Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
25 тамыздың 2025
Гоар Барсегян: «Комиссия ЕАЭО-ның кәсіпорындары арасында берік өндірістік байланысты нығайтуға жәрдемдеседі»
Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян Қазақстан Республикасына сапары шеңберінде Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевпен келіссөздер жүргізді. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың өнеркәсіптік күн тәртібін іске асыру бойынша өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін қарады. Министрлер өнеркәсіптік сектордағы кооперацияны дамыту бөлігінде диалогты тереңдетудің маңыздылығын атап көрсетті, ЕАЭО-ның өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің "ИННОПРОМ"-дағы алдағы отырысына байланысты мәселелерді талқылады. Гоар Барсегян Қазақстанның ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен индустриялық аймақтарына барды. Атап айтқанда, ол Алматы индустриялық аймағының автомобиль жасау өнімдері мен жиынтықтауыштарын шығаруға маманданған кәсіпорындарында және Алматы желдеткіш зауытында болды. "Біз өнеркәсіптің бірқатар басымдықты саласы бойынша Қазақстан кәсіпорындарымен ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстанның мүдделі компанияларының өкілдерімен тығыз жұмыс істеу жаңа кооперациялық тізбектерге шығуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Гоар Барсегян. ЕЭК министрінің республика кәсіпкерлерімен, соның ішінде дөңгелек үстел форматындағы жұмыс кездесулері болып өтті. Одақ шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру механизмін іске асыру, сондай-ақ кәсіпорындарды Еуразиялық интеграциялық жобаларды қолдау бағдарламасына енгізу шарттары талқыланды. "ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлерінде технологиялар ауысу және тиімді интеграциялық байланыстарды қалыптастыру үшін барлық ресурс бар", – деп түйіндеді Гоар Барсегян.
22 тамыздың 2025
ЕЭК теміржол машина жасау саласындағы ынтымақтастықты қаржылық жәрдемдесу механизмін пайдалана отырып жандандандырады
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде теміржол машина жасау саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі блогының өкілдері Коломна көліктік машина жасау зауытының Мәскеу маңындағы өндірістік алаңында Беларусь станок жасау кәсіпорындарының басшылығымен және техникалық мамандарымен бірқатар жұмыс кездесуін өткізді. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын 1 МВт-тан 7,35 МВт-қа дейінгі қуат диапазонында қозғалтқыштар өндірісін дамыту жобасын әзірлеумен айналысады. ЕАЭО шеңберінде оны, соның ішінде өнеркәсіп салаларындағы кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмі арқылы іске асыру жоспарланған. Іс-шаралар барысында тараптар ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, коммерциялық ұсыныстарымен ауысуға және жабдықтарды жеткізу шарттарын дайындауға кірісті. Осыған байланысты ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Виталий Вовк: "Біздің Одақ елдерінің өнеркәсіпшілері жекелеген кәсіпорындардың ғана емес, бүкіл Еуразиялық көліктік машина жасау кластері мен өнеркәсіптің аралас салаларының технологиялық егемендігіне қол жеткізу үшін жаңа кооперациялық тізбектер құрудың маңыздылығын түсінуі қажет", – деп атап өтті. "Белоргстанкинпром", "Вистан", "Рухсервомотор", "Красный борец", ГСТЗ, "Станко-Гомель" сияқты компаниялардың өкілдерімен де жұмыс кездесулері өткізілді. Коломна зауыты магистралдық жолаушылар тепловоздарын, электровоздар мен дизелді қозғалтқыштарды шығарады.
