Жақсылықов Тимур Мекешұлы

Жиынтық сурет
Бет мазмұны
1968 жылы туған. 
 
1993 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ «Тарих» мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы – Страсбург саяси зерттеулер институтының (Франция) магистратурасын Еуропалық зерттеулер саласының магистрі дәрежесі беріліп, бітірген. 2003 жылы Қазақ экономика және қаржы институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының атқарушы директоры лауазымынан бастаған.

1997 жылғы желтоқсаннан бастап 1998 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім басшысы болып қызмет еткен.

1998 жылғы қазаннан бастап 1999 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер секторының меңгерушісі. 

1999 жылғы сәуірден 2020 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Талдау орталығының сектор меңгерушісі қызметін атқарған. 

2002 жылғы наурыздан 2003 жылғы тамыз аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Жүйелік зерттеулер орталығы жетекшісінің орынбасары. 

2003 жылғы тамыздан бастап 2005 жылғы қараша аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің ДСҰ-ға кіру жөніндегі департаментінің директоры лауазымын атқарған, Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері жөніндегі өкілдер тобын басқарған. 

2005 жылғы қарашадан бастап 2006 жылғы ақпан аралығында – «МТЗО» АҚ атқарушы директоры. 

2006 жылғы ақпаннан бастап қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер орталығы» РМК директорының міндетін атқарушы. 

2006 жылғы қазаннан бастап 2007 жылғы қыркүйек аралығында «Елорданы тұрақты дамыту орталығы» МҚК, ЖШС директорының лауазымын атқарған. 

2007 жылғы қыркүйектен бастап 2009 жылғы қазан аралығында Астана қаласы әкімдігінде Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған. 

2009 жылғы қазаннан бастап 2010 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасының индустрия және сауда вице-министрі болған. 

2010 жылғы сәуірден бастап тамыз аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы. 

2010 жылғы сәуірден бастап «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма төрағасы лауазымында қызмет еткен. 

2012 жылғы ақпаннан бастап 2017 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда вице-министрі, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі лауазымдарын атқарған.

2017 жылғы сәуірден бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) болып тағайындалған.  

Француз, ағылшын тілдерін меңгерген.