Жаңалықтар

04.12.2020

Нұрлан Байназаров ЕЭК-тің Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

​​Нұрлан Күлмесханұлы Байназаров 1978 жылғы 11 тамызда туған. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және 2005 жылы Қаржы полициясы академиясын бітірген. ​ Нұрлан Күлмесханұлы Байназаров 1978 жылғы 11 тамызда туған. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және 2005 жылы Қаржы полициясы академиясын бітірген.

Еңбек қызметін 2000 жылы Мемлекеттік кірістер министрлігі Кеден комитетінде бастаған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің жетекші инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығынан Ұйымдастыру және бақылау басқармасы бастығының орынбасарына дейінгі лауазымдарды атқарды (Астана). 

2017 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы болды (Мәскеу).

2020 жылғы 3 желтоқсаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.​