22 тамыздың 2025
Малайзияда ЕАЭО мен АСЕАН-ның 2030 жылға дейінгі ынтымақтастық жоспарлары талқыланды
21 тамызда Куала – Лумпурда (Малайзия) Ресей-АСЕАН экономикасы бойынша аға лауазымды тұлғалардың консультациялары шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (АСЕАН) арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы нәтижелері мен перспективаларын талқылау болып өтті. Еуразиялық экономикалық комиссия атынан ЕЭК Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Микаел Беллуян өкілдік етті. ЕЭК өкілі ЕЭК пен АСЕАН арасындағы ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асырудың қорытындысын шығарып, диалогты дамытудың жақсы серпінін және мұны одан әрі тереңдетудің жоғары әлеуетін атап өтті. "Осы жылы біз 2021-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыруды аяқтаймыз. Бұл кезең ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Ынтымақтастықтың институционалдық базасы қалыптастырылды және күшейтілді, өзара іс-қимылдың жаңа форматтары мен механизмдері, соның ішінде ЕАЭО-АСЕАН күндері, салалық семинарлар, бизнес–диалогтың көшпелі сессиялары сыннан өтті", – деді Микаел Беллуян. ЕЭК департаментінің директоры ЕЭК пен АСЕАН ынтымақтастығының 2026-2030 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы бойынша жұмыс туралы айтып берді. "Бұл құжатта ынтымақтастықтың сыннан өткен форматтарына да, салалық өзара іс-қимылды кеңейтуге де баса назар аударылған. Жаңа бағыттардың арасында ауыл шаруашылығы, бәсекелестік саясат пен құқық қолдану, трансшекаралық және халықаралық жүк тасымалы бар. Жаңа бағдарлама шеңберінде орнықты даму, цифрландыру, инновациялар мен технологиялық ілгерішілдік мәселелері бойынша диалогты дамытуға айрықша назар аударылатын болады", – деп түсіндірді ЕЭК Интеграцияны дамыту департаментінің басшысы. Микаел Беллуян АСЕАН Бас хатшысының орынбасары Сатвиндер Сингхпен орта мерзімді перспективаға арналған, соның ішінде ЕАЭО-ға АСЕАН жанындағы секторлық немесе диалогтық әріптес мәртебесін беру бағытындағы ынтымақтастық жоспарларын талқылады. Консультациялар алаңында ЕЭК-тің АСЕАН елдеріндегі әріптестерімен де жұмыс кездесулері болып өтті. ЕЭК штаб-пәтерінде Малайзия өкілдерімен осы елдің ресми топтары үшін өзара іс-қимылды рәсімилеу және ЕАЭО-ның таныстырылымын өткізу перспективалары талқыланды. Индонезия делегациясымен Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысын өткізу мәселелері пысықталды.
21 тамыздың 2025
Гоар Барсегян: «ЕАЭО өнеркәсіптегі және АӨК-тегі стратегиялық мақсаттарды іске асыруда ілгерішілдік көрсетіп отыр".
Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян ЕЭК-тің Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп өндірістік тізбектерді интеграциялау, инновациялық технологияларды дамыту және мүше мемлекеттер кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмысының маңыздылығын атап көрсетті. Гоар Барсегян Мәскеуде өткен "Жаңа дәуір – жаңа жолдар" дүниежүзілік форумына қатысушылардың II жыл сайынғы кездесуі барысындағы "Үлкен Еуразиялық әріптестік: дамудың векторлары мен құралдары" пленарлық отырысында ЕАЭО шеңберіндегі осы қызметке баса назар аударды. "Одақ өнеркәсіптік сектор мен АӨК дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттарды іске асыруда тұрақты ілгерішілдік көрсетіп отыр. Біздің бірлескен жобаларымыз ішкі нарықты нығайтуға ғана емес, ЕАЭО-ның әлемдік деңгейдегі экспорттық әлеуетін арттыруға да ықпал етеді", – деп мәлімдеді ЕЭК министрі. Гоар Барсегян Еуразиялық "бестікке" қатысушы елдердің Еуразиялық кеңістікте орнықты экономикалық өсуге және сауда байланыстарын кеңейтуге жағдай жасауда бірлескен күш-жігерінің маңызды екенін атап көрсетті. Оның сөзінше, ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны қаржылық қолдау механизмін іске қосу жақсы үлгі болып табылады. "Механизмнің сәтті іске қосылуын және оның экономиканың индустриялық секторында практикалық қолданылуын ескере отырып, Комиссия қазіргі уақытта оны агроөнеркәсіптік кешенге тарату үшін жұмыс істеуде", – деп атап көрсетті Гоар Барсегян.
20 тамыздың 2025
Андрей Слепнев ЕАЭО мен Үндістан арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөз топтарының жетекшілерін қабылдады
20 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Еуразиялық экономикалық одақ пен Үндістан Республикасы арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөз топтарының жетекшілерін – ЕЭК Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Михаил Черекаевты және Үндістан Республикасы Сауда және өнеркәсіп министрлігі жанындағы Коммерция департаментінің қосымша хатшысы Шри Аджай Бадуды қабылдады. Келіссөз топтарының жетекшілері ЕЭК министрін келіссөздерге арналған техникалық тапсырманы бекіту туралы хабардар етті. Тараптар келіссөз процесін бастау жөніндегі бұдан арғы қадамдарды және болашақ сауда мәмілесінің басқа да ұйымдастырушылық жәйіттерін талқылады. "Соңғы бірнеше жыл ішінде байқалып отырған ЕАЭО-ның Үндістанмен тауар айналымының айтарлықтай өскенін қанағаттанушылықпен атап өтеміз. Сауда көлемінің одан әрі өсуіне, сондай-ақ салалық ынтымақтастықтың, соның ішінде "Солтүстік – Оңтүстік" экономикалық дәлізін пайдалана отырып нығаюына сенім артамыз", – деп мәлімдеді Андрей Слепнев. Халықаралық сауда орталығының (Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Біріккен Ұлттар ұйымының бірлескен агенттігі) деректері бойынша, ЕАЭО елдері мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 69 млрд долл. құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 7% артты.
