Жаңалықтар

09.03.2023

ЕЭК делегациясы БАӘ-де логистикалық хаб құру мүмкіндігін талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссиясы Сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиковтың Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) сапары аясында Дубай Сауда палатасының вице-президенті Хасан Эль Хашими бастаған БАӘ іскер топтарының делегациясымен кездесу өтті. Іс-шара барысында тараптар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен осы Таяу Шығыс елі арасындағы ынтымақтастықты кеңейту болашағы жөнінде пікір алмасты.

Владимир Серпиков ЕАЭО мен БАӘ арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту туралы сөз болды. БАӘ-ны «Еуразиялық агроэкспресс» жобасына қосу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

 Мұндай жобаларды іске асыру электрондық көлік және тауарға берілетін ілеспе құжаттарды пайдалана отырып, теміржол көлігімен жүктерді тасымалдаудың кешенді цифрлық технологиясына көшуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жеткізу уақытын қысқартуға, сондай-ақ саудадағы әкімшілік кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.

«Біз БАӘ-да әмірліктер тарапы мүдделі болған жағдайда ЕАЭО мемлекеттерінің Таяу Шығыс өңірі елдерімен, ал болашақта Африка елдерімен сауда-саттықты кеңейтуге мүмкіндік беретін дистрибьюторлық желіні және көлік хабын құрудың айтарлықтай әлеуетін көріп отырмыз», - деп атап өтті Владимир Серпиков.

Хасан Эль Хашими ЕАЭО елдерімен, оның ішінде аталған мәселелер бойынша кешенді ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытқанын растады.

Ол сондай-ақ жақын арада Мәскеуде Дубай Сауда Палатасының өкілдігін ашу ниеті бар екені туралы хабарлады, сондай-ақ 2023 жылғы 14-17 маусымда Санкт-Петербург қаласында өтетін Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумына қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді.