Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
03 ақпанның 2025
Комиссия ЕАЭО елдеріндегі іскер белсенділік серпіні өзгергенін атап өтеді
Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі іскер белсенділік серпінінің өзгергенін сәйкес келетін және озыңқы индикаторларды есептеу нәтижелері айғақтайды. Жарияланған болжамдарға сай, Қазақстан мен Қырғызстан экономикасы көтерілу кезеңінде қалады, Ресей мен Беларусь баяулау кезеңіне өтті. Армения іскер белсенділіктің көтерілу кезеңінен төмендеу кезеңіне өтті. 2025 жылғы ақпанда мүше мемлекеттердің экономикасында ағымдағы үрдістер сақталады деп күтілуде. Озыңқы индикаторлар қысқа мерзімді перспективада Еуразиялық "бестік" елдеріндегі іскер белсенділіктің өзгеру серпінінің бағыты туралы түсінік қалыптастыру үшін Еуразиялық экономикалық комиссия қолданатын болжау құралы болып табылады. Олар экономикалық агенттердің мінез-құлқын және экономикадағы негізгі трендтерді айғақтайтын қысқа мерзімді процестер туралы неғұрлым маңызды ақпаратты жинақтайды.
03 ақпанның 2025
Бақытжан Сағынтаев Ненад Поповичпен 2025 жылға арналған бірлескен іс-шараларды талқылады
3 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың Сербия Республикасы Үкіметінің министрі, Еуразиялық экономикалық одақпен қатынасты дамытуға жауапты Ненад Поповичпен жұмыс кездесуі болып өтті. Келіссөз барысында халықаралық күн тәртібінің мәселелері бойынша тыңғылықты пікір алмасылды, қолданыстағы Еркін сауда туралы келісім шеңберінде ЕАЭО елдері мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Аталған Келісімге сәйкес құрылған Бірлескен комитеттің бірінші отырысын дайындау барысы, сондай-ақ 2025 жылғы жоғары деңгейдегі басқа да іс-шаралар қаралды. Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық үшін оңтайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесуге келісті. Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге 2019 жылғы 25 қазанда қол қойылды және 2021 жылғы 10 шілдеде күшіне енді.
03 ақпанның 2025
Санкт-Петербургте ЕАЭО-дағы бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидаларын іске асыруға орайлас тәсілдемелер таныстырылды
31 қаңтарда Санкт-Петербургте "Экономиканы қазіргі заманғы монополияға қарсы реттеу: заңнаманы жетілдіру құралдары" атты VIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияға Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің өкілі Владимир Ковалёв қатысты. Ол өз сөзінде ЕЭК-тің бәсекелестік саласындағы құқық қолдану практикасы мәселелеріне, оның тиімділігін арттыру механизмдеріне тоқталды. Қазіргі заманғы цифрлық экономика жағдайында тауар нарықтарын зерттеу мен реттеуге орайлас тәсілдемелерді әзірлеуге және бизнес пен ЕАЭО елдерінің қалың жұртшылығы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын түсіндіру жөніндегі жұмысқа бөлекше назар аударылды. Іс-шараға Ресейдің ФМҚ басшысы Максим Шаскольский, ЕАЭО Сотының Төрағасы Алексей Дронов, ФМҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Ресей судьялар корпусының, ЕАЭО елдерінің сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.
03 ақпанның 2025
Гоар Барсегян: "ЕАЭО елдерінің АӨК-ін цифрландыру сектордың дамуын жеделдетеді және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады"
Еуразиялық экономикалық одақтың ауыл шаруашылығын цифрландыру жаһандық нарықтарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді, азық-түлік ресурстарының қауіпсіздігін арттырады және қаржылық қызметтерге қол жеткізуді жеңілдетеді. Бұл артықшылықтар Алматыда Digital Almaty 2025 форумы шеңберінде "Цифрландыру — ЕАЭО аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша табыс факторы" панельдік сессиясында талқыланды. Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян ЕАЭО агроөнеркәсіптік кешенінің цифрлық экономикасын дамыту туралы айта келіп, тұтастай мүше мемлекеттер қабылдап жатқан жүйелі шаралар он жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін 25,4% арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. Одақты азық-түлікпен қамтамасыз етуде өзара сауда маңызды рөл атқарады, оның көлемі 1,6 есе өсті, соның арқасында ЕАЭО-ның ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етілу деңгейі 93%-ға жетті. "Бұл оң үрдісті сақтап қана қоймай, оны көбейту де маңызды", — деп атап өтті ЕЭК министрі. Гоар Барсегянның сөзінше, технологиялық инновацияларды ендіру осы жаһандық міндетті шешуге көмектеседі. "Ауыл шаруашылығы өндірісін жеделдетіп өсіру құралдарының бірі — аграрлық нарықты цифрлық модельге трансформациялау болып табылады. Комиссияның да, ұлттық үкіметтердің де күш-жігері нақ осы бағытқа шоғырланған", — деп атап өтті ол. ЕЭК министрі хабарлағандай, Комиссия ақпараттық ресурс — Агроиндустрияны дамыту картасын іске қосты, онда ЕАЭО-да іске асырылып жатқан, 18 млрд доллардан астам сомадағы 260-тан астам ірі инвестициялық жоба туралы ақпарат интерактивті режимде бейнеленген. Бұл ақпарат қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан жобаларды ескере отырып, инвесторларға жаңа ауыл шаруашылығы жобалары бойынша салмақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің электрондық саудасын дамытудағы және бір маңызды қадам — Ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған қойма куәліктерін шығару, айналысқа жіберу және өтеу қағидалары туралы келісімге қол қою болды. Оны практикалық іске асыру 2026 жылдың маусымынан басталады. Сессияға ЕАЭО елдерінің мүдделі органдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты. Талқылау шеңберінде пікірсайысқа қатысушылар технологиялар мен тәжірибе алмасуға баса назар аударды, ынтымақтастықты тереңдету үшін инновациялық шешімдер ұсынды.
02 ақпанның 2025
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның кезекті мерейтойымен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев ЕЭК-тің құрылғанына 13 жыл толуымен құттықтады. Комиссия Алқасының басшысы 2012 жылы құрылған сәттен бастап ЕЭК бірлестікке қатысушы елдермен бірлесе отырып, ЕАЭО негізіне салынған және Еуразиялық экономикалық интеграцияны үдемелі дамытуға бағытталған іргелі қағидаттарды іске асыру бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті. ЕАЭО шеңберінде салиқалы нормативтік-құқықтық база құрылды, экономиканың әртүрлі саласында ұзақ мерзімді басымдықтар айқындалды, бизнесті жүргізу мен азаматтардың еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасалған. ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев атап көрсеткендей, Комиссия өз жұмысында және алдағы уақытта да "бестік" мемлекеттері азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу, сондай-ақ Одақ шеңберінде экономикалық өсу үшін жағдайларды жақсарту мақсатын басшылыққа алатын болады.
31 қаңтардың 2025
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2025 жылғы 31 қаңтардағы отырысының қорытындылары
Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріндегі макроэкономикалық жағдаят және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар туралы баяндаманы қарады. ЕЭК-тің алдын ала бағалауы бойынша, 2024 жылы ЕАЭО-ның жиынтық ЖІӨ 4% өсті, бұл орташа әлемдік өсу қарқынынан (3,2%) және бастапқы болжамдардан жоғары. Өзара тауар саудасының құндық көлемі 2024 жылы басқа интеграциялық бірлестіктердегі сыртқы және өзара саудамен салыстырғанда жоғары қарқынмен өсе түсті және 2026 жылға қарай шамамен 100 млрд АҚШ долларына жетеді. Еуразиялық үкіметаралық кеңес Комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешенге және оның инфрақұрылымына бірлескен кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмдерін кеңейту мәселесін пысықтауды тапсырды. Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп, Одақтың ауыл шаруашылығы саласының ерекшеліктерін ескере отырып, ЕАЭО бюджетінің қаражатын пайдалану арқылы АӨК-ті қолдау жағдайлары және ұлтүсті заңнамаға енгізілетін тиісті өзгерістер туралы ұсыныстар дайындайды. Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін теміржол, автожол және порт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шаралары туралы 2022-2024 жылдардағы баяндаманы қарады. Еуразиялық көлік дәліздерінің үлесіне ЕАЭО-дағы транзиттік тасымалдар көлемінің шамамен 70%-ы тиесілі, бұл әрбір елдің ұлттық учаскелерін дамытуда қадамдастырудың маңызды екенін көрсетеді.
31 қаңтардың 2025
ЕАЭО-ның экономикалық өсу қарқыны екі жыл қатарынан орташа әлемдік деңгейден жоғары
Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріндегі макроэкономикалық жағдаят және Еуразиялық экономикалық комиссия жыл сайын ЕАЭО елдеріне ұсынатын орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар туралы баяндаманы қарады. ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Эльдар Алишеров өңірдегі сауданың, көлік-логистика маршруттарының, еңбек көші-қонының және қаржы ағындарының жаңа конфигурациясы белсенді экономикалық саясатпен қатар ЕАЭО-дағы экономикалық өсудің ынталандырмасы болғанын атап өтті. Оның сөзінше, Одақтағы сауда, қаржы және өндірістік байланыстар орнықтылықты, ал экономика жаңа өзгермелі жағдайларға бейімделу мүмкіндігін көрсетті. ЕЭК-тің алдын ала бағалауы бойынша, 2024 жылы ЕАЭО-ның жиынтық ЖІӨ 4% өсті, бұл орташа әлемдік өсу қарқынынан (3,2%) және бастапқы болжамдардан жоғары. Өзара тауар саудасының құндық көлемі 2024 жылы басқа интеграциялық бірлестіктердегі сыртқы және өзара саудамен салыстырғанда жоғары қарқынмен өсе түсті және 2026 жылға қарай шамамен 100 млрд АҚШ долларына жетеді. Эльдар Алишеров экономикада табыс деңгейінің өсуіне және конвергенциясына ықпал ететін қолайлы жағдайлар қалыптасқанын атап көрсетті. Бұған соңғы екі жылда қол жеткізілген экономикалық өсудің жоғары қарқыны, капиталдың жинақталуы, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейінің артуы ықпал етті. Жұмыссыздық деңгейі тарихи төмен деңгейге – 3%-ға жетті, инвестициялардың өсуі 8,2%-дан астам — жоғары деңгейде қалып отыр. "Орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге телекоммуникация, көлік және электр энергетикасы сияқты желілік салаларға инвестициялардың көбеюі ықпал етуі мүмкін. Олар ең алдымен сауда ағындарын қайта бағдарлаумен байланысты инфрақұрылымдағы "осал жерлерді" еңсеруге, мүше мемлекеттер экономикасының көлік, логистикалық байланысын жақсартуға, еңбек ұтқырлығын қолдауға бағытталуға тиіс", – деп қорытындылады Эльдар Алишеров. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдаят және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар туралы баяндама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 62-бабына сәйкес жыл сайын дайындалады.
31 қаңтардың 2025
ЕАЭО-да АӨК-тегі кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмдерін қолдану жайы талқылануда
Еуразиялық үкіметаралық кеңес Комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешенге және оның инфрақұрылымына бірлескен кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмдерін кеңейту мәселесін пысықтауды тапсырды. ЕАЭО мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары инновациялық даму және тұқым шаруашылығы, қосылған құнның өңірлік тізбектерін құру, тамақ өнімдерін өндіру, сауда және логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды қаржыландыру бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін бірнеше мәрте атап өтті. Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп, Одақтың ауыл шаруашылығы саласының ерекшеліктерін ескере отырып, ЕАЭО бюджетінің қаражатын пайдалану арқылы АӨК-ті қолдау жағдайлары және ұлтүсті заңнамаға енгізілетін тиісті өзгерістер туралы ұсыныстар дайындайды. ЕАЭО елдерінің агроөнеркәсіптік кешенінің ағымдағы жай-күйін және кооперациялық жобаларды іске асыру бойынша сала алдында тұрған міндеттерді талдау негізінде Комиссия бірқатар бағытты неғұрлым басымдықты деп санайды. Бұлардың арасында ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы мен тұқым шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, АӨК инфрақұрылымын жетілдіру бар. Агроөнеркәсіптік кешенде қаржылық қолдау механизмдерін қолдану өзіндік технологияларды дамытуға, өнімді жеткізудің және ресурстық қамтамасыз етудің тиімді тізбегін құруға мүмкіндік береді. 2024 жылы ЕАЭО-да өнеркәсіптік кооперация қағидаты бойынша құрылған кәсіпорындарды жеңілдікпен қаржыландыру механизмі іске қосылды. Жаңа механизмнің басты мақсаты кәсіпкерлерді, ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдау болып табылады. Қаржыландыру бірлескен өндірістерді, кооперациялық тізбектерді құратындарға немесе қазіргі бар өндіріс орындарын жаңартатындарға қолжетімді. Қолдау қаржы ұйымдары өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға беретін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық ставканы субсидиялаудан тұрады. Бұл жоба бес жылға есептелген. 2025 жылы Одақ бюджетінде осы мақсатқа 3,5 миллиард рубль қарастырылған.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы