тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6852
18 қыркүйектің 2025
ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатыпалымға қол жеткізу механизмдері Беларусьтағы семинарда талқыланды
Минскіде Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған "ЕАЭО нарықтарына шығу, Беларусь Республикасындағы мемлекеттік сатыпалымдағы преференциялар" семинарында Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі сатыпалым рәсімдеріне қатысу тәртібі, Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне енгізу ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Алина Казаченоктың қатысуымен қаралды. ЕЭК өкілі мемлекеттік (муниципалдық) сатыпалым мақсаты үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларымен реттелетін өнеркәсіптік тауарларды тізілімге енгізу алгоритмдерін атап өтіп, Комиссияның Еуразиялық тізілімді жүргізу жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті. "Комиссия Кеңесінің 2020 жылғы шешімімен бекітілген қағидалар Одақ мемлекеттерінде Еуразиялық тауарлар мен үшінші елдердің тауарларына қатысты преференциялар, шектеулер мен тыйымдар белгіленген жағдайда қолданылады және мұндай жағдайлар үшін ЕАЭО шеңберінде мемлекеттік сатыпалымның ұлттық режимін қамтамасыз етудің пәрменді құралы болып табылады", – деп атап көрсетті Алина Казаченок. Семинарға Беларусь Республикасының Экономика министрлігі мен Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің өкілдері қатысты.
18 қыркүйектің 2025
Руслан Давыдов: "Бірыңғай транзиттік жүйені және электрондық навигациялық пломбаларды ендіру — ЕАЭО шеңберіндегі цифрландырудың негізгі бағыттары"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті ұйымдастырған "Кеден заңнамасын дамыту перспективалары: сенім мен бақылаудың теңгерімі" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Өз сөзінде Руслан Давыдов кеден саласындағы цифрландыру Еуразиялық интеграцияны одан әрі дамытудың тиімді құралы болып табылатынын атап өтті. "Бірыңғай транзиттік жүйені ендіру, электрондық навигациялық пломбаларды қолданып тасымалдарды қадағалап отыру, сондай-ақ серпілісті технологияларды ескере отырып, өткізу пункттерін жайластыру мен жарақтандыру тәсілдемелерін жаңғырту ЕАЭО-да кеден саласын цифрландыру жөніндегі басым бағыттар болып табылады", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Минскіге сапары шеңберінде Руслан Давыдов Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Владимир Орловскиймен екіжақты кездесу өткізіп, Еуразиялық күн тәртібінің өзекті мәселелерін: 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған Еуразиялық интеграцияны одан әрі дамыту туралы декларацияны кедендік ынтымақтастық бағыты бойынша іске асыруды, сондай-ақ ЕАЭО аумағында тауарлардың заңсыз айналымының жолын кесу құралдарын талқылады. ЕЭК кеден блогының басшысы Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінің өкілдерін осы жылғы қазан айында өтетін ЕЭК-тің интеллектуалдық өткізу пункттеріне арналған семинарына, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің кеден органдарындағы цифрландыруға белсене қатысуға шақырды. Семинарға мемлекеттік органдардың, іскер қоғамдастықтың және ғылыми топтардың өкілдері қатысады.
18 қыркүйектің 2025
ЕАЭО-да еңбекшілерге арналған әлеуметтік кепілдіктер күшейтілуде
18 қыркүйекте Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі консультативтік комитеттің VIII отырысы болып өтті. Іс-шараға ДДҰ, Халықаралық көші-қон ұйымын, Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығын және Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясын қоса, бейінді мемлекеттік органдар мен жетекші халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыбы — ЕАЭО-ның ортақ еңбек нарығы шеңберінде азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру және медициналық көмекке қол жеткізу құқықтарын практикалық іске асыру жайы болды. Отырысқа қатысушылар 2019 жылғы ЕАЭО мемлекеттерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асырудың аралық қорытындыларын шығарды. 2021 жылғы қаңтардан бастап Одақ шеңберінде азаматтарға зейнетақы тағайындалады және төленеді. Еңбек өтілін растауға байланысты практикалық мәселелерді шешу үшін тараптар бірыңғай формулярды қолдану бойынша ымыраға келді. Уәкілетті органдар арасындағы барлық құжат айналымын электрондық форматқа көшіру жұмысы маңызды қадам болды, бұл рәсімдерді едәуір жеделдетеді және олардың ашықтығын арттырады. Отырыста ЕЭК Алқасының денсаулық сақтау саласындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ұсынымдарын іске асыру мониторингінің нәтижелері ұсынылды. Құжат үш түйінді бағытты: телемедицинаны дамыту, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету және медициналық технологияларды стандарттау бойынша бірлескен жұмысты көздейді. "Ұсыным Одақ елдерінің денсаулық сақтау саласындағы экономикалық ынтымақтастық сияқты сезілгіш әрі маңызды саладағы практикалық өзара іс-қимылының айқын векторларын белгілейді. Бұл ретте сөз қазіргі заманғы медициналық жетістіктерді ЕАЭО-ның барлық мемлекетінің азаматтары үшін барынша қолжетімді ету жайында болып отыр", — деп түсіндірді құжатты ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов. ДДҰ-ның Ресей Федерациясындағы басшысы Батыр Бердыклычевтің ЕЭК пен ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының "ЕАЭО-дағы еңбек көші-қоны тұрғысындағы денсаулық мәселелері" атты бірлескен талдамалық баяндамасының таныстырылымы күн тәртібіндегі дербес тармақ болды. Зерттеу еңбек мигранттарының сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізу проблемасының өзектілігін растайды және оларды шешу жолдарын ұсынады. "БҰҰ жүйесіндегі жетекші құрылым – ДДҰ-мен ынтымақтастық өте пайдалы болып табылады және еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізуін жақсартудың мүмкіндіктерін іздеуге ықпал етеді. Өскелең көші-қон ағыны жағдайында бұл мәселелер өз өзектілігін сақтайды", — деп атап өтті ЕЭК министрі. Отырыс қорытындысы қатысушы елдердің әлеуметтік саладағы бұдан арғы интеграцияға және ЕАЭО шеңберінде еңбек ұтқырлығы үшін қолайлы жағдайлар жасауға деген ортақ дайындығын растады.
18 қыркүйектің 2025
Внедрение стандартов GMP обсудили на конференции в Москве
Достижения и перспективы развития фармацевтической отрасли в рамках Евразийского экономического союза обсуждены в Москве на X Всероссийской GMP-конференции с участием заместителя директора Департамента технического регулирования и аккредитации Евразийской экономической комиссии Чинары Мамбеталиевой.
18 қыркүйектің 2025
ЕАЭС и СНГ обменялись опытом по развитию АПК
Директор Департамента агропромышленной политики Евразийской экономической комиссии Наира Карапетян проинформировала участников заседания Межправительственного совета по вопросам агропромышленного комплекса СНГ, состоявшегося 18 сентября в Душанбе (Республика Таджикистан), о развитии аграрной отрасли в Евразийском экономическом союзе и высоком уровне обеспеченности собственными продуктами питания.
17 қыркүйектің 2025
Бақытжан Сағынтаев Кубаның Ресейдегі Елшісі Хулио Антонио Гармендия Пеньямен жұмыс кездесуін өткізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы Куба Республикасының тұрақты өкілі – Куба Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хулио Антонио Гармендия Пеньяның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты онымен жұмыс кездесуін өткізді. Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО елдерінің Кубамен сындарлы диалогы және ынтымақтастығына елеулі жәрдем көрсеткені үшін Хулио Антонио Гармендия Пеньяға алғыс айтып, оған Еуразиялық экономикалық комиссияның "Еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісін табыс етті. Тараптар ЕЭК пен Куба Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберіндегі көптеген мәселені талқылады. Бірлескен іс-шаралар жоспары сауданы, банк қызметін, қаржыны, биотехнологияны, ауыл шаруашылығын, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қоса, ынтымақтастықтың 34 бағытын қамтиды. "Біз ЕАЭО мемлекеттері мен Кубаның тауар айналымындағы ілгерілеушілікті көріп отырмыз. 2024 жылы ол 2015 жылмен салыстырғанда 13,9% өсіп, шамамен 241 млн долларды құрады", — деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев. Одақ мемлекеттері Кубаға, атап айтқанда, мұнай мен мұнай өнімдерін, бидайды, автомобильдер мен автомобильдің қосалқы бөлшектерін, түрлі аспаптарды экспорттайды. Өз кезегінде ЕАЭО-да Кубаның кофесі, темекі өнімдері сұранысқа ие. ЕАЭО елдерінің азаматтарын Куба туризм тұрғысынан да қызықтырады. 2024 жылы Еуразиялық "бестік" мемлекеттерінен 185 мыңнан астам турист аралға саяхаттап келді, бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық диалогты жалғастыруға және арттыра түсуге деген өзара мүдделілікті атап көрсетті.
17 қыркүйектің 2025
ЕЭК пен Филиппин ынтымақтастық жоспарларын талқылады
ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиев пен Филиппин Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Аллан Гепти Еуразиялық экономикалық комиссия мен Филиппин Республикасының өзара іс-қимылының перспективалық бағыттарын қарады. "Филиппин Республикасы — Оңтүстік Шығыс Азияның жетекші экономикасының бірі. Комиссия ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өңір елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға белсенді жәрдемдеседі және Филиппинмен диалогты, соның ішінде АСЕАН-ның басты алаңдарында тереңдетуге дайын", — деп түсіндірді ЕЭК министрі. Данияр Иманалиев Филиппиндік әріптестерін Комиссияның үшінші елдермен халықаралық ынтымақтастық форматтары, сондай-ақ АСЕАН-мен өзара іс-қимылдың түйінді мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар етті. ЕЭК министрі Филиппиннің ресми, сарапшы және іскер топтарының өкілдерін ЕЭК пен АСЕАН арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған жаңа Ынтымақтастық бағдарламасының негізгі іс-шараларына қатысуға шақырды. Аллан Гепти Филиппиннің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологияларын қоса, ауыл шаруашылығындағы тәжірибе ауысуға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі, фармацевтика, энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық даму мәселелеріне деген қызығушылығын баса көрсетті. Осы салалардағы бастамаларды практикалық іске асыру үшін ЕАЭО елдері мен Филиппиннің бизнес өкілдері арасындағы байланысуды жандандыру қажеттігі атап өтілді. Тараптар перспективада ЕЭК пен Филиппин Үкіметі арасында өзара іс-қимыл туралы меморандум жасасу, сондай-ақ 2026 жылы Филиппиннің АСЕАН-дағы төрағалық етуі кезеңінде бизнес-бірлестіктерді қоса отырып, бірлескен конгрестік-көрмелік іс-шара өткізу мүмкіндігін қарауға уағдаласты.
17 қыркүйектің 2025
Арзыбек Кожошев: "Әуе көлігі қызметін көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру — ЕАЭО елдерінің экономикалық өсуінің маңызды факторы"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев бұл туралы 17 қыркүйекте Мәскеуде өтіп жатқан Network-2025 форумы алаңындағы "ЕАЭО орнықты авиациялық көлігі 2026-2035" халықаралық конференциясында мәлімдеді. "ЕЭК бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыруға, инфрақұрылымдық және әкімшілік тосқауылдарды жоюға, сондай-ақ логистиканың цифрлық трансформациясына аса мән береді. Комиссия ЕАЭО мемлекеттерімен бірлесіп Еуразиялық кеңістікте әуе көлігі қызметін көрсетудің ортақ нарығын құру бойынша жұмыс істеуде", — деп атап өтті Арзыбек Қожошев. Министр авиация саласын ұзақ мерзімді дамыту кешенді тұрғыда келуді және ЕАЭО елдерінің азаматтық авиация саласындағы заңнамасын үндестіруді қоса, бірқатар өңірлік шараны ендіруді талап ететінін де айқындап айтты. Іс-шара азаматтық авиацияны және оның мультимодальды құрамдас бөлігін тоғыстыра отырып, орнықты көліктің неғұрлым өзекті мәселелері бойынша мемлекеттік билік органдарының, бизнес өкілдері мен сарапшылардың өзара іс-қимылының алаңына айналды. Конференция БҰҰ Бас Ассамблеясының 2026 жылғы 1 қаңтардан басталатын 10 жылдық кезеңге арналған орнықты көлік жөніндегі бастамасына орайластырылған.
Тағы да көрсету