Жаңалықтар

17.09.2024

Дәрілердің рецептсіз санаттарын айқындау қағидалары толықтырылды, дәрілік препараттың өндірілген күні мен жарамдылық мерзімін бастап есептеу күнін көрсету форматы өзгертілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы дәрілік препараттардың рецептсіз санаттарын айқындау жөніндегі шешімге өзгерістер енгізді. Дәрілерді рецептсіз босатуға жатқызудың жалпы критерийлері жекелеген белсенді заттек үшін арнайы критерийлермен толықтырылды. Егер өндіруші осы белсенді заттекке тән тәуекел факторларын ескерсе және рецептсіз сатуға болатын дәрілер тізімін кеңейтсе, мұндай тәсілдеме дәрілік препараттарды рецептсіз босатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Комиссия Алқасының 2020 жылғы 26 ақпандағы № 2 ұсынымымен белгіленген дәрілік препараттың өндірілген күні мен жарамдылық мерзімін бастап есептеу күнін көрсету форматына Комиссия өзгерістер енгізді. Фармацевтикалық өндірушілердің мүмкіндіктерін пайдалану үшін жарамдылық мерзімі аяқталған ай мен жылды көрсете отырып, күнді көрсетудің барынша икемді форматтарын қолдануға рұқсат етіледі. Бұл ретте жарамдылық мерзімінің аяқталу күні кодтаушы жолда көрсетілген айдың соңғы күні болып табылады.