тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 7020

20 қарашаның 2025 Наира Карапетян: "ЕЭК агроөнеркәсіптік кешендегі интеграцияны тереңдетуді пысықтауды жоспарлауда" Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян 20 қарашада "Интеграция" VII Еуразиялық форумына қатысты. Салалық секцияда сөз сөйлеген Наира Карапетян Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі келісілген агроөнеркәсіптік саясаттың бар болған кезеңі ішіндегі тиімділігін атап өтті. "Сауатты іске асырылып жатқан ұлттық аграрлық саясат пен Одақ елдерінің үйлестірілген іс-қимылы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін 25% ұлғайтуға, азық-түліктің негізгі түрлері бойынша ішкі қажеттілікті 92% жабуға, өзара сауда көлемін 70%, экспортты екі еседен астам ұлғайтуға, жаһандық деңгейде азық-түлікпен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді", – деп атап өтті Наира Карапетян. ЕАЭО-дағы экономикалық процестерді дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған декларацияда көрсетілген АӨК-тегі интеграцияны тереңдету жөніндегі бұдан арғы қадамдар, соның ішінде сауда-экономикалық байланысты ұлғайтуға, инновациялық тәсілдемелерді ендіруге және агроөнеркәсіптік кешен үшін технологиялық базаны дамытуға, агрологистика мен инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталатын болады.
20 қарашаның 2025 Руслан Давыдов: "Кедендік реттеуді цифрландыру – Еуразиялық экономикалық интеграцияны тереңдетудің кілті" ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов "Интеграция" VII Еуразиялық іскерлік форумының пленарлық отырысында сөз сөйлеп, кедендік реттеуді цифрландырудың Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытуға әсері туралы баяндамасын ұсынды. ЕЭК министрі цифрлық кедендік технологияларды ендіру сыртқы сауда қызметінің талапшарттарын жеңілдетуге, ашықтықты арттыруға және ЕАЭО елдерінің тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететінін атап көрсетті. "ЕАЭО елдерінің сыртқы сауда көлемі 2024 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 22% ұлғайды", – деп атап өтті Руслан Давыдов.  ЕЭК министрінің сөзінше, сыртқы факторларға қарамастан цифрлық кедендік жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуі маңызды, өйткені бұл ЕАЭО мемлекеттерінің технологиялық тәуелсіздігінің түйінді элементі. Сондай-ақ, Руслан Давыдов цифрлық кедендік технологияларды, соның ішінде ТМД елдері мен ЕАЭО мысалында қолданудың үздік әлемдік практикасы туралы айтып берді. "ЕАЭО бірыңғай кедендік аумағының сыртқы контурындағы өткізу пункттерінде барған сайын белсенді қолданылып келе жатқан жүк көлік құралдарын ағындық сканерлеу жүйелері кедендік операциялардың жасалу жылдамдығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Оларды ендіру логистиканы дамыту және бақылаушы органдардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында өткізу пунктінде жиналатын үлкен деректерге кешенді талдау жүргізу үшін жағдайлар жасауға ықпал ететін болады", – деп хабарлады ЕЭК министрі. Сөзінің соңында Руслан Давыдов форумға қатысушыларды ЕАЭО-да электрондық навигациялық пломбаларды қолдану бойынша 2025 жылғы 26 қарашада Мәскеуде өтетін ЕЭК конференциясына қатысуға шақырды. Бұл конференция 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап ЕАЭО аумағы бойынша тасымалдарды қадағалап отыру үшін пломбаларды қолдануды іске қосу қарсаңында тәжірибе ауысудың және өзекті мәселелерді талқылаудың тағы бір мүмкіндігі болады.
Тағы да көрсету