тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6846
17 қыркүйектің 2025
Бақытжан Сағынтаев Кубаның Ресейдегі Елшісі Хулио Антонио Гармендия Пеньямен жұмыс кездесуін өткізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы Куба Республикасының тұрақты өкілі – Куба Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хулио Антонио Гармендия Пеньяның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты онымен жұмыс кездесуін өткізді. Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО елдерінің Кубамен сындарлы диалогы және ынтымақтастығына елеулі жәрдем көрсеткені үшін Хулио Антонио Гармендия Пеньяға алғыс айтып, оған Еуразиялық экономикалық комиссияның "Еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісін табыс етті. Тараптар ЕЭК пен Куба Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберіндегі көптеген мәселені талқылады. Бірлескен іс-шаралар жоспары сауданы, банк қызметін, қаржыны, биотехнологияны, ауыл шаруашылығын, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қоса, ынтымақтастықтың 34 бағытын қамтиды. "Біз ЕАЭО мемлекеттері мен Кубаның тауар айналымындағы ілгерілеушілікті көріп отырмыз. 2024 жылы ол 2015 жылмен салыстырғанда 13,9% өсіп, шамамен 241 млн долларды құрады", — деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев. Одақ мемлекеттері Кубаға, атап айтқанда, мұнай мен мұнай өнімдерін, бидайды, автомобильдер мен автомобильдің қосалқы бөлшектерін, түрлі аспаптарды экспорттайды. Өз кезегінде ЕАЭО-да Кубаның кофесі, темекі өнімдері сұранысқа ие. ЕАЭО елдерінің азаматтарын Куба туризм тұрғысынан да қызықтырады. 2024 жылы Еуразиялық "бестік" мемлекеттерінен 185 мыңнан астам турист аралға саяхаттап келді, бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық диалогты жалғастыруға және арттыра түсуге деген өзара мүдделілікті атап көрсетті.
17 қыркүйектің 2025
ЕЭК пен Филиппин ынтымақтастық жоспарларын талқылады
ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиев пен Филиппин Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Аллан Гепти Еуразиялық экономикалық комиссия мен Филиппин Республикасының өзара іс-қимылының перспективалық бағыттарын қарады. "Филиппин Республикасы — Оңтүстік Шығыс Азияның жетекші экономикасының бірі. Комиссия ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өңір елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға белсенді жәрдемдеседі және Филиппинмен диалогты, соның ішінде АСЕАН-ның басты алаңдарында тереңдетуге дайын", — деп түсіндірді ЕЭК министрі. Данияр Иманалиев Филиппиндік әріптестерін Комиссияның үшінші елдермен халықаралық ынтымақтастық форматтары, сондай-ақ АСЕАН-мен өзара іс-қимылдың түйінді мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар етті. ЕЭК министрі Филиппиннің ресми, сарапшы және іскер топтарының өкілдерін ЕЭК пен АСЕАН арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған жаңа Ынтымақтастық бағдарламасының негізгі іс-шараларына қатысуға шақырды. Аллан Гепти Филиппиннің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологияларын қоса, ауыл шаруашылығындағы тәжірибе ауысуға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі, фармацевтика, энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық даму мәселелеріне деген қызығушылығын баса көрсетті. Осы салалардағы бастамаларды практикалық іске асыру үшін ЕАЭО елдері мен Филиппиннің бизнес өкілдері арасындағы байланысуды жандандыру қажеттігі атап өтілді. Тараптар перспективада ЕЭК пен Филиппин Үкіметі арасында өзара іс-қимыл туралы меморандум жасасу, сондай-ақ 2026 жылы Филиппиннің АСЕАН-дағы төрағалық етуі кезеңінде бизнес-бірлестіктерді қоса отырып, бірлескен конгрестік-көрмелік іс-шара өткізу мүмкіндігін қарауға уағдаласты.
16 қыркүйектің 2025
Андрей Слепнев Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрі Пиюш Гоялмен келіссөз жүргізді
Нью-Делиде (Үндістан) болып өткен кездесуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Үндістан Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрі Пиюш Гоял Еуразиялық экономикалық одақ пен Үндістан арасында жедел форматта еркін сауда туралы тиімді келіссөздер жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған жол картасы келісілгенін атап өтті. Тараптар сондай-ақ келіссөздердің осы жылдың қараша айының басында Үндістанда өтетін бірінші раундына және болашақ мәміленің түйінді мәселелерін қарастыруға арналған тәсілдемені келісті. Бұл ретте одан бұрын Комиссияның үнділік әріптестермен және ЕАЭО мемлекеттерімен белсенді консультациялары өтетін болады. Министрлер келіссөздерге жан-жақты қолдау көрсету үшін тұрақты байланысу туралы уағдаласты.
