттері мен желілік басылымдары болды. Армения Республикасының БАҚ: «Арменпресс» ақпарат агенттігі, «АрмИнфо» ақпарат компаниясы, Verelq ақпараттық-талдау орталығы, Alphanews.am ақпарат агенттігі, 24 NEWS.AM ақпарат агенттігі. Беларусь Республикасының БАҚ: «БелТА» ақпарат агенттігі, Беларусь Республикасының ұлттық мемлекеттік телерадиокомпаниясы, «Звязда» Баспа үйі» республикалық унитарлық кәсіпорны, Беларусь Республикасындағы ВГТРК өкілдігі - «РТР-Беларусь» телеарнасы, «Екінші ұлттық телеарна» республикалық унитарлық кәсіпорны (ОНТ), «Астаналық телевизия» республикалық унитарлық кәсіпорны (СТВ), «Минск-Новости» агенттігі» мекемесі, «Бүгінгі Беларусь» баспа үйі» республикалық унитарлық кәсіпорны, Беларусь радиосының алғашқы ұлттық арнасы. Қазақстан Республикасының БАҚ: «Қазақпарат» ақпарат агенттігі, «Хабар» телеарнасы, «Іскер Қазақстан» ақпарат агенттігі, Inbusiness.kz ақпарат агенттігі, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы («Қазақстан» Ұлттық телеарнасы). Қырғыз Республикасының БАҚ: «Кабар» Қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі, Қырғыз Республикасының Ұлттық телерадио хабарларын тарату корпорациясы. Ресей Федерациясының БАҚ: ТАСС ақпарат агенттіктері, «РИА Новости» ақпарат агенттігі. Халықаралық БАҚ: Sputnik ақпарат агенттігі және радио, «МИР» халықаралық телерадиокомпаниясы. Иран Ислам Республикасының БАҚ: Ислам Республикасының ақпарат агенттігі (ИРНА).
25 маусымның 2025
Валентин Татарицкий Беларусь өнеркәсіп министрінің орынбасары Андрей Кузнецовпен жұмыс кездесуін өткізді
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий мен Беларусь Республикасы Өнеркәсіп министрінің орынбасары Андрей Кузнецов Минскіде өткен жұмыс кездесуінде Беларусь ұлттық операторы мен көлік құралдарының, өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің әкімшісі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды талқылады. Беларусь ұлттық операторы («ЦНИИТУ» ААҚ) мен электрондық паспорттар жүйесінің әкімшісінің («Электрондық паспорт» АҚ) өзара іс-әрекет ету аясында анықталған бірқатар пікірталас тақырыптары қаралды. Атап айтқанда, электрондық паспорттар жүйесі аясында қолданылатын бірыңғай анықтамалықтар мен жіктеуіштерді дайындау және жүргізу тәртібі мәселелері талқыланды. Электрондық паспорттарды ресімдеу мақсатында Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтермен алмасуға ерекше назар аударылды. Тараптар маңызды ынтымақтастық барысына қанағаттанғандарын айтып, оның кейінгі қадамдарын белгіледі. Кездесуге «Электрондық паспорт» АҚ Бас директоры Илья Минкин, «ЦНИИТУ» ААҚ бас директоры Андрей Косовский, Беларусь мемлекеттік стандарттау және сертификаттау институтының директоры Александр Скуратов қатысты. Беларусь ұлттық операторы мен әкімшісі арасында электрондық паспорттар мәліметтерімен алмасу бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл туралы уақытша келісімге 2024 жылғы қарашада қол қойылған болатын.
25 маусымның 2025
Наталья Петкевич пен Гоар Барсегян Одақ аясында өнеркәсіп пен АӨК дамуын талқылады
25 маусымда Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, ЕЭК Кеңесінің төрағасы Наталья Петкевичпен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясында өнеркәсіп пен АӨК-ті дамытуға байланысты көптеген мәселелерді талқылады. Бірлескен жобаларды іске асыруға, кооперациялық байланыстарды нығайтуға, салаларды технологиялық дамытуға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударылды. Беларусьтің ЕАЭО-ның өнеркәсіптік жобаларына қаржылай жәрдемдесу механизмін іске асыруға қатысуы, технологиялық платформалардың жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ өнеркәсіпте даму мен импортты алмастырудың бірыңғай бағдарламасын әзірлеу жөніндегі бастама қаралды. «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын орындау, «ИННОПРОМ БЕЛАРУСЬ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесін дайындау міндеттері талқыланды. Сонымен қатар тамақ өнімдері мен дәрілік препараттарды өндіру үшін микроорганизмдер штаммдарын құрудың мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу мәселелері қозғалды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған барлық бағыттар бойынша тұрақты диалогты жалғастырудың маңыздылығы туралы келісімге келді.
24 маусымның 2025
ҚХР-дан шығарылатын ыстықтай деформацияланған жіксіз құбырларға арналған демпингке қарсы баж бес жылға ұзартылды
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ҚХР-дан шығарылатын коррозияға төзімді болаттан жасалған ыстықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баж салығының қолданысын 2030 жылғы 9 маусымға дейін ұзартты. «Шешім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен шығарылатын құбыр өндірушілердің өтініші негізінде қолданылатын шараның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Ішкі нарықты қорғау департаментінің 2024 жылғы 25 қыркүйекте бастаған демпингке қарсы қайта тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қабылданды», — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Өтінішті «Волжский трубный завод» АҚ, «Первоуральский новотрубный завод» АҚ және «Челябинский трубопрокатный завод» АҚ берді. ҚХР-дан шығарылатын коррозияға төзімді болаттан жасалған ыстықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баж Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 218 шешіміне сәйкес белгіленді. Баж мөлшері кедендік құнның 15,5% құрайды. Шараны қолдану қайталап тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне орай ұзартылған болатын.
Тағы да көрсету