Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
08 шілденің 2025
ЕАЭО-дағы таңбалаудыңбіріздендірілген қағидалары қызыл және қара уылдырыққа, велосипедтерге, жағармайларға, антисептиктерге қолданылады
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресей Федерациясының ұсыныстарын қарап, тауарлардың бірқатар жаңа санатына қатысты цифрлық таңбалаудың жалпы қағидаларын белгілеу туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, сөзбекіренің және албырт балықтардың уылдырығы, велосипедтер мен велосипед жақтаулары, жағармайдың жекелеген түрлері, майлау материалдары және арнайы автомобиль сұйықтықтары, микробқа қарсы әсері бар косметикалық өнімдер, сондай-ақ дезинфекциялау құралдары туралы болып отыр. "Таңбаланатын тауарлар санын кеңейтутұтынушылардың өнімнің түпнұсқалығына көз жеткізуіне, сондай-ақзаңсыз айналымды азайту есебінен нарықтың адал қатысушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін Одақтың жалпы таңбалау жүйесін дамытудыайғақтайды", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Ол тауарлардың жаңа топтарын таңбалау бұрынғыдай біріздендірілген қағидалар бойынша жүргізілетінін атап көрсетті. Бұл ретте Комиссия Кеңесінің 2019 жылғышешімімен бекітілген ЕАЭО-да тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдық моделінің ережелері ескеріледі. Сөйтіп, таңбалау кодтарын өзара тану қамтамасыз етіледі, бұл тауарлардың Одақ аумағындағы айналысы кезінде оларды қайта таңбалау қажеттігін болдырмайды.
08 шілденің 2025
ЕЭК Кеңесінің шешімі құрамында никотин бар заңсыз өнімнің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялықпломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалап отыруүшін осындай пломбалар қолданылатын тауарлардың қосымша санаттарын айқындау туралы шешім қабылдады. Аталған Келісім күшіне енді. ЕАЭО елдері тасымалдарды қадағалап отырудыіске қосу үшін қажетті іс-шараларды аяқтайды, Комиссия содан кейін тиісті шешім қабылдайды. Ұсынылып отырған бұл реттеу құрамында никотин бар өнімдерге, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2404, 2939 79 000 0, 2939 80 000 0 тауар позицияларында сыныпталатын, Одақ аумағынанэкспорттың кедендік рәсіміне сәйкес автомобиль көлігіменәкетілетін никотин шикізатына қатысты болады. Бұл тауарларды қадағалап отыруКелісімге сәйкес тасымалдауды қадағалап отырудың бірінші кезеңінен басталады. ЕЭК Кеңесінің шешімі кәсіпкерлердің Комиссияның сарапшы тобының жұмысына тікелей қатысуы кезіндегіұсыныстары негізінде дайындалды. Оны іске асыру ЕАЭО-да құрамында никотин бар заңсыз өнімнің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.
08 шілденің 2025
Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларыөзгертілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 8 маусымдағы отырысында Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларыныңөзгерістерін бекітті. Атап айтқанда, Медициналық бұйымдардың жаһандық номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың медициналық бұйымдар номенклатурасына медициналық бұйымдардың жаңа түрін қосуқажет болған кездегі тіркеу рәсімдері нақтыланды. Ықтимал тәуекелдің төмен кластарының медициналық бұйымдарын тіркеу үшін және in vitro диагностикасы үшінқұжаттар тізбесі түзетілді. Қабылданған түзетулер ЕАЭО құқығымен белгіленген медициналық бұйымдарды тіркеу және сараптау рәсімін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
08 шілденің 2025
Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы техникалық регламенттің күшіне ену мерзімі ауыстырылды
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресейдің ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің күшіне ену мерзімін 2028 жылғы 1 қыркүйекке ауыстырды. Бұл ЕАЭО-ныңтехникалық регламенттерін әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу жоспарына сәйкес әзірленіп жатқан түзетулер шеңберінде құжаттың бірқатар талаптарын өзектілендіруге және техникалық регламентті іске асыру үшін қажетті екінші деңгейдегі актілерді – стандарттар тізбесін және энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігінің заттаңбаларын әзірлеуді және қабылдауды аяқтауға мүмкіндік береді. ЕЭК Кеңесінің осы шешімімен Комиссия Кеңесініңэнергия тұтынатын құрылғылардың әртүрлі заттаңбаларының нысаны мен оларды ресімдеу қағидаларын белгілейтін шешімінің күшіне ену мерзімі 2028 жылғы 1 наурызға ауыстырылды. Сондай-ақ, техникалық регламентке орайлас бірқатар қосымшада белгіленген жекелеген талаптардың күшіне ену мерзімі үш жылға ауыстырылды.
