Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
05 шілденің 2025
Бақытжан Сағынтаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Конституциясы Күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-министрі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі Никол Пашинян мен бүкіл армян халқын Конституция Күнімен құттықтады. «Негізгі заң Армения мемлекетінің берік тірегі болып табылады, ол елдің дамуының стратегиялық бағытын анықтайды», – делінген құттықтау хатта. Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның атынан және өз атынан Арменияға және оның халқына амандық пен береке-бірлік тіледі.
04 шілденің 2025
АӨК-тегі цифрлық технологиялар оның Одақ елдеріндегі тиімділігін арттырудың негізгі құралына айналуда
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян 4 шілдеде Волгоградта өткен Бүкілресейлік дала күні – 2025 «Дамуға арналған міндеттер: ресейлік өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру» атты пленарлық отырысында мәлімдеді. «Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ауыл шаруашылығы сапалы өзгеру қарсаңында тұр. Аграрлық нарықты цифрлық модельге айналдыру – ауыл шаруашылығы өндірісінің жедел өсуіне арналған құралдардың бірі. ЕЭК пен ұлттық үкіметтердің күш-жігері дәл осы бағытқа шоғырланған», – деп атап өтті Гоар Барсегян. Отырыста өсімдік шаруашылығындағы тиімділікті арттыру, оның ішінде заманауи цифрлық шешімдер – пилотсыз технологиялар, цифрлық мониторинг және роботтандыру есебінен арттыру мәселелері талқыланды. Іс-шараға Ресей Федерациясының ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут және Беларусь Республикасының ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Игорь Горлов қатысты. Іскерлік бағдарлама аясында Гоар Барсегян Оксана Лутпен жұмыс кездесуін өткізді. Агроөнеркәсіптік кешен саласында ЕАЭО мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясында экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясының іске асырылуын талқылай отырып, АӨК саласында интеграциялық процестерді тереңдету және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Агроөнеркәсіптік кешендегі кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмін іске қосу үшін ұсыныстарды дайындауға күш-жігерді бірлесіп шоғырландыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «АӨК-те бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға, технологиялық жетілдіруге, мемлекетаралық сауда-экономикалық байланыстар мен өзара инвестицияларды ұлғайтуға ықпал ететін болады», – деп атап өтті ЕЭК министрі. Гоар Барсегян ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, ортақ аграрлық нарықты реттеу жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін келісілген іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ЕЭК министрі «Бүкілресейлік дала күні – 2025» көрмесінің салтанатты ашылуына қатысып, көрмені аралап, заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен және жабдықтарымен танысты.
03 шілденің 2025
Андрей Слепнев ЕЭК-тегі Өзбекстан Республикасының өкілімен Өзбекстанның бастамалары бойынша жұмысты талқылады
Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев Өзбекстан Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ресми өкілі Фанил Кадировпен кездесу өткізді. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің 2025 жылғы 27 маусымда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтқан бастамаларын пысықтау талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Мирзиеевтің негізгі ұсыныстарының бірі Өзбекстанды Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының жұмысына қосуға, сондай-ақ электрондық сауданы дамыту, тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау, саудаға цифрлық технологияларды енгізу аясында өзара іс-қимылдың жекелеген бағдарламаларын жасауға қатысты болды. «ЕЭК Еуразиялық экономикалық Одақ жанындағы бақылаушы мемлекет ретінде Өзбекстан Республикасымен көпжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне маңызды мән береді. Өзбек тарапының практикалық ұсыныстары туралы қосымша ақпарат алғаннан кейін аталған мәселелер бойынша жұмысқа кірісуге дайынбыз», – деп атап өтті Андрей Слепнев.
03 шілденің 2025
Арзыбек Қожошев ТТҮК басшысы Михаил Гончаровпен жұмыс кездесуін өткізді
ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошевтің Трансеуразиялық тасымалдар жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесінің (ТТҮК) Бас хатшысы Михаил Гончаровпен жұмыс кездесуі 3 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында өтті. Тараптар еуразия өңіріндегі теміржол көлігі қызметінің, қазіргі жағдайда ЕАЭО кеңістігінде көлік инфрақұрылымы мен логистикалық дәліздерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Министр еуразия өңірінде экономикалық өсуге және интеграцияға ықпал ететін тұрақты көлік жүйесін құру үшін ЕЭК пен ТТҮК арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. «Көлік-логистикалық кешенді дамытудың өзекті мәселелері бойынша жыл сайынғы бірлескен іс-шараларды өткізу тәжірибесі осындай форматтың қажеттілігін көрсетеді. Үстел басына біз мемлекеттік органдардың, жетекші көлік компаниялары мен қауымдастықтардың өкілдерін біріктіреміз», – деді Арзыбек Қожошев. Михаил Гончаров ЕЭК көлік және инфрақұрылым департаменті мен ТТҮК Хатшылығының өзара іс-қимыл жөніндегі жоспарын практикалық іске асыру халықаралық теміржол және мультимодальды жүк тасымалдарын дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретінін атап өтті. ЕЭК пен ТТҮК арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға 2017 жылы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында қол қойылған болатын.
03 шілденің 2025
Бақытжан Сағынтаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Беларусь Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасы Александр Лукашенконы және бүкіл Беларусь халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Егемендік алған жылдар ішінде Беларусь әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі жетістіктерге жетті, оның ЕАЭО бойынша әріптестерімен байланысы тереңдей түсуде», – делінген құттықтау хатта. Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және өз атынан Беларусь Республикасына одан әрі экономикалық даму, ал халқына амандық және береке-бірлік тіледі.
03 шілденің 2025
ЕЭК пен АСЕАН бәсекелестік саласында тәжірибе алмасты
Еуразиялық экономикалық комиссияның және АСЕАН бәсекелестік жөніндегі блогының өкілдері 3 шілдеде онлайн-форматта өткен «ЕАЭО-дағы және АСЕАН-дағы бәсекелестік саясат және құқық қолдану» семинарында бәсекелестік саласындағы жұмыс тәжірибесімен алмасты. Іс-шараға ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович қатысты. Ол Комиссияның Хатшылықпен және АСЕАН бәсекелестік жөніндегі сарапшылар тобымен ынтымақтастығы дәйекті және екі тарап үшін де пайдалы екенін атап өтті. «Бізді АСЕАН тәжірибесі қызықтырады. Бизнес пен ұйымдардың бәсекелестікті қабылдауының елдік индекстерін есептеуде көрсетілген АСЕАН-ға қатысушы елдердің бәсекелестік саясатын бағалау жүйесіне назар аудару қажет. Сонымен қатар Қосылу мен бірігу салдарын бағалаудың бірыңғай порталы қызығушылық тудырады», – деп атап өтті Максим Ермолович. Семинар модераторы, ЕЭК мемлекеттік сатып алу саласындағы бәсекелестік саясат және саясат департаменті директорының орынбасары Армине Акопян қатысушыларға бәсекелестік саясат, бәсекелестікті адвокаттандыру және халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмыс туралы ақпарат берді. Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің жалпы ережелерінің сақталуын бақылау саласындағы тәжірибесі туралы ЕЭК-тің монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры Сергей Максимов айтып берді. АСЕАН-ның бәсекелестік жөніндегі сараптама тобының төрағасы, Камбоджаның бәсекелестік жөніндегі комиссиясының тәуелсіз комиссары Ли Сопоровичны семинарға қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Іс-шараға АСЕАН ұлттық бәсекелес органдарының және ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блоктың өкілдері қатысты.
02 шілденің 2025
Бақыт Сұлтанов Ресей Орталық Банкінің Төрағасы Эльвира Набиуллинамен келіссөздер жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов 2 шілдеде Санкт-Петербургте Ресей банкінің Қаржы конгресінің алаңында Ресей Федерациясы Орталық Банкінің Төрағасы Эльвира Набиуллинамен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ қаржы нарығын үйлестіру және одан әрі қалыптастыру тәсілдерін талқылады, ЕАЭО аясында экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық бағыт» декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасының проблемалық тұстарын қарастырды. Сонымен қатар, сапар аясында Бақыт Сұлтановтың Ресей Федерациясы Орталық Банкі Төрағасының орынбасары Ольга Поляковамен ортақ қаржы нарығын қалыптастыру және үйлестіру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. «Ортақ қаржы нарығын қалыптастыру – ЕАЭО-ның стратегиялық міндеттерінің бірі. Осы саладағы тәсілдерді үйлестіру бізге бірыңғай, ашық және сенімді қаржы кеңістігін құруға мүмкіндік береді, бұл инвестициялар үшін сөзсіз қарымды ынталандыру болады, Одаққа қатысушы барлық елдердің экономикалық дамуы үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді», – деп атап өтті ЕЭК министрі. Конгресс дәстүрлі түрде Ресей Банкі басшылығының, Ресейдің жетекші қаржы ұйымдарының, мемлекеттік органдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдері арасындағы бизнес-диалогтардың жетекші алаңы болып табылады. Қатысушылар қаржы нарығын реттеу, оның цифрлық инфрақұрылымдарын дамыту, биржалық кеңістік пен төлем жүйелерінің жай-күйі мен перспективалары мәселелерін талқылайды. «Ресей Банкінің Қаржы конгресі сияқты алаңдар маңызды диалогты дамыту және қазіргі қаржы ортасының түйінді үрдістері мен сын-қатерлерін талқылау үшін маңызы зор, қатысушыларға ЕАЭО-ның барлық елдерінің қаржы секторының тұрақтылығы мен орнықты дамуына бағытталған тиімді шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.
02 шілденің 2025
Бақытжан Сағынтаев Александр Турчинді мерейтойымен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчинді 50 жасқа толу мерейтойымен құттықтады. «Сіз Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып келесіз», – делінген құттықтау хатта. Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және жеке өз атынан Александр Турчинге мықты денсаулық тілеп, Беларусь Республикасы мен оның халқының игілігі үшін көзделген барлық жоспарлардың іске асырылуын тіледі.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы