тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6986

25 қыркүйектің 2025 Андрей Слепнев: "ЕАЭО мен Иран арасындағы Еркін сауда туралы келісімді іске асыру жөніндегі үш жылдық ынтымақтастық жол картасына қол қойылды" Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев бұл туралы Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы осы жылғы мамыр айында күшіне енген Еркін сауда туралы толық форматты келісімді іске асыру жөніндегі Бірлескен комитеттің бірінші отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Отырысқа Иран тарапынан Бірлескен комитеттің тең төрағасы Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабак, сондай-ақ ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов қатысты. "Көлемді құжат, мысалы, көлік және логистика және ең алдымен "Солтүстік-Оңтүстік"дәлізі сияқты түйінді бөлімдерді қамтиды. Біз жасыл кеден дәліздерін қалыптастыру, цифрландыру, электрондық транзитке көшу туралы уағдаластық, бұл біздің кәсіпорындарымызға өз өнімдерін Иран нарығына жедел жеткізу мүмкіндігін ашады", — деп атап көрсетті Андрей Слепнев.  Сондай-ақ, бұл арада сөз "Еуразиялық агроэкспресс" жобасы бойынша салқын жүктерді тасымалдауды кеңейту, порттар желісі бойынша өзара іс-қимыл және Иран порттары арқылы Үнді мұхитының су айдынына шығу перспективасымен инфрақұрылым жоспарларын үйлестіру туралы болып отыр. Осыған байланысты ЕЭК министрі Үндістан тарапымен еркін сауда туралы келісім бойынша белсенді жүріп жатқан консультацияларды еске салып өтті. Бұдан басқа, Пәкістанмен дәл осындай өзара іс-қимыл "көкжиектен" көрініп тұр және бұл ирандық әріптестердің "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізіндегі ең маңызды буын ретінде сұранысты болуын күшейтеді. Андрей Слепнев Иранның ЕАЭО-дан келетін тауарлар импортына сани шектеулерін алып тастау жөніндегі байсалды жұмысқа тоқталды, оны әріптес тарапынан Еуразиялық "бестік" елдеріне берілген бірегей пұрсаттылық деп атауға болады.  "Халал" сертификаттау құжатына қол қоюды бөлек атап өткім келеді, бұл қазір ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы үшін маңызды тақырып. Бұл арада біз метрология бойынша ислам ұйымының стандарттарына сәйкес әрекет етуге келістік", — деді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі.  Тараптар стандарттар бойынша жұмысты бастау және саудадағы техникалық тосқауылдарды жою туралы уағдаласты. Реттеуші органдардың жәрдемімен ЕАЭО мен Иранның шағын және орта бизнес тауарларын жеткізу арнасын ұсынатын аса ірі маркетплейстері арасында практикалық диалог басталды. "Баспа-бас айырбасты дамыту, есептеулер, өңірдегі үшінші елдермен сауда саясатын үйлестіру, іскер топтардың ынтымақтастығы сияқты басқа да мәселелер қаралды", – деп атап өтті Андрей Слепнев.  Тауарлардың шығу тегін растаудың электрондық жүйесін әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және сауданы реттеу мәселелері бойынша ЕАЭО мен Иранның бизнесі үшін анықтамалық әзірлеу талқыланды. Тараптар Иранның ЕАЭО Фармакопеялық комитетінің жұмысына байқаушы ретінде қатысуын пысықтауға және медициналық аспаптар мен техника, сондай-ақ көлік құралдары мен қосалқы бөлшектер үшін өзара қол жеткізу жағдайларын жақсарту жөнінде консультациялар өткізуге уағдаласты. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерінің саудасына әсер ететін санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану мәселелерін қарау, навигациялық пломбаларды пайдалану жөнінде бірлескен ұсыныстар әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, кедендік ынтымақтастық жөнінде кіші комитет құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. ЕЭК Сауда жөніндегі министрінің сөзінше, Иранмен Еркін сауда туралы толық форматты келісім мамыр айында ғана күшіне енсе де, оның нәтижесі қазірдің өзінде көрініп тұр. Қаңтар айынан бастап тауар айналымы 16% өсті және бұл көрсеткіш 2019 жылғы Уақытша келісімнің қолданылу кезеңінен бастап байқалған елеулі өсуді бекіте түседі. Статистика деректері ЕАЭО мен Иран арасындағы тауар айналымы преференциялық сауда режимі жұмыс істей бастағаннан бері 2,2 еседен астам артқанын көрсетеді. Осыған байланысты ЕЭК Сауда жөніндегі министрі орта мерзімді перспективада сауданы екі есе арттыру және 12 млрд доллар деңгейіне жету жөніндегі бұрын айтылған жоспарды растады. 
Тағы да көрсету