07 шілденің 2025
"Бүкілресейлік алқап күні — 2025" шеңберінде ЕАЭО-да асыл тұқымды мал шаруашылығының тиімділігін артыру талқыланды
Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян Волгоград облысында "Бүкілресейлік алқап күні — 2025" көрмесі шеңберінде өткен "Генетика. Қарапайым сөздермен маңызды мәселе туралы" атты дөңгелек үстелде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті өнімді өткізу бойынша инновациялық тәсілдемелерді ендіру жайында айтып берді. "Қазіргі кезеңдегі негізгі бағыт Одақ елдері мен Комиссияның селекциялық-асылдандыру жұмысына геномдық талдау негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық құндылығын болжау әдіснамасын кеңінен ендіру жөніндегі бірлескен қызмет болуға тиіс", — деп атап өтті Наира Карапетян. Көрменің іс-шаралары барысында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жоспарлары, отандық селекциялық жетістіктерді сақтаудың қазіргі заманғы мүмкіндіктері, сүтті бағыттағы ірі қара малдың генетикалық әлеуетін жақсарту жолдары талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар жануарлардың асыл тұқымды құндылығын бағалау әдістемесін ендіру нәтижелері туралы ақпарат алмасты, сондай-ақ Одақ шеңберінде асыл тұқымды ресурстар нарығының жай-күйі мен даму перспективаларын қарады. Асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалау, өздерінің бәсекеге қабілетті асыл тұқымды өнімін өндіруді ұлғайту үшін олардың генотиптік және фенотиптік белгілерін жинауға және есепке алуға орайлас бірыңғай тәсілдемелерді қолдану қажеттігі атап өтілді. Наира Карапетян мал шаруашылығын орнықты дамыту бойынша ортақ мақсатқа жету үшін келісілген іс-қимылдың маңызды екендігін атап көрсетті.
07 шілденің 2025
ЕАЭО жоғары технологиялық медициналық құрылғыларды әкелу рәсімін оңайлатады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа жоғары технологиялық медициналық құрылғыларды, соның ішінде қазіргі заманғы магнитті-резонанстық томография жүйелерін әкелу рәсімін оңайлатуға бағытталған шешім қабылдады. Осы мақсатта ЕАЭО кедендік аумағына әкелу кезінде лицензия, қорытынды (рұқсат беру құжаты) немесе бірыңғай тізілімнен мәліметтер беру талап етілмейтін өнімнің радиожиілік белдеулерінің тізімі кеңейтілді. "Сәйкесті жүйелер көзбен шолу, орнату және пайдаланудың жоғары сапасы тұрғысынан бірқатар артықшылыққа ие. Олардың техникалық сипаттамалары электромагниттік бөгеуілдің пайда болуына әкелмейді", — деп атап өтті ЕЭК Кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян. Қабылданған шешім аталған тауарларды әкелу кезінде ұйымдардың қаржылық және уақыт шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Құжат ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
05 шілденің 2025
Бақытжан Сағынтаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Конституциясы Күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-министрі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі Никол Пашинян мен бүкіл армян халқын Конституция Күнімен құттықтады. «Негізгі заң Армения мемлекетінің берік тірегі болып табылады, ол елдің дамуының стратегиялық бағытын анықтайды», – делінген құттықтау хатта. Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның атынан және өз атынан Арменияға және оның халқына амандық пен береке-бірлік тіледі.
04 шілденің 2025
АӨК-тегі цифрлық технологиялар оның Одақ елдеріндегі тиімділігін арттырудың негізгі құралына айналуда
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян 4 шілдеде Волгоградта өткен Бүкілресейлік дала күні – 2025 «Дамуға арналған міндеттер: ресейлік өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру» атты пленарлық отырысында мәлімдеді. «Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ауыл шаруашылығы сапалы өзгеру қарсаңында тұр. Аграрлық нарықты цифрлық модельге айналдыру – ауыл шаруашылығы өндірісінің жедел өсуіне арналған құралдардың бірі. ЕЭК пен ұлттық үкіметтердің күш-жігері дәл осы бағытқа шоғырланған», – деп атап өтті Гоар Барсегян. Отырыста өсімдік шаруашылығындағы тиімділікті арттыру, оның ішінде заманауи цифрлық шешімдер – пилотсыз технологиялар, цифрлық мониторинг және роботтандыру есебінен арттыру мәселелері талқыланды. Іс-шараға Ресей Федерациясының ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут және Беларусь Республикасының ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Игорь Горлов қатысты. Іскерлік бағдарлама аясында Гоар Барсегян Оксана Лутпен жұмыс кездесуін өткізді. Агроөнеркәсіптік кешен саласында ЕАЭО мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясында экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясының іске асырылуын талқылай отырып, АӨК саласында интеграциялық процестерді тереңдету және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Агроөнеркәсіптік кешендегі кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмін іске қосу үшін ұсыныстарды дайындауға күш-жігерді бірлесіп шоғырландыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «АӨК-те бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға, технологиялық жетілдіруге, мемлекетаралық сауда-экономикалық байланыстар мен өзара инвестицияларды ұлғайтуға ықпал ететін болады», – деп атап өтті ЕЭК министрі. Гоар Барсегян ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, ортақ аграрлық нарықты реттеу жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін келісілген іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ЕЭК министрі «Бүкілресейлік дала күні – 2025» көрмесінің салтанатты ашылуына қатысып, көрмені аралап, заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен және жабдықтарымен танысты.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы