Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
28 наурыздың 2025
Бақытжан Сағынтаев: "Комиссия ЕАЭО-ның таңдаулы технологиялық шешімдермен толтырылған бірыңғай цифрлық кеңістігін құру жолында жұмыс істеуде"
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Халықаралық экономикалық форумының "Үлкен Еуразиялық әріптестікті дамыту үшін жаңа серпім. Ғылыми-технологиялық және инновациялық ынтымақтастық" пленарлық отырысына қатысты. Іс-шараға қатысушыларға сәлемдесу сөзін арнай отырып, Бақытжан Сағынтаев форумның пленарлық сессиясы тақырыбының барлық ел үшін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ үшін өзектілігін атап өтті. Ғылыми-технологиялық және инновациялық даму Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономикасының одан әрі өсуінің тиімді құралдарының бірі болып табылады. Еуразиялық "бестікке" мүше барлық мемлекетте үдемелі ғылыми-технологиялық дамуды қамтамасыз ететін стратегиялық және бағдарламалық құжаттар бекітілген. ЕАЭО-ны экономикалық қатынастардың әлемдік архитектурасына кіріктіру, экспортты ұлғайту, инвестициялар мен технологияларды тарту жөніндегі міндеттер ұлтүсті деңгейінде шешілуде. Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс істеуі кезінде үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы жүзге жуық меморандумға қол қойылды, бұл тәжірибе алмасуға, соның ішінде озат инновациялық әзірлемелер бөлігінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. "Экономиканың барлық саласындағы цифрлық трансформацияның жоғары қарқынын ескере отырып, Комиссия мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды оңайлатуға бағдарланған бірыңғай цифрлық кеңістікті құру бойынша белсенді жұмыс істеуде. Біздің міндетіміз — барлық процесті тезірек, ыңғайлы және қауіпсіз жасау. Технологиялық шешімдерді іске асыру Digital Union тұжырымдамасына негізделген", — деп хабарлады ЕЭК Алқасының басшысы. Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО шеңберінде интеграцияланған ақпараттық жүйенің ойдағыдай жұмыс істейтіні туралы айтып берді. Оның дамуы бес түрлі жүйенің бір экожүйеде болуына мүмкіндік беретін ұлтүсті инфрақұрылымын қалыптастырады. Қазіргі уақытта цифрландыру экономиканың бірқатар саласында серпінді дамып келеді. Көлік саласында қабылданып жатқан шаралар Одақ шеңберінде орнықты көлік-логистика тиянағын құра отырып, тасымалдардың "жіксіздігін" қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Энергетикадағы маңызды міндеттердің бірі – электр энергиясын өндіру құрылымын әртараптандыру. АӨК саласында ғылымды қажетсінетін тауарларды өндіру бойынша ынтымақтастықты одан әрі жолға қою перспективалы болып табылады. Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, инновациялар мен ғылыми-техникалық прогрестің озат жетістіктерін жедел игеру айтарлықтай дәрежеде әр ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Бұл міндетті іске асыру, соның ішінде диалог пен интеграциялық құрылымдардың тиімді өзара іс-қимылына ықпал ететін болады.
28 наурыздың 2025
Максим Ермолович: "ЕАЭО шеңберінде биржалық сауданы дамыту адал бәсекелестікті және тауарлардың өзара кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етеді"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Мәскеудегі бейінді халықаралық форумда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің биржалық бизнес-қоғамдастығын ЕАЭО жалпы биржалық нарығын құру жөніндегі нормативтік актілерді әзірлеу кезінде белсенді өзара іс-қимыл жасауға шақырды. Іс-шараға қатысушылар мұнай және мұнай өнімдерінің, табиғи газдың, ағаш материалдарының, минералды тыңайтқыштардың, энергия тасымалдаушылардың, металдардың және тағы басқалардың биржалық нарықтарын дамыту перспективаларын талқылады. "ЕАЭО кеңістігінде биржалық сауданы дамыту адал бәсекелестікті қамтамасыз етеді және Одақтың ортақ нарығында тауарларды өзара жіксіз, кедергісіз жеткізу үшін институционалдық жағдай жасайды", – деп атап өтті Максим Ермолович. ЕЭК министрі Комиссияның ЕАЭО шеңберінде тауарлардың жалпы биржалық (ұйымдастырылған) нарығында биржалық сауда-саттықты дамыту бағдарламасының жобасымен жұмысы жайында айтып өтті. Ол 2025-2026 жылдары ЕЭК-тің Консультативтік және биржалық комитеттері құрылатыны туралы құлақтандырды. Биржалық форумның бәсекелестікті дамытудағы және ЕАЭО-дағы экономикалық ортаның ашықтығын арттырудағы пікірсайыс алаңы ретіндегі маңыздылығы атап өтілді. Жыл сайынғы "Биржалық тауар нарығы" халықаралық форумы Мәскеуде 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның ұйымдастырушысы 7000-нан астам компанияны біріктіретін Ресейдің тауар нарығының ең ірі биржасы — Санкт-Петербург биржасы. Іс-шара биржалық тауар нарығына қатысушы компаниялар, реттеушілер және биржа мамандары үшін негізгі сарапшылық алаң ретінде жайғасулы.
28 наурыздың 2025
ЕАЭО-да кедендік транзит кезінде қамтамасыз ету сертификаттарымен жұмыстың бұрынғы тәртібі сақталады
2025 жылғы 1 сәуірден кейін Еуразиялық экономикалық одақта кедендік транзит кезінде қамтамасыз ету сертификаттарын ресімдеудің бұрынғы тәртібінің қолданылуы жалғасады. Бұл тәртіп кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің кейбір мәселесі, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және 2010 жылғы 21 мамырдағы осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімде көзделген. Келісім ЕАЭО шеңберінде жалпы процесті іске асыру басталғанға дейін қолданылатын болады, ол Одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында қамтамасыз ету сертификаттарымен және олардың мәліметтерімен алмасуды қамтамасыз етеді. Бұл ереже ЕАЭО Кеден кодексінің 444-бабында бекітілген. 2025 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін ЕЭК-тің 2023 жылғы 24 қазандағы № 151 шешімі аталған жалпы процесті іске асыру басталғаннан кейін қолданыла бастайды.
28 наурыздың 2025
Арзыбек Кожошев ТМД және Үлкен Еуразия өңіріндегі көлік интеграциясын талқылады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық экономикалық форумы шеңберінде ТМД және Үлкен Еуразия кеңістігіндегі көлік және экономикалық интеграция бойынша панельдік сессия жұмысына қатысты. ЕЭК министрі өз сөзінде экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер ететін көлік саласындағы интеграциялық процестердің маңыздылығын атап өтті. "ЕАЭО мен логистиканың көлік дәліздерін әзірлеу және жаңғырту арқылы бірыңғай инфрақұрылым құру тасымалдауға кететін уақыт пен шығындарды қысқартуға, нарықтарға қол жеткізуді жақсартуға мүмкіндік береді", — деді Арзыбек Кожошев. Министр бүгін ЕАЭО-ның қарымды әріптестерінің бірі — ТМД-мен тікелей өзара іс-қимыл жасау үшін инфрақұрылым құрылғаны туралы да хабардар етті. "ЕАЭО мен логистиканың көлік дәліздерін әзірлеу және жаңғырту арқылы бірыңғай инфрақұрылым құру тасымалдауға кететін уақыт пен шығындарды қысқартуға, нарықтарға қол жеткізуді жақсартуға мүмкіндік береді", — деді Арзыбек Кожошев.
28 наурыздың 2025
Комиссияда УЭО-дағы есепке алу жүйесіне қойылатын талаптардың ақтық версиясы қаралды
Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Александр Титовтың төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріндегі уәкілетті экономикалық оператор (УЭО) институтын дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, оған Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік органдары мен бизнесінің 50-ге жуық өкілі қатысты. Тұтастай алғанда, отырыста УЭО-да болуға тиіс тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын типтік талаптардың жобасы сарапшылық мақұлдауға ие болды. Бизнестің өз жүйелерін бейімдеу үшін өтпелі кезеңді ұсыну бойынша тілектері ескерілді. Бұл жоба ЕАЭО шеңберінде бухгалтерлік есеп жүйесіне негізделген кедендік мақсаттар үшін тауарларды есепке алудың белгілі бір жүйесін жолға қоюды бағамдайды, ол ақпараттың қадағаланып отыруын және кедендік рәсімилеу кезінде УЭО-ға оңайлату беруді қамтамасыз етеді. Мұндай тәсілдемелер ұлттық талаптардың негізі болып табылады және олардың жақындасуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде ЕАЭО елдерінің бизнесі үшін тең жағдайлар болуына ықпал етеді және Одақтың бүкіл кедендік аумағында оңайлатуларды қолдануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, отырыс шеңберінде тараптардың мемлекеттік органдарымен бірлесіп жұмыс тобы шеңберінде одан әрі пысықталатын бизнестің мүмкіндігін кеңейтіп, шығынын азайтуға жол ашуға болатын УЭО үшін жаңа оңайлату жөніндегі бизнестің бастамалары талқыланды. Белгілі бір жағдайда декларация берілгенге дейін (УЭО үшін оңайлатылған декларация) шығару туралы өтінішті қолдану кезінде тауарлар шығарылымының күшін жоюмен байланысты құқық қолдану практикасы мәселесі де қозғалды. Кеңеске қатысушылар осындай өтінішті толтыру Тәртібіне өзгерістер енгізуді пысықтау қажеттігі туралы пікірге келісті. Уәкілетті экономикалық оператор институты — әріптестік бағдарламасының халықаралық танылған стандарты, ал УЭО — белгілі бір талаптарға сай келетін тұлғалар ретінде кедендік операциялар мен кедендік бақылау жүргізу кезінде оңайлату ұсынылатын тұлғалардың айрықша санаты. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде УЭО институтын дамыту жөніндегі жұмыс тобы 2014 жылы құрылды. Ол Одақта уәкілетті экономикалық оператор институтын жетілдіру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды.
28 наурыздың 2025
Наира Карапетян: "ЕАЭО елдерінің жаһандық ауыл шаруашылығы нарығын дамытудағы үлесі артып келеді"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян "Ресей және Үндістан: екіжақты қатынастардың жаңа күн тәртібі жолында" халықаралық конференциясы шеңберіндегі "Ауыл шаруашылығында Ресей-Үнді диалогын дамыту" арнайы сессиясында Еуразиялық экономикалық одақтың даму үрдістері мен оның жаһандық ауыл шаруашылығы нарығындағы рөлі туралы айтты. Сессия барысында азық-түлік тауарлары саудасының тұрақтылығы, бірлескен ауыл шаруашылығы және азық-түлік кәсіпорындарын құру перспективалары, сондай-ақ АӨК саласындағы тәжірибе алмасу мен инновациялар трансфері мәселелері талқыланды. "ЕАЭО мемлекеттері, Үндістан сияқты, саланы тиімді дамытуға ұмтылуда және қазірдің өзінде жаһандық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда. Одақ елдерінен агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің сыртқы жеткізілімдері он жыл ішінде екі еседен астам ұлғайып, сапалық жаңа деңгейге шықты", — деп атап өтті Наира Карапетян. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Ресей мен Үндістанның іскер топтарының, ғылыми және сарапшылық қоғамдастығының өкілдері қатысты. "Үндістанның өсіп келе жатқан халқы, оның кірістері мен тұтыну моделі деңгейінің өзгеруі, ел Үкіметінің АӨК-ті трансформациялау жөніндегі табысты қадамдары, сондай-ақ жаңа көлік дәліздері мен қаржы тізбектерін құру ЕАЭО елдері мен Үндістан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік саудасының көлемін ұлғайту үшін кең перспектива ашады", — деп түйіндеді Наира Карапетян.
27 наурыздың 2025
Арзыбек Кожошев: "Энергетика саласындағы қазіргі заманғы сын-қатерлер объективті бағалауды ғана емес, сонымен бірге ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын дамыту жөніндегі перспективалық шешімдерді де талап етеді"
26 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Мәскеудегі штаб-пәтерінде Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министр Арзыбек Кожошевтің төрағалық етуімен энергетика мәселелері бойынша ғылыми-сарапшылық кеңес болып өтті. Іс-шара барысында бейінді министрліктердің, ғылыми және сарапшылық ұйымдардың өкілдері жаһандық энергетикалық нарықтардағы өзгерістерді, сондай-ақ биржалық сауда-саттықты ұйымдастыруды қоса, ЕАЭО-ның ортақ газ нарығындағы газ саудасының нарықтық механизмдерін ескере отырып, ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын дамытудың перспективаларын талқылады. "Соңғы жылдары энергетика саласы жаһандық сипаттағы елеулі сын-қатерлер мен күйзелістерге тап болды Осы өзгерістерді ескере отырып және Еуразиялық экономикалық одақтың орнықты даму мүддесіне орай біз ортақ газ нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі деңгейдегі алдағы қадамдары мен перспективаларын белгілеуіміз керек", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Ғылыми-сарапшылық кеңес қатысушыларының пікірінше, ЕАЭО ортақ газ нарығының перспективалық бағыттарының ішінде инфрақұрылымды, биржалық механизмдерді дамытуды, газ-моторлы отын нарығын дамытуды және газ химиясы мен төмен көміртекті күн тәртібі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды бөліп көрсетуге болады. "Бүгінгі қиын экономикалық жағдайда Еуразиялық интеграцияның артықшылықтарын тиімді пайдалану бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігерін біріктіру маңызды", — деп атап көрсетті Арзыбек Кожошев.
27 наурыздың 2025
ЕЭК пен Бангладеш Халық Республикасы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мүмкіндігін талқылады
Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым мәселелері Еуразиялық экономикалық комиссия мен Бангладеш Халық Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыс тобының отырысы барысында талқыланды. Кездесу 26 наурызда ЕЭК штаб-пәтерінде ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Эльдар Алишеров пен Бангладеш Сауда министрінің орынбасары Аиша Актердің тең төрағалығымен өтті. ЕЭК министрі ЕАЭО-ның барлық елі мен Бангладештің дәстүрлі тығыз экономикалық байланыстарын атап көрсете келіп, "ЕЭК үшінші мемлекеттердің үкіметтерімен диалогты белсенді дамытуда және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Бангладештің ЕАЭО-мен практикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге деген қызығушылығын бағалайды", — деп мәлімдеді. Эльдар Алишеров 2019 жылы Ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан сәттен бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Бангладештің тауар айналымы ұлғаю үрдісіне ие болғанын, ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымының өсуі 5%-дан асқанын, бұл орташа әлемдік деңгейден жоғары — ЕАЭО ЖІӨ-нің 4,2% және Бангладеш ЖІӨ-нің 5,7% өсу қарқыны аясында орын алып отырғанын атап өтті. Оның сөзінше, ЕАЭО елдерінің Бангладешке дәстүрлі экспортының баптары ауыл шаруашылығы өнімдері, энергия ресурстары, металдар, машиналар мен жабдықтар болып табылады, ал ЕАЭО-ның Бангладештен импортында тоқыма, киім және аяқ киім басым. Эльдар Алишеров ЕЭК пен Бангладештің бірлескен жұмыс жоспарларына түсініктеме бере келіп, "Бір-бірінің сауда — экономикалық мүмкіндіктері туралы тараптардың хабардарлығын арттыру және өзара іс-қимылды кеңейту үшін жаңа перспективалық бағыттарды іздеу маңызды міндет болып табылады", — деп атап өтті. Өз кезегінде, Аиша Актер тараптардың сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін сапалы ашу үшін мүмкіндіктері мен ресурстары бар екеніне назар аударды. Бангладеш ЕЭК-пен және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді сипатын бағалайды және Одақ елдерінің кәсіпкерлеріне азық-түлік, аграрлық шикізат, ауыл шаруашылығы техникасы сияқты тауарлар үшін өзінің сыйымды ішкі нарығын (180 млн адам) неғұрлым толық пайдалануды, сондай-ақ Бангладештің азық-түлікті қайта өңдеу және сақтау инфрақұрылымын дамытуды ұсынады. Тараптар Бангладешке азық-түлік астығын жеткізуді кеңейтуді ізеуіртті талқылады, еңбек көші-қонын ұйымдастыру жөніндегі ақпаратпен және сауда рәсімдерін оңайлату ұсыныстарымен алмасты. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті жеткізудің көлік-логистика тізбегін, соның ішінде жаңа логистикалық маршруттарды дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Бангладеш тарапы ЕАЭО мен Бангладеш арасында еркін сауда аймағын құру мәселесінде өзінің қызығушылығын растады. Бұл ретте ЕЭК өкілдері ЕАЭО тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі шеңберінде Бангладеш экспорттаушылары үшін әлеуетті артықшылықтар туралы айтып берді. Отырысқа қатысушылар ЕАЭО елдері мен Бангладештің бизнесін өзара іс-қимылды нығайтуға және институцияландыруға, бизнес-диалог құруға шақырды. ЕЭК Бангладештің ресми және іскер топтарының өкілдерін Минскіде өтетін 2025 жылғы Еуразиялық экономикалық форумға қатысуға шақырды. Бірлескен жұмыс тобының кезекті отырысы 2026 жылы өтетіні анықталды. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Бангладеш Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға 2019 жылғы 31 мамырда Мәскеуде қол қойылды.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы