Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
15 тамыздың 2025
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары
Бүгін ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияның бірқатар маңызды мәселелерін қарады. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев баспасөз қызметкерлері алдына шығып, отырыс қорытындыларын хабарлады. ЕАЭО ішінде және үшінші елдермен теміржол жүк тасымалы саласындағы цифрландыру процестерін жеделдету жайы баяндалды Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы цифрлық көлік құжаттарына қазірдің өзінде көшті. Осы саладағы Қытаймен ынтымақтастықтың ілгерінді беталысы атап өтілді – электрондық қолтаңбаны қолдануды қамтамасыз ету үшін Ресей мен Қытайдың теміржол тасымалдаушыларының өзара іс-қимылы туралы келісімге қол қойылды. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО-да әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылауды күшейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы Комиссияның баяндамасы ұсынылды. Кедендік құны белгіленген тәуекел индикаторларынан төмен салық сыйымды тауарларды кедендік бақылаумен қамту бөлігіндегі оң серпін атап өтілді. Үкіметаралық кеңес мүшелеріне "бестік" мемлекеттерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу туралы жыл сайынғы есеп ұсынылды. 2024 жылы Одақ елдерінің бюджеттеріне 15,2 млрд. АҚШ долл. түсті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3% дерлік көп. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін атап өткен жөн. Үкімет басшылары Тауарлардың ортақ биржалық нарығында сауда-саттықты дамыту бағдарламасын бекітті, оны 2029 жылы толық іске қосу жоспарланған. Комиссияның 2024 жылғы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы жылдық есебі мақұлданды. ЕҮАК мүшелері Дәрілер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтарын одан әрі дамыту тұжырымдамаларын келісті. Құжаттар жұмыстың екі маңызды бағытын айқындайды. Біріншісі – шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз ету, екіншісі – тиісті цифрлық платформаларда ведомстволардың өзара іс-қимылын кеңейту. Ортақ еңбек нарығындағы біліктілік талаптарын жоғары сұранысқа ие мамандықтарға жақындату бойынша жұмыс жүргізілуде. ЕЭК тұрақты негізде олардың тізбесін қалыптастырады, бұл азаматтардың жұмысқа орналасуын едәуір жеңілдетеді. Бұдан басқа, көлік саласында кадрлық әлеуетті дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл бағыт енді 2024-2026 жылдарға арналған бейінді жол картасына кірістірілді. Құжатты іске асыру бірыңғай көлік кеңістігін және көрсетілетін көлік қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыруға себепкер болады. Үкімет басшыларына ЕАЭО шеңберінде климаттық күн тәртібінің мәселелерін реттеу жөніндегі тәсілдемелерді іске асырудың бес жылдық жоспары ұсынылды. ЕҮАК-тің келесі отырысы 29-30 қыркүйекте Минскіде өтеді.
15 тамыздың 2025
Бақытжан Сағынтаев ЕҮАК отырысы делегациялары басшыларының Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесуіне қатысты
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 14-15 тамызда Шолпан-Атада өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының делегациялары басшыларының Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесуіне қатысты. Іс-шара ЕҮАК отырысы қарсаңында кеңейтілген құрамда өтті. Кездесу барысында Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша тыңғылықты пікір алысу болып өтті. Қырғызстан басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық ынтымақтастықты күшейтуге қатысты мәселелердің кең ауқымы қаралатынын атап көрсетті. Атап айтқанда, Тауарлардың ортақ биржалық нарығында биржалық сауда-саттықты дамыту бағдарламасын бекіту; трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтың жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар туралы Комиссияның 2024 жылғы есебін талқылау; газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру барысын қарау; Одақ елдерінің 2024-2026 жылдарға арналған үйлестірілген көлік саясатының негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жоспарына өзгерістер енгізу жоспарлануда. Отырысқа қатысушылар теміржол жүк тасымалын цифрландыру, климаттық күн тәртібі, Одақтың еңбек нарығында неғұрлым сұранысты кәсіптер бойынша біліктілік талаптарын жақындастырудың орындылығы және кәсіптік біліктілікті растау тәртібі мәселелерін қарайды. Бұдан басқа, дәрілер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтарын дамыту тұжырымдамаларын талқылау жоспарланған. Кездесуге Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Төрағасы, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Александр Турчин, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Мохаммад-Реза Ареф және Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов қатысты.
15 тамыздың 2025
Андрей Слепнев Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабакпен еркін сауда туралы келісімді іске асырудың барысын талқылады
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің алаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабактың жұмыс кездесуі болып өтті. Тараптар ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда туралы 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енген келісімді іске асырудың алғашқы қорытындыларын шығарды және ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөніндегі жоспарларын белгіледі. Осы жылдың күзіне жоспарланған Бірлескен комитеттің бірінші отырысын өткізуге жоғары дайындық атап өтілді, соның шеңберінде Келісімді іске асырудың нақты механизмдерін бекіту жоспарлануда. ЕАЭО мен Иран арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тиісті жол картасының жобасы келісудің қорытындылаушы сатысында тұр. "Бұл еркін сауда туралы жай ғана келісім емес. Бұл өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейі. Біз түйінді секторлардағы ынтымақтастықты кеңейту мен өзара сауда көлемін ұлғайтудың келешегін көріп отырмыз", – деп атап өтті Андрей Слепнев.
15 тамыздың 2025
ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасы қабылданды
15 тамызда Қырғыз Республикасындағы Шолпан-Атада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Құжаттың мақсаты – дәрілердің қауіпсіздігіне, тиімділігі мен сапасына қойылатын міндетті талаптар қағидаттарында осы нарықтың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Тұжырымдама ЕАЭО-дағы дәрілік заттар нарығының қазіргі жай-күйіне қысқаша шолуды қамтиды. Мұның іс жүзінде 2019 жылы Одақ қағидалары бойынша дәрілік препараттарды тіркеу басталған кезде және ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде Одақтың GMP қағидаларына сәйкестігін тіркеу, сараптау және инспекциялау саласындағы уәкілетті органдардың ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін жалпы процестер қолданысқа енгізілгенде бастау алғаны атап өтілді. Тұжырымдама нарықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттары деп тіркеу рәсімдерін жетілдіру мен оңтайландыруды және дәрі айналысын реттеуді, ақпараттық жүйелер жұмысының тиімділігін арттыруды, Одақ елдерінде инфрақұрылым мен құзыреттерді, олардың фармацевтика өнімі өндірісі кезіндегі ынтымақтастығын дамытуды, халықаралық тәжірибені ескере отырып, дәрі айналысын реттеуді айқындайды. Дәрілік препараттардың ұлттық қағидалар бойынша берілген тіркеу куәліктері 2026 жылға дейін өз күшін сақтайды. ЕАЭО кедендік аумағындағы бұдан арғы айналыс мүмкіндігі үшін мұндай дәрілер тіркеу дерекнамасын Одақ актілеріне сәйкес келтіру рәсімінен өтуге және ЕАЭО-ның тіркелген дәрілік заттарының бірыңғай тізіліміне енгізілуге тиіс. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мүше мемлекеттерде ЕАЭО-ның тіркеу куәліктері бар дәрілік препараттар ғана айналыста болуға тиіс. Үкіметаралық кеңес қабылдаған құжатты іске асыру, сайып келгенде, Одақ елдерінің азаматтары үшін қауіпсіз әрі сапалы дәріге қол жеткізуді арттыруға тиіс.
15 тамыздың 2025
ЕАЭО-да тауарлардың ортақ биржалық нарығында сауда-саттықты дамыту бағдарламасы бекітілді
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарына сәйкес әзірленген тауарлардың ортақ биржалық нарығында сауда-саттықты дамыту бағдарламасын бекітті. Құжат төрт бөлімнен тұрады және жалпы ережелерді, іс-шаралар жүйесін, іске асыруды қамтамасыз ету механизмдерін және ресурстармен қамтамасыз етуді кірістіреді. Бағдарлама үш кезеңнен тұрады: ортақ биржалық нарықты қалыптастыру үшін құжаттарды әзірлеу, пилоттық жобаларды іске асыру және имитациялық сауда-саттықты өткізу, сондай-ақ 2029 жылға қарай биржалық нарықтың толық жұмыс істеуін бастау. Бағдарламада 14 іс-шара, соның ішінде Тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартты, Сауда-саттықты ұйымдастырушылар мен инфрақұрылымдық ұйымдар арасындағы келісімді, Одақ органдарының актілерін және сауда-саттықты ұйымдастырушылар арасындағы хаттамаларды әзірлеу және қабылдау бар.
15 тамыздың 2025
Үкімет басшылары ЕАЭО-да климаттық күн тәртібі мәселелерін реттеу жөніндегі тәсілдемелерді іске асыру жоспарын мақұлдады
15 тамызда Шолпан-Атада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үкімет басшылары ЕАЭО шеңберінде климаттық күн тәртібі мәселелерін реттеу жөніндегі тәсілдемелерді дамыту бойынша бес жылдық іс-шаралар жоспарын мақұлдады. Келісілген іс-шаралар Тәсілдемелерде көзделген механизмдерді іске асыруға бағытталған. Солардың арасында – Еуразиялық экономикалық комиссия мен мүше мемлекеттердің Одақ шеңберінде ЕАЭО елдерінің климаттық реттелу тудырған тосқауылдарды болдырмау жөніндегі бірлескен жұмысы, сондай-ақ саудаға байланысты климаттық шаралар бойынша халықаралық өзара іс-қимыл бар. Мақұлданған іс-шаралар тізбесі мүше мемлекеттердің климаттық күн тәртібі саласындағы ынтымақтастығы бөлігінде Одақ шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларацияларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы жоспарына енгізіледі.
15 тамыздың 2025
Үкіметаралық кеңес Комиссияның ЕАЭО елдеріндегі кәсіби біліктілікті өзара тану жөніндегі жұмысын қолдады
Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақтың еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие кәсіптер үшін біліктілік талаптарын жақындастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру жайында шешім қабылдады. Бұл шешім ЕАЭО елдерінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды оңайлатуға бағытталған. Талқылауға Еуразиялық экономикалық комиссияның Одақ мемлекеттерінің құзыретті органдарымен бірлесіп дайындаған баяндамасы негіз болды. Құжатта жіті талдау ұсынылған және ұлттық біліктілік жүйелерінің түйінді критерийлерін, кәсіптік білім беру деңгейін және еңбек қызметімен айналысуға қойылатын талаптарды қоса, оларды салғастыру берілген. Дәнекерлеушілердің біліктілігіне қойылатын талаптар талдау үшін практикалық мысал ретінде алынған. ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, ЕАЭО туралы шарт шеңберінде қолданылатын білім туралы құжаттарды тануға қарамастан, кәсіптік біліктілікті тану мәселесінде айырмашылық сақталуда. "Білім туралы құжаттарды тану – біз қазірдің өзінде нықтап қойған іргетас. Ендігі біздің міндетіміз – келесі қабатты тұрғызу: маманның Одақтың бір елінде алған кәсіби біліктілігі басқа елде түсінікті болуы және танылуы. Осы жұмысты жалғастыра отырып, біз азаматтарымыз үшін тосқауылдарды жоямыз және білікті кадрлардың еркін қозғалысы үшін жағдай жасаймыз", – деп атап өтті ЕЭК министрі.
15 тамыздың 2025
ЕҮАК ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасын бекітті
Еуразиялық үкіметаралық кеңес 15 тамызда Шолпан-Атада Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасын бекітті. Құжатты Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерімен бірлесіп, медициналық бұйымдардың ортақ нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін әзірледі. Тұжырымдама Одақтың осы саладағы құқығын одан әрі жетілдіруге, Комиссия актілерін Медициналық бұйымдарды реттеушілердің халықаралық форумының (IMDRF) құжаттарымен, соның ішінде олардың айналысы бойынша жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып үндестіруге бағытталған. Сондай-ақ, құжат Одақ елдеріндегі бизнес-процестерді оңайлату мақсатында медициналық бұйымдарды тіркеу мен олардың айналысы кезінде цифрлық процестерді дамытуға көмектесуге арналған. Тұжырымдамада аталған нарықтың жай-күйі, медициналық бұйымдар айналысы саласындағы Одақ құқығын интеграциялау мен үндестірудің қол жеткізілген деңгейі, IMDRF ұсынымдарын ескере отырып, айналыстың бірыңғай қағидаларын әзірлеу тәсілдемелері көрсетілген. Ортақ нарық жұмысының негізгі нәтижелері мен оны реттеудің перспективалық бағыттары да тіркелген. Тұжырымдамада медициналық бұйымдар жасалатын материалдардың қауіпсіздігі, сондай-ақ Одақ құқығында медициналық бұйымдардың айналысы және оларды стандарттау саласында аддитивті технологияларды қолдану тәсілдемелерін белгілеудің орындылығы мәселелеріне ерекше назар аударылған. Медициналық бұйымдарды бағалауға қойылатын талаптарды үндестіру бойынша мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы жалғасады. Мүдделі үшінші елдермен медициналық бұйымдардың айналысы саласында Одақ құқығы бойынша консультацияларды кеңейту жоспарлануда.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы