тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Комиссия
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Техникалық реттеу
Татарицкий Валентин
Болеславович
Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті
Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті
тақырыбы бойынша жаңалықтар «Техникалық реттеу»
17 шілденің 2025
ЕАЭО-ның бірқатар техрегламенттерінің стандарттар тізбесін өзектендіру мәселесі бейінді Консультативтік комитетте талқыланды
Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі Консультативтік комитеттің 60-шы отырысында ЕЭК ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына техникалық регламенттердің жекелеген міндетті талаптарының орындалуын бақылау бойынша жетіспейтін әдістемелерді әзірлеу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұсыныстары талқыланды. Әзірлеуге құс еті мен оны қайта өңдеу өнімдеріне арналған техрегламентті зерттеудің (өлшеудің) екі әдістемесі ұсынылды. Олар құс өнімдеріндегі гормоналды және гормонға ұқсас заттардың қалдықтарын бақылау және құс етінен алынған өнімді салқындатып сақтау кезінде бөлінген ылғалдың массалық үлесін нормалау бөлігінде ЕАЭО ТР 051/2021 "кейінге қалдырылған" нормаларын іске асыруға бағытталған. Сонымен қатар, КО ТР 029/2012 "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық көмекші құралдардың қауіпсіздік талаптарын" және Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламенттің" (КО ТР 035/2014) талаптарын қамтамасыз ету үшін тамақ және темекі өнімдеріндегі кумариннің массалық үлесін өлшеу әдістемесін әзірлеу ұсынылды. Аталған жұмыстардың барлығын Комиссияның 2026-2027 жылдарға арналған ҒЗЖ жоспарына енгізу жоспарланып отыр. Отырыста иондаушы сәулелену көзі болып табылатын өнімге, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар бұйымдар мен тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды өзектендіру бойынша ұсыныстар мақұлданды. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген БСТ-ның II-тарауының 11-бөліміне енгізілетін тиісті өзгертулердің жобасы құқық қолдану практикасын және осындай өнімге қойылатын қолданыстағы талаптарды талдау нәтижелерін ескере отырып әзірленді және атап айтқанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің талаптарымен үйлестіруге бағытталған. Сонымен қатар "Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 009/2011) және "Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 049/2020) екі техрегламентке арналған стандарттар тізбесіне енгізілетін өзгертулер мақұлданды. Сондай-ақ, Консультативтік комитет жанындағы бірқатар тақырыптық жұмыс топтары мен кіші комитеттердің өзекті құрамдары бекітілді. Отырыс қорытындысы бойынша ЕЭК Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий Консультативтік комитет мүшелеріне маңызды мәселелерді қарау барысында танытқан сындарлы да ынталы көзқарастары үшін алғысын білдірді, Одақтың техникалық заңнамасын уақытылы және жан-жақты пысықтауды ұйымдастыру үшін осы алаңның маңыздылығы мен нәтижелілігін атап өтті, бейінді реттеушілер мен бизнес арасындағы келісілген шешімдерін тиімді әзірлеу бойынша вектордың сақталып қалатынына сенетінін айтты.
08 шілденің 2025
Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларыөзгертілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 8 маусымдағы отырысында Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларыныңөзгерістерін бекітті. Атап айтқанда, Медициналық бұйымдардың жаһандық номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың медициналық бұйымдар номенклатурасына медициналық бұйымдардың жаңа түрін қосуқажет болған кездегі тіркеу рәсімдері нақтыланды. Ықтимал тәуекелдің төмен кластарының медициналық бұйымдарын тіркеу үшін және in vitro диагностикасы үшінқұжаттар тізбесі түзетілді. Қабылданған түзетулер ЕАЭО құқығымен белгіленген медициналық бұйымдарды тіркеу және сараптау рәсімін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
08 шілденің 2025
Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы техникалық регламенттің күшіне ену мерзімі ауыстырылды
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресейдің ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің күшіне ену мерзімін 2028 жылғы 1 қыркүйекке ауыстырды. Бұл ЕАЭО-ныңтехникалық регламенттерін әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу жоспарына сәйкес әзірленіп жатқан түзетулер шеңберінде құжаттың бірқатар талаптарын өзектілендіруге және техникалық регламентті іске асыру үшін қажетті екінші деңгейдегі актілерді – стандарттар тізбесін және энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігінің заттаңбаларын әзірлеуді және қабылдауды аяқтауға мүмкіндік береді. ЕЭК Кеңесінің осы шешімімен Комиссия Кеңесініңэнергия тұтынатын құрылғылардың әртүрлі заттаңбаларының нысаны мен оларды ресімдеу қағидаларын белгілейтін шешімінің күшіне ену мерзімі 2028 жылғы 1 наурызға ауыстырылды. Сондай-ақ, техникалық регламентке орайлас бірқатар қосымшада белгіленген жекелеген талаптардың күшіне ену мерзімі үш жылға ауыстырылды.
01 шілденің 2025
Косметикалық өнімдерге арналған стандарттарды әзірлеу бағдарламасына өзгертулер енгізілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техрегламентті іске асыруды және қолдануды қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасына енгізілетін өзгертулерді бекітті. Енгізілген өзгертулер арқылы бес мемлекетаралық стандарттарды, оның ішінде Қытай Халық Республикасының стандарттары негізінде парфюмерлік-косметикалық өнімдегі формальдегидті анықтау жөніндегі екі стандартты, ISO халықаралық стандарттары негізінде күннен қорғау құралдарын сынау әдістеріне арналған екі стандартты және SMIIC ислам елдерінің Стандарттау және метрология институтының стандарты негізінде Halal парфюмерлік-косметикалық өнімі бойынша бір стандартты әзірлеу көзделген. Сонымен қатар тоғыз мемлекетаралық стандартқа өзгертулер енгізу жоспарланған.
Тағы да көрсету
Бағыт бойынша материалдар
06 қыркүйектің 2024
ЕАЭО елдерінің бірыңғай фармацевтикалық нарығын құру. Пациенттер қандай пайда көреді?
ЕАЭО-ға мүше елдерде ұлттық рәсімдер бойынша тіркелген барлық дәрі-дәрмектер Еуразиялық экономикалық одақ ережелерімен сәйкестендірілуі тиіс болатын өтпелі кезеңнің аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Ол 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады, ал әрі қарай нарықта Одақ талаптары бойынша тіркеу рәсімінен өткен дәрі-дәрмектер ғана қалады. Бұл процесс ауқымды әрі елдеріміздің денсаулық сақтау жүйелері мен пациенттері үшін өте маңызды, сондықтан мамандар мен сала қатысушыларын оның қалай жүріп жатқаны алаңдатады. «Қазақстанның фармацевтикалық шолуы» ақпараттық-талдамалық басылымының редакциясы қазіргі уақытта елдер бойынша тіркеу көрінісінің қандай болып жатқаны, өтінім берушілер мен реттеушілердің қандай қиындықтарға кезігетіні, дәрі-дәрмектерді тұтынушылардың қандай пайда көруі мүмкін екені туралы сұрақтармен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасына жүгінді. Біздің сұрақтарымызға ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары МАМБЕТАЛИЕВА Чинара Мырзакматовна жауап берді.
14 желтоқсанның 2016
ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валерий Корешковтың БелТА ақпараттық агенттігіне Еуразиялық экономикалық одақта дәрілік заттардың ортақ нарығын құру тақырыбы бойынша берген сұхбаты
Дәрілік заттар – Еуразиялық экономикалық одақ елдері ортақ нарықтың жұмыс істей бастауына етене жақындаған ерекше тауарлардың алғашқы тобы. ЕАЭО-да бұл тәжірибені пайдалана отырып, қандай да бір дәрежеде басқа да – қаржылық, энергетикалық, мұнай-газ т.б. бірыңғай нарықтар құрылатын болады. БелТА тілшісі Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Валерий Корешковпен алда қандай кезеңдерді өту керектігі және ортақ дәрі-дәрмек нарығы қалай жұмыс істейтіні туралы әңгімелесті.
18 қарашаның 2016
ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс»
2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.
09 қарашаның 2016
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Адамкул Жунусов «РУСАРМИНФО» сұрақтарына жауап берді және Арменияның Еуразиялық одақтың бірыңғай энергетикалық нарығына интеграциялану деңгейін бағалады
Арменияның ЕАЭО бірыңғай энергетикалық нарығына интеграциялану деңгейін қалай бағалайсыз? Дамудың қандай объективтік мүмкіндіктері бар?