тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 7002
15 тамыздың 2025
Үкіметаралық кеңес әкелу баждары түсімінің өсуін тіркеп айқындады
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО мемлекеттерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу туралы жыл сайынғы есебін қарады. Құжатқа сәйкес, 2024 жылы Одақ елдерінің бюджеттеріне 15,2 миллиард доллар түсті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3% дерлік көп. Бұл 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Құжатта кедендік төлемдер көлеміне әсер ететін факторлар – импорттық жеткізілімдер динамикасы мен сауда ағындарының құрылымы, Бірыңғай кедендік тариф (БКТ) ставкаларының өзгерісі, сондай-ақ қолданылатын тарифтік жеңілдіктер мен БКТ-дан "алып қою" талданған. ЕАЭО елдерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін есептеу әдістемесі бойынша жұмыс туралы жаңа бөлім қосылған. "Кедендік әкелу баждары көлемінің өсуі оң динамиканы айғақтайды және біздің міндетіміз ағымдағы көрсеткіштерді қолдап қана қоймай, сонымен бірге, интеграцияның экономикалық нәтижесін одан әрі арттыру үшін жағдай жасау", – деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов. Үкіметаралық кеңес ЕЭК Алқасына мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу мониторингі бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
15 тамыздың 2025
Үкіметаралық кеңес Комиссияның ЕАЭО елдеріндегі кәсіби біліктілікті өзара тану жөніндегі жұмысын қолдады
Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақтың еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие кәсіптер үшін біліктілік талаптарын жақындастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру жайында шешім қабылдады. Бұл шешім ЕАЭО елдерінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды оңайлатуға бағытталған. Талқылауға Еуразиялық экономикалық комиссияның Одақ мемлекеттерінің құзыретті органдарымен бірлесіп дайындаған баяндамасы негіз болды. Құжатта жіті талдау ұсынылған және ұлттық біліктілік жүйелерінің түйінді критерийлерін, кәсіптік білім беру деңгейін және еңбек қызметімен айналысуға қойылатын талаптарды қоса, оларды салғастыру берілген. Дәнекерлеушілердің біліктілігіне қойылатын талаптар талдау үшін практикалық мысал ретінде алынған. ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, ЕАЭО туралы шарт шеңберінде қолданылатын білім туралы құжаттарды тануға қарамастан, кәсіптік біліктілікті тану мәселесінде айырмашылық сақталуда. "Білім туралы құжаттарды тану – біз қазірдің өзінде нықтап қойған іргетас. Ендігі біздің міндетіміз – келесі қабатты тұрғызу: маманның Одақтың бір елінде алған кәсіби біліктілігі басқа елде түсінікті болуы және танылуы. Осы жұмысты жалғастыра отырып, біз азаматтарымыз үшін тосқауылдарды жоямыз және білікті кадрлардың еркін қозғалысы үшін жағдай жасаймыз", – деп атап өтті ЕЭК министрі.
14 тамыздың 2025
Варос Симонян: "ЕАЭО тұрғысындағы цифрлық егемендік цифрлық тәуелсіздікті ортақ күш-жігермен құруды білдіреді"
14 тамызда Бостеріде (Қырғызстан) өткен VII Қырғыз-Ресей экономикалық форумының "Цифрлық егемендік — ЕАЭО-дағы тұрақты өсу және технологиялық кооперацияның факторы" пленарлық отырысының талқылау нысанасы цифрлық дамудың басымдықтары мен осы саладағы ынтымақтастықты тереңдету шаралары жайында болды. Отырыс модераторы ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян болды.
14 тамыздың 2025
ЕАЭО елдерінің туризм саласындағы ынтымақтастығы экономикалық өсудің кталаизаторы бола алады
Еуразиялық экономикалық комиссия ресми сайтында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің 400-ден астам туристік объектісі туралы мәліметтерді кірістіретін Еуразиялық туристік маршруттар туралы тақырыптық бөлім қалыптастырады. 14 тамызда Бостеріде (Қырғызстан) өткен Қырғыз-Ресей экономикалық форумындағы "Еуразиялық туризмнің цифрлық векторы: интеграция мен өсу стратегиясы" сессиясы барысында бұл туралы ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Лусине Багратуни хабарлады.
13 тамыздың 2025
Арзыбек Кожошев: "ЕАЭО-дағы он жыл ішінде Қырғызстан үлкен жолдан өтті"
13 тамызда VII Қырғыз-Ресей экономикалық форумы шеңберінде Бостеріде (Қырғыз Республикасы) Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіруінің 10 жылдығына арналған халықаралық конференция болып өтті.
13 тамыздың 2025
ЕАЭО елдері экономикасының өсу қарқыны орташа әлемдік мәндерден озық тұр
Еуразиялық экономикалық комиссияның Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Алексей Ведев Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысындағы Бостері ауылында өткен, Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруінің 10 жылдығына арналған конференцияда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі экономикалық дамудың оң серпіні мен интеграциялық өзара байланыстардың нығаюы жайында айтып берді.
08 тамыздың 2025
ЕАЭО-да мемлекеттік бақылау органдары мен аккредиттеу жөніндегі органдардың кеден органдарымен өзара іс-қимылының механизмі әзірленуде
8 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкийдің төрағалық етуімен, ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдовтың қатысуымен өткен жоғары деңгейдегі кеңесте мемлекеттік бақылау органдары мен аккредиттеу органдарының Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кеден органдарымен өзара іс-қимыл механизмі талқыланды.
08 тамыздың 2025
ЕЭК-тегі дөңгелек үстелде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау талқыланды
8 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтеріндегі бейінді дөңгелек үстелде ұлттық аграрлық ведомстволардың сарапшылары Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау құралдарын әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.
Тағы да көрсету