тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6852

15 тамыздың 2025 Үкіметаралық кеңес Комиссияның ЕАЭО елдеріндегі кәсіби біліктілікті өзара тану жөніндегі жұмысын қолдады Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақтың еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие кәсіптер үшін біліктілік талаптарын жақындастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру жайында шешім қабылдады. Бұл шешім ЕАЭО елдерінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды оңайлатуға бағытталған. Талқылауға Еуразиялық экономикалық комиссияның Одақ мемлекеттерінің құзыретті органдарымен бірлесіп дайындаған баяндамасы негіз болды. Құжатта жіті талдау ұсынылған және ұлттық біліктілік жүйелерінің түйінді критерийлерін, кәсіптік білім беру деңгейін және еңбек қызметімен айналысуға қойылатын талаптарды қоса, оларды салғастыру берілген. Дәнекерлеушілердің біліктілігіне қойылатын талаптар талдау үшін практикалық мысал ретінде алынған. ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, ЕАЭО туралы шарт шеңберінде қолданылатын білім туралы құжаттарды тануға қарамастан, кәсіптік біліктілікті тану мәселесінде айырмашылық сақталуда. "Білім туралы құжаттарды тану – біз қазірдің өзінде нықтап қойған іргетас. Ендігі біздің міндетіміз – келесі қабатты тұрғызу: маманның Одақтың бір елінде алған кәсіби біліктілігі басқа елде түсінікті болуы және танылуы. Осы жұмысты жалғастыра отырып, біз азаматтарымыз үшін тосқауылдарды жоямыз және білікті кадрлардың еркін қозғалысы үшін жағдай жасаймыз", – деп атап өтті ЕЭК министрі.
15 тамыздың 2025 ЕҮАК ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасын бекітті Еуразиялық үкіметаралық кеңес 15 тамызда Шолпан-Атада Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасын бекітті. Құжатты Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерімен бірлесіп, медициналық бұйымдардың ортақ нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін әзірледі. Тұжырымдама Одақтың осы саладағы құқығын одан әрі жетілдіруге, Комиссия актілерін Медициналық бұйымдарды реттеушілердің халықаралық форумының (IMDRF) құжаттарымен, соның ішінде олардың айналысы бойынша жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып үндестіруге бағытталған. Сондай-ақ, құжат Одақ елдеріндегі бизнес-процестерді оңайлату мақсатында медициналық бұйымдарды тіркеу мен олардың айналысы кезінде цифрлық процестерді дамытуға көмектесуге арналған. Тұжырымдамада аталған нарықтың жай-күйі, медициналық бұйымдар айналысы саласындағы Одақ құқығын интеграциялау мен үндестірудің қол жеткізілген деңгейі, IMDRF ұсынымдарын ескере отырып, айналыстың бірыңғай қағидаларын әзірлеу тәсілдемелері көрсетілген. Ортақ нарық жұмысының негізгі нәтижелері мен оны реттеудің перспективалық бағыттары да тіркелген. Тұжырымдамада медициналық бұйымдар жасалатын материалдардың қауіпсіздігі, сондай-ақ Одақ құқығында медициналық бұйымдардың айналысы және оларды стандарттау саласында аддитивті технологияларды қолдану тәсілдемелерін белгілеудің орындылығы мәселелеріне ерекше назар аударылған. Медициналық бұйымдарды бағалауға қойылатын талаптарды үндестіру бойынша мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы жалғасады. Мүдделі үшінші елдермен медициналық бұйымдардың айналысы саласында Одақ құқығы бойынша консультацияларды кеңейту жоспарлануда.
15 тамыздың 2025 ЕАЭО цифрлық көлік құжаттарын қолдана отырып теміржол жүк тасымалының көлемін өсіре түсуді жалғастырады Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев бұл туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының ЕАЭО ішінде және үшінші елдермен, атап айтқанда, Қытай Халық Республикасымен теміржол жүк тасымалын цифрландыру жөніндегі жоспарды іске асыру туралы жыл сайынғы баяндаманы қарауының қорытындысы бойынша хабарлады. Бұл ретте ол тиісті практикалық жұмыстың нәтижесі рәсімдерді оңайлату, бизнес үшін шығындарды азайту әрі тауарлардың қозғалысын барынша жеделдету болып табылатынын атап көрсетті. «2024 жылға қарай ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы теміржол тасымалы кезінде цифрлық көлік құжаттарына көшуді қамтамасыз етті», – деп атап өтті Андрей Слепнев. Атап айтқанда, «Ресей темір жолдары» ААҚ мен «Беларусь темір жолы» мемлекеттік бірлестігі арасында соңғы бірнеше жылда электрондық деректермен алмасу деңгейі кемінде 90%-ға жетті, ал қазақстандық «ҚТЖ ҰК» АҚ және Ресей мен Қырғызстанның теміржол тасымалдаушылары арасында бұл деңгей 80%-дан асты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Ресей Федерациясының электрондық құжаттар бойынша тасымалдау көлемі Беларусь Республикасымен 90% және Қазақстан Республикасымен 79% құрады. Тауарға берілетін электрондық ілеспе құжаттарға көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды да атап өту маңызды. Мәселен, «РТЖ» ААҚ тарапынан жүк жөнелтушіден/экспедитордан электрондық қолтаңбамен қол қойылған электрондық тауарға ілеспе құжаттарды кеден органдарына бере отырып және кедендік рәсім аяқталған кезде кедендік операцияларды жасау үшін «Беларусь темір жолы» мемлекеттік бірлестігіне бере отырып, өздерінің ақпараттық жүйелеріне қабылдау мүмкіндігі іске асырылды. Бұл технология «Интертран» жобасы шеңберіндегі тасымал кезінде Ресей мен Беларусь арасында қолданылады. «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында теміржол жүк тасымалын цифрландырудан басқа, ҚХР-мен белсенді жұмыс жүргізілуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Ресей мен Қытайдың теміржол тасымалдаушылары арасындағы дұрыс электрондық қатынастардың көлемі 90% құрады. Қазақстан мен Қытай теміржолдары арасында электрондық алмасуға жататын деректердің толықтығы мен сапа көрсеткіші 80-90%-ға жетті», – деп сөзін жалғастырды ЕЭК Сауда жөніндегі министрі. Андрей Слепневтің сөзінше, ҚХР-мен жүк тасымалын цифрландыру саласындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңі 2024 жылғы желтоқсанда трансшекаралық электрондық құжат айналымын жүзеге асыру үшін сертификаттар шығару бойынша Ресей мен Қытайдың теміржол тасымалдаушыларының куәландырушы орталықтарының өзара іс-қимылы туралы келісімге қол қою болды. Бұл құжат екі елдің теміржолдары арасында электрондық қолтаңбаны қолдануды қамтамасыз етеді. 2024 жылғы желтоқсанның соңында "РТЖ" ААҚ мен "Қытай темір жолдары" МК арасында Забайкальск – Маньчжурия шекара өткелі арқылы экспорттық-импорттық қатынаста қағазсыз тестілік тасымалдар іске қосылды. 2025 жылы электрондық жүкқұжатпен ресімделетін тасымал географиясын біртіндеп кеңейту жоспарлануда.
15 тамыздың 2025 Үкіметаралық кеңес әкелу баждары түсімінің өсуін тіркеп айқындады Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО мемлекеттерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу туралы жыл сайынғы есебін қарады. Құжатқа сәйкес, 2024 жылы Одақ елдерінің бюджеттеріне 15,2 миллиард доллар түсті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3% дерлік көп. Бұл 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Құжатта кедендік төлемдер көлеміне әсер ететін факторлар – импорттық жеткізілімдер динамикасы мен сауда ағындарының құрылымы, Бірыңғай кедендік тариф (БКТ) ставкаларының өзгерісі, сондай-ақ қолданылатын тарифтік жеңілдіктер мен БКТ-дан "алып қою" талданған. ЕАЭО елдерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін есептеу әдістемесі бойынша жұмыс туралы жаңа бөлім қосылған. "Кедендік әкелу баждары көлемінің өсуі оң динамиканы айғақтайды және біздің міндетіміз ағымдағы көрсеткіштерді қолдап қана қоймай, сонымен бірге, интеграцияның экономикалық нәтижесін одан әрі арттыру үшін жағдай жасау", – деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов. Үкіметаралық кеңес ЕЭК Алқасына мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу мониторингі бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Тағы да көрсету