Виталий Михайлович Вовк 1962 жылы 13 тамызда Гомель облысындағы Калинковичи қаласында (Беларусь Республикасы) туған.
1984 жылы Белорус политехникалық институтын (біліктілігі: инженер–механик), 2009 жылы Беларусь Республикасының Президенті жанындағы Басқару академиясын "мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 1984 жылы Минск автомобиль зауытында бастады: инженер-технолог, АЖСЦ-2 "Сынақ" учаскесінің аға шебері, АЖСЦ-2 цех бастығының өндіріс бойынша орынбасары болып істеді.
1991-2001 жылдары өндірісте, сондай-ақ Минск доңғалақты тартқыштар зауытының коммерциялық қызмет басқармасы және маркетинг саласында басшылық қызметтер атқарды.
2001-2006 жылдары коммерциялық сектор ұйымдарында жұмыс істеді.
2006-2014 жылдары Минск доңғалақты тартқыштар зауытында басшылық лауазымдарды атқарды.
2014-2018 жылдары Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі болды.
2018-2019 жылдары Беларусь Республикасы Президентінің көмекшісі – Витебск облысы бойынша инспектор болып істеді.
2019-2024 жылдары "Минск трактор зауыты" ААҚ бас директоры қызметін атқарды.
2025 жылғы 15 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.