тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6931

07 қазанның 2025 Максим Ермолович: «ЕЭК қазіргі заманғы әлемнің тез өзгеріп жатқан шындығына бейімделеді" Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 7 қазанда Астанада "Монополияға қарсы подиум: бәсекелестік саласындағы түйінді сыни шақырыстар мен трендтер" деп аталатын XI Еуразиялық монополияға қарсы форумның пленарлық сессиясына қатысты. Максим Ермолович Комиссияның бәсекелестік саясатты қазіргі заманғы сыни шақырыстарға бейімдеу жөнінде қабылдайтын негізгі бағыттарымен және шараларымен таныстырды. Соның ішінде реттеу процесінің ашықтығы мен дұрыс болжануын қамтамасыз ету, ЕЭК-тің бастамашыл іс-қимылының жаңа құралы – секторлық зерттеулерді ендіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын жетілдіру жөніндегі жұмыс туралы хабарлады. "Қазіргі заманғы сыни шақырыстарға барабар әрі жедел ден қоюға әдіснама мен практиканың синергиясы мүмкіндік береді - академиялық көзқарас пен ғылыми сараптама ұлттық және ұлтүсті бәсекелес органдардың практикалық тәсілдемесімен тығыз өзара іс-қимылда болуға тиіс. Осы басымдыққа сүйене отырып, бәсекелестікті адвокаттандыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде біз ғылыми-әдіснамалық бастамаларды белсенді түрде ілгерілетеміз", - деп атап өтті Максим Ермолович.  ЕЭК министрі бәсекелестік жөніндегі блоктың бірқатар бастамасына бөлекше тоқталды. Олардың арасында – мүше мемлекеттер мен байқаушы мемлекеттердің бәсекелестік ведомстволарымен өзекті мәселелерді шешу үшін "5+1" форматында білім беру курстарын, кеңестер өткізу, бәсекелестік мәселелері бойынша өңірлік ұйымдардың диалогы бар. Еуразиялық монополияға қарсы форум Еуразия континентінің ұлттық және трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестікті қорғау және монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, сарапшылар қоғамдастығы және бизнес арасында тәжірибе алмасуға арналған жоғары деңгейдегі кәсіби алаң болып табылады.
07 қазанның 2025 ЕЭК ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарының ұлттық тізілімін қалыптастыру мен жүргізу бойынша ұсыным қабылдады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 7 қазанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының ұлттық тізілімін қалыптастыру мен жүргізудің бірыңғай тәсілдемелері туралы ұсыным қабылдады. Құжат мүше мемлекеттер басшыларының шешіміне сәйкес қабылданды және ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау саласындағы заңнамасын біріздендіруге бағытталған. "Одақ елдерінің уәкілетті органдары ұсынатын ұлттық тізілімдерден алынған мәліметтердің біркелкілігі сорттардың бірыңғай тізілімінің дұрыс жұмыс істеуін және ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді аграрлық өндіріске ендіру үшін сапасы бойынша ең таңдаулы және неғұрлым құнды өсімдіктер сорттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян. ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Комиссия Одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысына байланысты қызметті ақпараттық қамтамасыз ету үшін олардың сорттарының бірыңғай тізілімін қалыптастырады.
07 қазанның 2025 Өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына арналған техникалық регламентке орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізілді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 7 қазанда Еуразиялық экономикалық одақтың "Өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентіне орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді. Стандарттар тізбесі екі мемлекетаралық стандартпен толықтырылды: МемСТ 34350-2017 "Өрт сөндіру техникасы. Негізгі өрт сөндіру автомобилдері. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері" және МемСТ 34996-2023 "Өрт сөндіру техникасы. Өрт шамдары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері" Бұдан басқа, тізбеге екі ұлттық стандарт енгізілген: МемСТ Р 58716-2019 "Өрт сөндіру техникасы. Ашық ауада табиғи өрттерді сөндіру кезінде қолданылатын, тыныс алу және көру органдарын қорғайтын, өрт сөндіруге арналған сүзгілейтін респираторлар. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері" және МемСТ Р 58446-2019 "Өрт сөндіру техникасы. Газ-түтіннен қорғау қызметі тобының жеке құрамын жарақтандыруға арналған жабдықтар жиынтығы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері". Өзгерістер ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді. Өзгерістерді Комиссия Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібінің 36-тармағының "а" тармақшасын іске асыру шеңберінде дайындады.
07 қазанның 2025 Гоар Барсегян: "ЕАЭО шеңберінде құзыреттерді біріктіре отырып, біз технологиялық егемендікті арттырамыз" Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі министрі Гоар Барсегян Краснодар өлкесіндегі Геленджикте болып өткен "Биопром" форумының "Өмірге арналған технологиялар" сессиясы барысында Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіптік кооперацияны қаржылық қолдау және оны агроөнеркәсіптік секторда кеңейту механизмінің ойдағыдай іске қосылғаны туралы айтып берді. ЕЭК министрінің сөзінше, Одақта кооперациялық жобаларды қаржылық қолдаудың нақты құралы пайда болды, ол жаңа өндірістік қуаттарды құруға не қазіргі барын жаңғыртуға, соның ішінде фармацевтика мен АӨК саласында жаңғыртуға мүмкіндік береді. "Біздің мемлекеттеріміз осындай өнімді өндіретін жоғары әлеуетке ие. Құзыреттерді біріктіре отырып, біз Еуразиялық "бестіктің" әрбір елінің технологиялық егемендігін арттыруда айтарлықтай серпіліске қол жеткізе алатынымызға сенімдімін", - деп атап өтті ЕЭК министрі. Іскерлік бағдарлама шеңберінде Гоар Барсегян тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының озық әзірлемелерімен танысты. Ол сондай-ақ өнеркәсіптік компаниялардың басшыларымен, банктер мен даму институттарының өкілдерімен іскерлікке арналған таңғы асқа қатысты, онда бизнесті ЕАЭО кооперациялық жобаларына белсене қатысуға шақырды.  
Тағы да көрсету