16 қыркүйектің 2025
Дәрілерді тіркеу және сараптау қағидалары өзгертілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістерді қабылдады. Өзгерістер ЕЭК Кеңесінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 34 шешімімен оңтайландырылған тіркеу дерекнамасын ЕАЭО талаптарына сәйкестендіру рәсімінің ережелерін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін бұрын мәлімделмеген тану мемлекеттерін қосу бөлігінде өзгерістер енгізу рәсіміне өтініш берген өндірушілер үшін қолдануға мүмкіндік береді. Сөйтіп, осы елдерде ұлттық тіркеу куәліктерінің қолданысын рәсімдерді жүргізу мерзіміне, бірақ 2027 жылғы 31 желтоқсаннан асырмай ұзартумен қамтамасыз етіледі. "Бұл өзгерістер ЕАЭО талаптарына сәйкес келтіру рәсімін жүргізу мерзімдерін Одақтың ортақ дәрі нарығына орайлас өтпелі кезең шеңберінде оңтайландыруға арналған", — деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий.
16 қыркүйектің 2025
Людмила Мудрова ЕЭК-тің Қаржы департаментінің директоры болып тағайындалды
Людмила Ивановна Мудрова 1980 жылы 21 қыркүйекте Могилев облысының (Беларусь Республикасы) Хотимск қала типтес кентінде туған. 2002 жылы Могилев мемлекеттік техникалық университетін, 2021 жылы Белорус мемлекеттік экономика университетінің аспирантурасын бітірген. 2003 жылғы наурыздан бастап 2007 жылғы наурызға дейінгі аралықта Беларусь Республикасы Салықтар мен алымдар министрлігінің Хотимск ауданы бойынша инспекциясының мемлекеттік салық инспекторынан инспекция бастығының орынбасарына дейінгі лауазымда болды. 2007 жылғы наурыздан тамызға дейін — Беларусь Республикасы Салықтар мен алымдар министрлігінің Могилев облысы бойынша инспекциясының бас мемлекеттік салық инспекторы. 2007 жылғы қыркүйектен 2009 жылғы қазанға дейін Беларусь Республикасы Салықтар мен алымдар министрлігінің бас мемлекеттік салық инспекторы болды. 2009 жылғы қазаннан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің бас маманынан басқарма бастығына дейінгі лауазымды атқарды. 2023 жылғы ақпаннан бастап 2025 жылғы қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары болды. 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.
15 қыркүйектің 2025
ЕАЭО-ның ғылыми-техникалық дамуының ұзақ мерзімді бағдарламасы бекітілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі "Еуразиялық экономикалық одақтың ұзақ мерзімді кезеңге арналған ғылыми-техникалық дамуының стратегиялық бағдарламасы туралы" ұсынымды қабылдады.
11 қыркүйектің 2025
Халықаралық ұйымдар ЕАЭО-ның әлемдік агроазық-түлік жүйесіндегі рөлін талқылады
11 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер осы тақырыптама бойынша өткен дөңгелек үстел барысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің әлемдік агроазық-түлік жүйесіндегі жоғары рөлін атап өтті.
11 қыркүйектің 2025
ЕЭК және ЕАЭО елдері УЭО институтын жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізуде
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Қуат Рахимовтың басшылығымен 10 қыркүйекте Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитет жанындағы бейінді жұмыс тобының отырысында Еуразиялық экономикалық одақтағы уәкілетті экономикалық оператор институтын (УЭО) жетілдіру талқыланды. Ресей Федерациясының тәуекел деңгейі төмен адамдардың санаты үшін алдын ала кедендік декларациялауды қолдануды жеңілдету жөніндегі бастамасы қаралды. Декларациялаудың осы ерекшелігін пайдалану кезінде бірқатар кедендік операцияны оңайлату және кеденнің артық хабарламаларынан бас тарту ұсынылады. Бұл өткізу пункттерінде кедендік бақылаудан өтуді жеделдетуге және бизнес шығындарын азайтуға көмектеседі. Резиденттің арнайы экономикалық аймақ шеңберінде УЭО мәртебесін қолдануы бойынша Қазақстан Республикасының ұсынысын қарау жалғастырылды. Бұл арада сөз екі мәртебенің болуы артықшылық әкелуі және резиденттерді УЭО бағдарламасына қосу туралы болып отыр. Сондай-ақ, операторларға кедендік әкелу бажын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді қамтамасыз етусіз пайдалануға мүмкіндік беретін Армения Республикасының бастамасын іске асыру жөніндегі бұдан арғы қадамдар талқыланды. Бұл өнеркәсіптік өңдеу үшін және ауыл шаруашылығы қызметінде қолданылатын тауарлардың жекелеген санатына қатысты. Уәкілетті экономикалық оператор институты — әріптестік бағдарламасының халықаралық танылған стандарты, ал УЭО — белгілі бір талаптарға сай келетін тұлғалар ретінде кедендік операциялар мен кедендік бақылау жүргізу кезінде оңайлату ұсынылатын тұлғалардың айрықша санаты. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде УЭО институтын дамыту жөніндегі жұмыс тобы 2014 жылы құрылды. Ол Одақта уәкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды.
Тағы да көрсету