Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының өзектілендірілген редакциядағы "Астық қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 015/2011) орайлас әдістерге арналған стандарттар тізбесін бекітті.
Стандарттар тізбесіне 165 құжат енгізілген, бұлардың 89-ы жаңа немесе жаңартылған. Бұл 96 мемлекетаралық стандарт, оның ішінде ISO (ИСО) халықаралық стандарттары және EN және CEN өңірлік стандарттары негізіндегі 28 мемлекетаралық стандарт, Беларусь Республикасының 9 мемлекеттік стандарты, Қазақстан Республикасының 15 ұлттық стандарты, Ресей Федерациясының 16 ұлттық стандарты және 29 зерттеу (сынақ) және өлшеу әдістемесі (тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірленгенге және оларды көрсетілген тізімге енгізгенге дейін) бар.
Стандарттар тізбесіне алғаш
рет енгізілген стандарттар мен әдістемелерді ескере отырып, сынақ зертханаларын
уақытылы аккредиттеу үшін стандарттардың жаңартылған тізбесі ресми жарияланған
күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді деп айқындалды.