тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6872

05 қыркүйектің 2025 Руслан Давыдов: "Қиыр Шығыс ЕАЭО елдерінің көлік әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады" Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Шығыс экономикалық форумының "Ресейдің көлік егемендігін қамтамасыз етудегі Қиыр Шығыстың рөлі" сессиясында сөз сөйлеп, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің көлік әлеуетін дамытуға және нығайтуға бағытталған жобалардың іске асырылу барысы туралы айтты. "Бірыңғай транзиттік жүйені ендіру, навигациялық пломбаларды қолдануды іске асыру, өткізу пункттерін жайластыру мен жарақтандыруға қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу, сондай-ақ электрондық сауданы реттеуді қалыптастыру – Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі жұмысының түйінді бағыттары", – деп атап өтті Руслан Давыдов.  ЕЭК министрі Владивосток теңіз сауда портында жүргізуші кабинадан шықпай-ақ көлік құралы мен тауарлары бар контейнерді сканерлеуге мүмкіндік беретін портал типіндегі инспекциялық- тексеріп қарау кешені жұмыс істей бастағанын да айтып өтті. Оның сөзінше, мұндай технологиялар Еуразиялық "бестіктің" барлық еліндегі интеллектуалдық өткізу пункттерінің негізі болуға тиіс. Сессияға Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің, Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері де қатысты.
05 қыркүйектің 2025 ЕАЭО Декларациясын іске асыру жөніндегі жол картасын дайындау ақтық кезеңіне шықты 3-4 қыркүйекте Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиевтің төрағалығымен өткен жоғары деңгейдегі кеңестерде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру жөніндегі жол картасының жобасы қаралды. Кездесулер ЕАЭО елдерінің Комиссиямен өзара іс-қимылға уәкілеттік берілген мемлекеттік билік органдары басшыларының орынбасарлары деңгейінде, сондай-ақ ЕЭК бейінді министрлерінің қатысуымен өтті. Көптеген принципті мәселе бойынша уағдаластыққа қол жеткізілгені атап өтілді. Таяу арада құжат ЕЭК Кеңесінің мүшелеріне ұсынылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, кеңестер барысында 2025-Стратегиясын іске асырудың айрықша назар аударуды талап ететін және неғұрлым жоғары деңгейде қарау жоспарланған мәселелері талқыланды. 2023 жылғы 25 желтоқсанда ЕАЭО мемлекеттерінің президенттері ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясына қол қойды.
Тағы да көрсету