тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6581

30 майдың 2025 Максим Ермолович: "Бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулері әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатты тұжырымдауға көмектеседі" Еуразиялық экономикалық комиссия Мысырдың бәсекелестік ведомствосының қолдауымен Каирде бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдар өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Оған ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович қатысты. ЕЭК бейіндік блогының бастамасы бойынша дәстүрге айналған мұндай іс-шаралар халықаралық өңірлік ұйымдарға өзекті мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық жасауға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға көмектеседі. Бәсекелестікті тиімді реттеу практикасы осы бесінші кездесуге қатысушылардың басты назарында болды. "Біз өңірлік ынтымақтастықтың артықшылықтарын ілгерілетеміз, өңіраралық диалогты нығайтамыз және кеңейтеміз, озық бәсекелестік практиканы әр өңірдің қажеттіліктеріне бейімдейміз, жаңа идеялар қалыптастырамыз, бұл сайып келгенде әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатқа алып келеді", – деп санайды Максим Ермолович.    ЕЭК бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулерін өткізуді жалғастыратын болады. Бесінші кездесуге Мысыр бәсекелестік ведомствосының төрағасы, ЮНКТАД, Шығыс және Оңтүстік Африканың Ортақ нарығы, Шығыс Африка қоғамдастығы, Батыс Африка экономикалық және валюта одағы, Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастығы, Араб бәсекелестік желісі, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы, БРИКС және Кариб қоғамдастығы өкілдері қатысты.
21 майдың 2025 ЕАЭО елдері өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы интеграция деңгейін арттырады Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Ани Обосян Дүниежүзілік метрология күніне арналған "Шекарасыз метрология" халықаралық метрологиялық форумы мен көрмесіне қатысты. Форумдағы сөз сөйлеуі барысында Ани Обосян қатысушыларды Дүниежүзілік метрология күнімен және 1875 жылғы Метрикалық конвенцияға қол қойылғанына және халықаралық өлшемдер мен таразылар бюросының құрылғанына 150 жыл толуымен құттықтады. Ол өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Комиссия қызметінің қазіргі кезеңін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграция деңгейін арттырудың жаңа сатысы деп атауға болатынын атап өтті. "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясына енгізілген қызмет нәтижелері өлшемдердің дәлдігі мен дұрыстығына байланысты интеграциялық бағыттарды қолдаудың қажетті деңгейін өлшемдерді метрологиялық қамтамасыз етудің бірыңғай қағидаттарын енгізу жолымен қамтамасыз ету көзделген", — деп атап көрсетті Ани Обосян.
21 майдың 2025 Комиссия ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарымен және бизнесімен бірге Сербиямен сауданы жандандыруды талқылады 21 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақ елдері мемлекеттік билік органдарының және бизнесінің қатысуымен салалық ынтымақтастықты дамытуға, Сербиямен өзара саудадағы тосқауылдарды анықтап, жоюға арналған семинар болып өтті. Іс-шара Бір жағынан ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім шеңберінде өзара іс-қимылды жандандыруға бағытталған. Семинардың міндеті — Сербия Республикасының нарығына тауарларды жеткізу кезінде экономиканың әртүрлі саласының экспорттаушылары тап болатын сауда тосқауылдарын, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін және саудадағы шектеулерді жою жолдарын анықтау болды. "Бүгінгі іс-шарада айтылған ұсыныстар Сербия Республикасымен Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен комитеттің жоспарланып отырған отырысы шеңберінде ықтимал талқылау үшін мүше мемлекеттермен бірлесіп ізеуіртті пысықталатын болады", — деп атап өтті Андрей Слепнев.    Осыған байланысты ЕЭК министрі таяудағы серб тарапымен ойдағыдай өткен консультацияларды еске салды, бұлардың нәтижесінде ЕАЭО-дан өсімдік майлары мен маргарин импортына қатысты екі жыл бойы қолданыста болған сандық шектеулер 2025 жылғы 3 наурыздан бастап алып тасталды. Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге 2019 жылғы 25 қазанда қол қойылды және ол 2021 жылғы 10 шілдеде күшіне енді. Келісімде тауар номенклатурасының 93%-ы бойынша кедендік әкелу баждарының өзара күшін жою көзделген.
20 майдың 2025 ЕАЭО елдері уәкілетті органдарының және электрондық автопаспорттарды ресімдейтін көлік құралдарын дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімінен шығарып тастау негіздері толықтырылды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін), өздігінен жүретін машиналарды және электрондық автопаспорттарды ресімдеуді жүзеге асыратын техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекіту туралы 2015 жылғы 1 қыркүйектегі шешімге өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, ұлттық органның уәкілетті органның, дайындаушы ұйымның бірыңғай тізілімінен оның өтініші негізінде, сондай-ақ Электрондық автопаспорттар жүйелерінің және (немесе) тиісті ЕАЭО мемлекетінің заңнамасының жұмыс істеу тәртібін бұзушылықтар анықталған жағдайда шығарып тастау мүмкіндігі белгіленген. Бұдан басқа, уәкілетті органды немесе дайындаушы ұйымды бірыңғай тізілімге қайта қосу мүмкіндігінің мерзімі ерте дегенде сол шығарып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап алты ай болып айқындалды. "Ұлттық органның уәкілетті органның, дайындаушы ұйымның бірыңғай тізілімінен оның өтініші негізінде шығарып тастау мүмкіндігін белгілеу қажеттігі белгіленген тәртіпті қолдану тәжірибесінен туындады. Бұл ретте сол шығарып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап ерте дегенде жарты жылдан соң бірыңғай тізілімге қайта енгізу мүмкіндігінің мерзімін қосымша белгілеу уәкілетті органдардың немесе дайындаушы ұйымдардың мәліметтерді қасақана бұрмалау фактілерін болдырмауға бағытталған", — деп атап көрсетті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий. Уәкілетті органды немесе дайындаушы ұйымды бірыңғай тізілімнен шығарып тастау (шығарып тастаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау мерзімін ұлттық орган 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдайды.
20 майдың 2025 ЕЭК май-тоңмай өніміне арналған техникалық регламентке орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының "Май-тоңмай өніміне арналған техникалық регламент" техникалық регламентіне (КО ТР 024/2011) орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістерді бекітті. Тізбе екі: МемСТ 35012-2023 "Тазартылмаған зығыр майы. Техникалық шарттар" және МемСТ 35013-2023 Мақсары майы. Техникалық шарттар" мемлекетаралық стандартымен толықтырылды – бұлар аталған техникалық регламентке мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде әзірленген. Өзгерістерді Комиссия халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібінің тиісті ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі уәкілетті органдарының ұсыныстары негізінде дайындады. Стандарттар тізбесіне енгізілген өзгерістер ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
20 майдың 2025 Максим Ермолович: "ЕЭК Одақ экономикасының жаңа бағыттарын монополияға қарсы реттеу үшін құқықтық өріс қалыптастырады" Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Петербург халықаралық заң форумында "Монополияға қарсы реттеуге 35 жыл: нәтижелер мен перспективалар" сессиясында сөз сөйледі. ЕЭК министрі Комиссия мен ұлттық монополияға қарсы органдардың Еуразиялық экономикалық одақ құқығын жетілдіру жөніндегі тиімді жұмысын атап өтті. Бұдан өзге, түйінді халықаралық алаңдарда ЕЭК мүше мемлекеттердің бәсекелестік саласындағы позицияларын жеткізеді. "ЕЭК Одақ экономикасының, соның ішінде, жаңа бағыттарын монополияға қарсы реттеу үшін құқықтық өріс қалыптастырады. Мысалға, қазір біз әріптестерімізбен цифрлық нарықтарды зерттеудің жалпы тәсілдемелері мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, жасанды интеллектің бәсекелестіктің жай-күйіне және оны монополияға қарсы органдардың жұмысында қолдану мүмкіндігіне әсерін зерттеуге кірісеміз", — деп хабарлады Максим Ермолович. Пікірсайысқа қатысушылар монополияға қарсы реттеуді ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу тәсілдемелерін талқылады және ЕАЭО бәсекелестік құқық және монополияға қарсы реттеу орталығы қызметінің өзектілігін атап көрсетті. Ресей ФМҚ ұйымдастырған сессия Қытай мен Малайзияны қоса, бірқатар елдің бәсекелестік ведомстволары мен бизнес өкілдерін, бәсекелестік саласындағы сарапшыларды біріктірді.
19 майдың 2025 Максим Ермолович: "ЕЭК пен ЕАЭО Сотының өзара іс-қимылы Одақ құқығын нақ түсінуді қалыптастыруға бағытталған" Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Петербург халықаралық заң форумының "ЕАЭО Сотына 10 жыл: Одақтың ішкі нарығын дамыту және бизнестің мүдделерін қорғау" сессиясына қатысты. Максим Ермолович, атап айтқанда, Комиссияға ұлтүсті монополияға қарсы реттеушінің өкілеттігі берілгенін атап өтті. "Осыған байланысты ЕЭК трансшекаралық және ЕАЭО ұлттық нарықтарында бизнесті жүргізудің үндестірілген және дұрыс болжанатын жағдайларын қалыптастыру жөніндегі маңызды міндетті шешеді", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Ол Одақтың бәсекелестік саласындағы құқығын жетілдіру және құқық қолдану мақсатында құқықтық позицияларды әзірлеу үшін ЕАЭО Сотының консультативтік қорытындылары мен шешімдерінің жоғары рөлін баса көрсетті. ЕАЭО туралы шарттың бәсекелестік саласындағы бөлімін қолдану практикасы бойынша ғылыми-практикалық түсініктеме дайындауға ерекше назар аударылды, қазір Комиссияның бейінді блогы осымен айналысуда. Сессия жұмысына ЕАЭО Сотының судьялары, судьялар мен заң қоғамдастықтарының өкілдері, Одақ елдерінің кәсіпкерлері қатысты.
Тағы да көрсету