Жаңалықтар

25.02.2022

24-25 ақпандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары

24-25 ақпанда көзбе-көз форматта Нұр-Сұлтанда (Қазақстан) өткен Үкіметаралық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары 15 мәселені қарады.

·         Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тездетілген теміржол және мультимодальдық тасымалдарды жүзеге асыру жөніндегі «Еуразиялық агроэкспресс» бірлескен жобасын іске асыруды қолдау туралы өкім қабылдады. Жоба өзара жеткізілімдердің және ауыл шаруашылығы өнімі экспортының көлемін арттыруға, сондай-ақ оларды әртараптандыруға бағытталған.

·         Еуразиялық үкіметаралық кеңес Өзбекстан Республикасының өзара мүдделі бағыттар бойынша Еуразиялық экономикалық одақ жұмысына қатысуды кеңейту туралы бастамасын құптады.

·         Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіпті мемлекеттік қолдаудың құралдарын қарады.

·         Еуразиялық үкіметаралық кеңес ЕАЭО-да орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар қабылдады.

·         Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде азаматтық авиажасау саласында өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі іс-шаралардың (жол картасының) 2022–2023 жылдарға арналған жоспарын бекітті.

·         Еуразиялық үкіметаралық кеңеске баратын елдің қағидаты бойынша ЕАЭО-ның басқа мемлекетінің аумағында жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауда кезінде ҚҚС алудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдемелері мен механизмдері ұсынылды.

·         Еуразиялық үкіметаралық кеңеске ЕАЭО аумағына әкелінетін тауарларды қадағалап отыру механизмі туралы келісімді іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынылды. Комиссия мүше мемлекеттердің сарапшыларымен бірлесіп, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 наурызға дейінгі аралықта ЕАЭО елдерінде шетелдік тауарларды қадағалап отыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті барлық нормативтік базаны әзірледі және келісті.

ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы Комиссия ұсынған баяндаманы қарады және мақұлдады. Баяндаманың негізгі ережелерінің арасында төрт «еркіндік» - тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы қағидасын іске асыру үшін инфрақұрылымның бөлінбес бөлігі болып табылатын Одақтың ИАЖ жоспарлау мен дамытудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар бар. Мақұлданған баяндамадағы тәсілдемелер Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін іске қосуға қабілетті.

Тасымалдарды қадағалап отыру үшін Одақта навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімде көзделген тауарларды қадағалап отыру механизмін іске қосуға мүше мемлекеттердің мүдделілігін ескере отырып, ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары Одақ елдерінің мемлекеттік билік органдарына келісімді тезірек ратификациялауға ықпал ететін мүмкін болатын шараларды қабылдауды тапсырды.

Бұл осы жылдың өзінде келісімді іске асыру үшін қажетті іс-шараларды орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Келісім кедендік транзит шеңберінде өткізілетін тауарларды және өзара саудадағы бірқатар тауарды (санкциялық тауарларды, алкогольді, темекіні) қадағалап отыруды көздейді, Одақтың ішкі шекараларында бақылау іс-шараларын барынша азайтуға, Одақ мемлекеттерінің транзиттік тартымдылығын арттыруға, Одақ аумағында тауарларды қадағалап отыру мен олардың заңды айналымын қамтамасыз етуге бағытталған.

Отырысқа ЕҮК Төрағасы, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы Акылбек Жапаров, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, сондай-ақ ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттің өкілі ретінде Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Николай Подгузов қатысты.
Үкіметаралық кеңестің келесі отырысы 2022 жылғы 21-22 маусымда Брестте (Беларусь Республикасы) болады.