ЕАЭО-да стандарттау дамытылуда

ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренконың қатысуымен өткен ЕАЭО стандарттау жөніндегі мемлекеттік (ұлттық) органдарының басшылары кеңесінің отырысында ЕАЭО-дағы стандарттауды дамытудың және техникалық регламенттерді заманауи стандарттардың толық мәнді дәлелдемелік базасымен қамтамасыз етудің жүйелік мәселелері қаралды. Отырыс 16 қарашада Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрлігі жанындағы Стандарттау және метрология орталығының директоры Болотбек Нурматовтың төрағалық етуімен болып өтті.

Кеңес мүшелері күшіне енген ЕАЭО техникалық регламенттерінің және оларға орайлас стандарттар тізбесінің ғылыми-техникалық деңгейіне міндетті кезеңдік бағалау жүргізу тәртібінің, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру тәртібінің Комиссия дайындаған жобаларын қарады. Бұл құжаттарды әзірлеу Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында көзделген.

"Күшіне енген техникалық регламенттердің және оларға орайлас стандарттар тізбелерінің ғылыми-техникалық деңгейіне міндетті кезеңдік бағалау жүргізу тәртібі техникалық реттеудегі сезімтал салалардың бірін – белгіленген талаптарды талдауға және қайта қарауға орайлас жүйелі тәсілдеменің жоқтығын жабуға тиіс", — деп атап өтті Виктор Назаренко Кеңес барысында.

ЕАЭО шеңберінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру тәртібін қабылдау ЕАЭО елдерінің ұлттық органдарына мемлекетаралық стандарттарды жоспарлау және әзірлеу, оларды қолдану, ЕАЭО шеңберінде техникалық реттеу саласындағы стандарттауды дамыту жөніндегі келісілген іс-қимылды әзірлеу және іске асыру кезінде үйлестірілген жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кеңес мүшелері ЕАЭО техникалық регламенттерінде белгіленген міндетті талаптардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қолда бар және перспективалы механизмдерді, стандарттау саласында келісілген саясатқа көшуді жүзеге асыру жөніндегі практикалық қадамдарды, ЕАЭО техникалық регламенттеріне орайлас мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламалардың уақытылы орындалуын және өнімге қойылатын міндетті талаптарды толық мәнді дәлелдемелік базамен қамтамасыз етуге байланысты басқа да мәселелерді жеке талқылады.

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің (МАК) өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі техникалық реттеу мақсаты үшін МАК рәсімдерінде мемлекетаралық стандарттар қабылдаудың тиімді әрі ұшқыр механизмін белгілеуге айрықша назар аударылды.

Анықтама

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Одақ шеңберінде стандарттау саласында келісілген саясатты іске асыруы мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2018 жылғы 14 мамырда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің стандарттау жөніндегі мемлекеттік (ұлттық) органдарының басшылары кеңесін құру туралы шешім қабылдады.