19 тамыздың 2025
ЕЭК ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын өндіру әдістері мен схемаларын біріздендіруге орайлас тәсілдемелер мен қант саласын орнықты дамыту жөнінде шаралар қабылдады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 19 тамыздағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде айналыста болған кезде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын (отырғызу материалын) өндіру әдістері мен схемаларын біріздендіруге орайлас тәсілдемелер мен қант саласын орнықты дамыту жөніндегі шаралар туралы ұсынымдар қабылдады. "Тұқым шаруашылығы жөніндегі құжат Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары бекіткен тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық заңнаманы дәйекті жақындастыру және ауыл шаруашылығы өндірісін таңдаулы сұрыптардың жоғары сапалы тұқымымен қамтамасыз ету мақсатында біріздендіру шараларының тізбесін іске асыру үшін қабылданды", – деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян. Қабылданған тәсілдемелер Одақ мемлекеттеріне дәнді, дәнді-бұршақты, техникалық, майлы, жеміс-жидек дақылдары мен картоптың тұқымын (отырғызу материалын) өндірудің ғылыми негізделген әдістері мен схемаларын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сақтау бойынша ғылыми негізделген іс-шаралар мен әдістерді қолдануды ұсынады, солардың негізінде жоғары сұрыпты және өнімді қасиеттері бар тұқым өсіру қамтамасыз етіледі. Құжатта тұқым өндіру схемасында көрсетілетін, соның ішінде дақыл, сұрып, тұқымды өндіру, себуге дайындау, себу және жинау, өңдеу, сақтау мен негізгі агротехникалық және өзге де іс-шаралар бойынша қажетті іс-шаралар туралы ақпарат көзделген. ЕЭК ұсынымын пайдалану ең таңдаулы сұрыптық, шаруашылық жағынан құнды және биологиялық қасиеттерімен ерекшеленетін жоғары сапалы сұрып тұқымдарының сұрып ауыстыру және сұрып жаңарту үшін талап етілетін көлемін өндіруді және өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындары тұқым (отырғызу материалын) өндіру кезінде рәсімдердің баламалылығы қамтамасыз етілетіні де маңызды, ал ұлттық заңнамада өзара саудаға әсер ететін айырмашылықтар алып тасталатын болады. Комиссия ұсынған қант саласын орнықты дамыту жөніндегі шаралар кешеніне келетін болсақ, оны іске асыру да бірқатар практикалық мәселені шешуге көмектеседі. Ең алдымен сала жұмысының тиімділігін арттыруға, қантқа, өндіріс құралдарына деген импорттық тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді, экспорттық әлеуетті өсіре түсуге ықпал ететін болады.
19 тамыздың 2025
ЕЭК тамақ өніміне арналған техникалық регламентке орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 19 тамызда Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне орайлас ерікті қолдану стандарттарының тізбесіне өзгерістер енгізді. Стандарттар тізбесі екі мемлекетаралық стандартпен толықтырылды – МемСТ 35038-2023 "Астық негізіндегі өнім. Талқан" және МемСТ 35041-2023 "Астық негізіндегі өнім. Сумолок. Техникалық шарттар". Бұларды көрсетілген техникалық регламенттің бағдарламасына сәйкес Қырғыз Республикасы әзірлеген. Бұдан басқа, Қырғыз Республикасының екі ұлттық стандарты алып тасталды, өйткені олардың негізінде тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірленді. Өзгерістер ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді. Өзгерістерді Комиссия ЕЭК Кеңесі 2016 жылы бекіткен Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібінің (Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 65 шешімінің редакциясында) 36-тармағының "б" тармақшасын іске асыру шеңберінде дайындады.
19 тамыздың 2025
Экспресс-жүктерге арналған декларацияны толтыру қағидалары қарқынды түрде біріздендірілуде
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 19 тамызда мәліметтерді мәлімдеу тәртібін одан әрі біріздендіруге бағытталған экспресс-жүктер үшін декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізді. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру туралы мәліметтерді ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде көрсету қажет болады, ал қазір мұндай ақпарат Одақтың үш елінде ұсынылады. Бұл уақытша сақтауға және декларациялауға байланысты кедендік операцияларды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бекітілген өзгерістер декларацияда ЕАЭО елдерінің валюталық заңнамасының сақталуына байланысты мәліметтерді мәлімдеуге мүмкіндік береді, бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың оларды жеке ұсынуы қажеттігін болдырмайды және кедендік операцияларды жасау уақытына оң әсер етуі мүмкін. ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен экспресс-тасымалдаушылар өткізетін сауда айналымы шеңберінде тауарларды кедендік декларациялау кезінде қолданылатын экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны толтыру нысаны мен тәртібі бекітілді.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы