тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6956
07 қазанның 2025
Гоар Барсегян: "ЕАЭО шеңберінде құзыреттерді біріктіре отырып, біз технологиялық егемендікті арттырамыз"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі министрі Гоар Барсегян Краснодар өлкесіндегі Геленджикте болып өткен "Биопром" форумының "Өмірге арналған технологиялар" сессиясы барысында Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіптік кооперацияны қаржылық қолдау және оны агроөнеркәсіптік секторда кеңейту механизмінің ойдағыдай іске қосылғаны туралы айтып берді. ЕЭК министрінің сөзінше, Одақта кооперациялық жобаларды қаржылық қолдаудың нақты құралы пайда болды, ол жаңа өндірістік қуаттарды құруға не қазіргі барын жаңғыртуға, соның ішінде фармацевтика мен АӨК саласында жаңғыртуға мүмкіндік береді. "Біздің мемлекеттеріміз осындай өнімді өндіретін жоғары әлеуетке ие. Құзыреттерді біріктіре отырып, біз Еуразиялық "бестіктің" әрбір елінің технологиялық егемендігін арттыруда айтарлықтай серпіліске қол жеткізе алатынымызға сенімдімін", - деп атап өтті ЕЭК министрі. Іскерлік бағдарлама шеңберінде Гоар Барсегян тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының озық әзірлемелерімен танысты. Ол сондай-ақ өнеркәсіптік компаниялардың басшыларымен, банктер мен даму институттарының өкілдерімен іскерлікке арналған таңғы асқа қатысты, онда бизнесті ЕАЭО кооперациялық жобаларына белсене қатысуға шақырды.
07 қазанның 2025
ЕЭК ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарының ұлттық тізілімін қалыптастыру мен жүргізу бойынша ұсыным қабылдады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 7 қазанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының ұлттық тізілімін қалыптастыру мен жүргізудің бірыңғай тәсілдемелері туралы ұсыным қабылдады. Құжат мүше мемлекеттер басшыларының шешіміне сәйкес қабылданды және ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау саласындағы заңнамасын біріздендіруге бағытталған. "Одақ елдерінің уәкілетті органдары ұсынатын ұлттық тізілімдерден алынған мәліметтердің біркелкілігі сорттардың бірыңғай тізілімінің дұрыс жұмыс істеуін және ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді аграрлық өндіріске ендіру үшін сапасы бойынша ең таңдаулы және неғұрлым құнды өсімдіктер сорттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян. ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Комиссия Одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысына байланысты қызметті ақпараттық қамтамасыз ету үшін олардың сорттарының бірыңғай тізілімін қалыптастырады.
07 қазанның 2025
Максим Ермолович: «ЕЭК қазіргі заманғы әлемнің тез өзгеріп жатқан шындығына бейімделеді"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 7 қазанда Астанада "Монополияға қарсы подиум: бәсекелестік саласындағы түйінді сыни шақырыстар мен трендтер" деп аталатын XI Еуразиялық монополияға қарсы форумның пленарлық сессиясына қатысты. Максим Ермолович Комиссияның бәсекелестік саясатты қазіргі заманғы сыни шақырыстарға бейімдеу жөнінде қабылдайтын негізгі бағыттарымен және шараларымен таныстырды. Соның ішінде реттеу процесінің ашықтығы мен дұрыс болжануын қамтамасыз ету, ЕЭК-тің бастамашыл іс-қимылының жаңа құралы – секторлық зерттеулерді ендіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын жетілдіру жөніндегі жұмыс туралы хабарлады. "Қазіргі заманғы сыни шақырыстарға барабар әрі жедел ден қоюға әдіснама мен практиканың синергиясы мүмкіндік береді - академиялық көзқарас пен ғылыми сараптама ұлттық және ұлтүсті бәсекелес органдардың практикалық тәсілдемесімен тығыз өзара іс-қимылда болуға тиіс. Осы басымдыққа сүйене отырып, бәсекелестікті адвокаттандыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде біз ғылыми-әдіснамалық бастамаларды белсенді түрде ілгерілетеміз", - деп атап өтті Максим Ермолович. ЕЭК министрі бәсекелестік жөніндегі блоктың бірқатар бастамасына бөлекше тоқталды. Олардың арасында – мүше мемлекеттер мен байқаушы мемлекеттердің бәсекелестік ведомстволарымен өзекті мәселелерді шешу үшін "5+1" форматында білім беру курстарын, кеңестер өткізу, бәсекелестік мәселелері бойынша өңірлік ұйымдардың диалогы бар. Еуразиялық монополияға қарсы форум Еуразия континентінің ұлттық және трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестікті қорғау және монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, сарапшылар қоғамдастығы және бизнес арасында тәжірибе алмасуға арналған жоғары деңгейдегі кәсіби алаң болып табылады.
07 қазанның 2025
Өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына арналған техникалық регламентке орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 7 қазанда Еуразиялық экономикалық одақтың "Өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентіне орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді. Стандарттар тізбесі екі мемлекетаралық стандартпен толықтырылды: МемСТ 34350-2017 "Өрт сөндіру техникасы. Негізгі өрт сөндіру автомобилдері. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері" және МемСТ 34996-2023 "Өрт сөндіру техникасы. Өрт шамдары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері" Бұдан басқа, тізбеге екі ұлттық стандарт енгізілген: МемСТ Р 58716-2019 "Өрт сөндіру техникасы. Ашық ауада табиғи өрттерді сөндіру кезінде қолданылатын, тыныс алу және көру органдарын қорғайтын, өрт сөндіруге арналған сүзгілейтін респираторлар. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері" және МемСТ Р 58446-2019 "Өрт сөндіру техникасы. Газ-түтіннен қорғау қызметі тобының жеке құрамын жарақтандыруға арналған жабдықтар жиынтығы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері". Өзгерістер ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді. Өзгерістерді Комиссия Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібінің 36-тармағының "а" тармақшасын іске асыру шеңберінде дайындады.
07 қазанның 2025
Руслан Давыдов: "ЕАЭО Кеден кодексіне темекі өнімінің жалған транзитіне қарсы күреске бағытталған түзетулер енгізу жоспарлануда"
ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Минскіде өткен "Антиконтрафакт-2025" форумындағы құрамында никотин бар өнімдер нарығына арналған сессияда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде темекі өнімінің жалған транзитіне және жалған экспортына қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдайтын шаралар туралы айтты. ЕЭК министрінің сөзінше, Кеден кодексіне тиісті түзетулер дайындалды және олар жоғары дайындық дәрежесінде. Руслан Давыдов пікірсайысқа қатысушыларды ЕАЭО-да 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап күшіне енетін навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалап отыру механизмін енгізу туралы хабардар етті. "Темекі өнімдерінің заңсыз әкелінуі мен айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі – Комиссия алаңында бейінді жұмыс тобының жұмыс істеуі. Ол өткен жылы бизнестің бастамасы бойынша құрылды, оның негізгі міндеті ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы заңсыз темекі және құрамында никотин бар өнімдерді астыртын өткізудің жолын кесу мәселелері бойынша келісілген ұсыныстар әзірлеу болып табылады", - деп атап көрсетті ЕЭК кеден блогының басшысы. Сессияға сондай-ақ цифрлық таңбалау операторлары, темекі өнімдерін өндірушілер, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының және Беларусь пен Қазақстанның бейінді қауымдастықтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Контрафактілік және бұрмаланған өнімдерді әкелуге қарсы әрекет етуге елеулі үлес қосқаны үшін "Антиконтрафакт" халықаралық қауымдастығының шешімімен Руслан Давыдов "Контрафактіге қарсы күреске сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
06 қазанның 2025
Арзыбек Кожошев Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевпен кездесу өткізді
ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Астанаға (Қазақстанға) жұмыс сапары шеңберінде 3 қазанда Қазақстанның Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевпен келіссөздер жүргізді.
06 қазанның 2025
Бақыт Сұлтанов: "ЕАЭО-да бес жыл ішінде 53 миллионға жуық контрафактілік тауар алып қойылды"
2020-2024 жылдар аралығында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдары 53 миллион контрафактілік өнім айналымының жолын кесті. Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов 6-7 қазанда Минскіде болған "Антиконтрафакт-2025" XIII халықаралық форумының пленарлық отырысында осындай дерек келтірді
06 қазанның 2025
Контрафактілік тауарларға қарсы күрес: ЕАЭО-да зияткерлік меншік қалай қорғалады?
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде соңғы он жыл ішінде зияткерлік меншік саласында 80 мыңнан астам бұзушылықтың жолы кестілді. Алынған контрафактілік тауарлардың жиынтық көлемі 140 миллион дерлік бірлікке жетті. Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ернар Бакенов бұл деректерді "Зияткерлік тәртіп. ЕАЭО-да құқық иеленушілерді қорғау практикасы" сарапшылық сессиясында айтып білдірді. Оның сөз сөйлеуі барысында 2024 жылдың нәтижелеріне айрықша назар аударылды. Пандемиялық шектеулер себепші болған үш жылдық құлдыраудан кейін контрафактілік нарық өсудің алаңдатарлық серпінін көрсетті. "2024 жылы ЕАЭО-да анықталған контрафактінің көлемі шамамен 6,6 миллион бірлікті құрады, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 14% артық. Негізгі өсім Беларусь, Қазақстан және Ресей есебінен болды", - деп атап өтті Ернар Бакенов. ЕЭК өкілі ЕАЭО-да мұндай үрдіске қарсы әрекет ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Осы мақсатта Одақ мемлекеттері заңнамалық базаны үнемі жетілдіріп отырады. "Мысалы, Қырғыз Республикасында тауар белгілеріне құқықтарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Ресейде "айна сайтты" бұғаттау рәсімі оңтайландырылған, бұл цифрлық дәуірде өте маңызды", - деп хабарлады Ернар Бакенов. ЕЭК Департаменті директорының сөзінше, Комиссия Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын зияткерлік меншік саласында іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру жөніндегі жоспардың жобасын дайындауды аяқтап келеді, оған зияткерлік меншік саласындағы бірқатар іс-шара енгізілген. Сессия барысында сарапшылар маркетплейстердегі тауарлар саудасы шеңберінде құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауды, кедендік реттеуді, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау үшін цифрлық технологияларды пайдалануды талқылады.
Тағы да көрсету