Жаңалықтар

16 Apr 2024 ЕЭК Алқасы бағалы металдардың жекелеген санаттарын әкелу мен әкетуді ырықтандыру туралы шешім қабылдады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы құрамында бағалы металдар бар бағалы металдар мен шикізат тауарларын әкелу/әкету мәселелерін реттеуге өзгертулер енгізді. «Өзгерістер бағалы металдардың жекелеген санаттарын әкелу мен әкетуді ырықтандыруға, мемлекеттік бақылаудан өтуді жеңілдетуге, сыртқы сауда қызметіне қатысушы мемлекеттік органдарға ұсынатын құжаттар тізбесін оңтайландыруға, сондай-ақ бірдей тауарларға тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын қолдануға бағытталған», — деп атап өтті ЕЭК кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян. Оның айтуынша, атап айтқанда, бағалы металдардың үлесі салмағының 2%-нан аспайтын тауарларды реттеуден шығару туралы болып отыр. Сондай-ақ, құжаттарды электронды түрде алу мүмкіндігін ескере отырып, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін түпнұсқалардың орнына құжаттардың көшірмелерін (экспортқа арналған лицензия, тауарлар сипаттамасы) ұсынуға рұқсат етіледі. Бұдан басқа, егер кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімін қолданудың мақсаты тауарларды жөндеу болса және басқа да бірқатар өзгерістер енгізілсе, ЕАЭО кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу талаптары туралы құжаттың болуы туралы талаптар алынып тасталады. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
16 Apr 2024 ЕАЭО май өнімдеріне арналған техникалық регламентінің сәйкестігіне міндетті бағалауға жататын өнімдер тізбесі өзектендірілді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында Кеден одағының «Май өніміне арналған техникалық регламент» (КО ТР 024/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жататын өнімдер тізбесінің өзекті редакциясы бекітілді, оған қатысты кедендік рәсімдерге орналастырылған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өнімді әкелу тәртібінің ережелерін ескере отырып, техникалық реттеу шараларының сақталуы расталады. Жаңартылған өнім тізбесі тағамдық май өнімдерінің 19 тобына және тағамдық емес май өнімдерінің екі тобына кіретін ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының оныншы белгіге дейін нақтыланған 86 кодын қамтиды, олардың сәйкестікті бағалау туралы құжаты сәйкестік туралы декларация болып табылады. Тізбе сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға бағдарланған және кеден әкімшілігін жүргізу үшін қолданылады. Сондай-ақ, 2023 жылғы желтоқсанда қабылданған КО ТР 024/2011 № 2 өзгертулерге сәйкес өнімдер тізбесі ЕАЭО СЭҚ ТН 1517 90 990 0 кодымен «Тұрақтандырылмайтын аралас үлгідегі какао майының алмастырғыштары» сияқты май өнімдерінің түрімен толықтырылды. Комиссия Алқасының шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
16 Apr 2024 Асқар Жаппарқұлов РЭМ тыңдаушыларына ЕАЭО-да келісілген макроэкономикалық саясатты іске асыру туралы айтып берді Еуразиялық экономикалық комиссия макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Асқар Жаппарқұлов 15 сәуірде Ресей экономикалық мектебінің (РЭМ) тыңдаушыларымен өткізген кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеу қағидаттары, келісілген макроэкономикалық саясатты іске асыру, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктің экономикалық дамуының негізгі бағыттарын негізгі тақырыпқа айналдырды. ЕАЭО туралы шартты практикалық іске асыру туралы айта келіп, Асқар Жаппарқұлов: «Комиссия Одақ мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын көрсеткіштердің сандық мәндерін сақтауға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру бөлігінде айтарлықтай тәжірибе жинақтады», — деп атап өтті. Ол өз сөзін уәкілетті органдар мен Комиссия әзірлейтін ұсынымдар мен бірлескен шаралар бюджеттік және борыштық орнықтылықты қамтамасыз етуге, инфляциялық процестерді төмендетуге ықпал етті және Одақтағы экономикалық тұрақтылыққа оң әсерін тигізді деп толықтырды. РЭМ студенттері мен түлектері үшін Комиссиядағы мансаптық мүмкіндіктер туралы айта келіп, Асқар Жаппарқұлов: «Комиссия макроэкономика саласындағы жас және перспективалы мамандарды күтуде. Халықаралық ұйымдағы жұмыс теориялық білімді макроэкономикада қолданып қана қоймай, сонымен қатар көпұлтты және көпмәдениетті ортадағы коммуникацияның бірегей тәжірибесін алуға, ЕАЭО дамуының түйінді мәселелерін шешу үшін экономикалық дипломатия құралдарын практикада қолдануға мүмкіндік береді», — деп атап көрсетті.  
15 Apr 2024 Эльдар Алишеров трансшекаралық электрондық сауда бойынша іскерлік кездесу жүргізді Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастығы бойынша министрі Эльдар Алишеров Еуразиялық экономикалық одақтың ірі маркетплейстерінің өкілдерімен іскерлік кездесу жүргізді. Эльдар Алишеров оларды ЕАЭО Кеден кодексіне сыртқы электрондық сауданы реттеу бойынша өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау барысы және оны әзірлеуге арналған актілерді дайындау бойынша Комиссия жүргізіп жатқан жұмыс туралы хабардар етті. Осы саладағы жаңа реттеудің ең өзекті мәселелері талқыланды. Мәселе жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждың бірыңғай мөлшерлемесі; жаңа ережелер бойынша ресімделмейтін алып қою тауарларының тізбесі; электрондық сауда тауарларына қатысты бажсыз әкелу нормаларын белгілеу, сондай-ақ мұндай тауарларға тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қолдану мүмкіндігі туралы болды. ЕЭК министрі сыртқы электрондық сауданы реттеу мәселелері жөніндегі Комиссия актілерін дайындау кезінде мемлекеттік органдар мен бизнестің бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті және ЕЭК кеден блогы алаңында сындарлы диалогты жалғастыруға әзір екенін растады.
12 Apr 2024 ЕЭК РХДУ-мен ынтымақтастықты жалғастыруда Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіптік саясат департаментінің өкілдері Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ) сыртқы экономикалық қауіпсіздік және кеден ісі институтының «ЕАЭО экономикалық стратегиялары: проблемалар мен инновациялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Департаменттің нақты субсидияларды ерікті түрде келісу және талқылаулар жүргізу бөлімінің бастығы Дмитрий Ярошенко Еуразиялық экономикалық одақтың индустрияландыру картасын, Еуразиялық технологиялық платформаларды жасау және жүргізу, мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыру, Комиссияның өнеркәсіп саласындағы ақпараттық-талдау қызметі туралы айтып берді. ЕАЭО елдерінің бірлескен кооперациялық жобаларын қаржыландырудың жаңа механизмі тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қызығушылық танытқан тараптар Департамент алаңында жұмыс істейтін салалық сараптамалық топтар шеңберінде жұмысқа шақырылды. ЕЭК пен РХДУ арасындағы уағдаластықтар аясында өнеркәсіптік саясат департаменті ЖОО-мен белсенді ынтымақтасады. РХДУ студенттері Департаментте өндірістік практикадан өтеді, сараптамалық деңгейде тәжірибе алмасады.
12 Apr 2024 ЕАЭО-да дәрі-дәрмек өндірушілердің фармакологиялық қадағалау жүйелеріне фармацевтикалық инспекциялар жүргізу жөніндегі бірыңғай қағидалары қабылданды Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 12 сәуірдегі отырыста ЕЭК Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 83 шешімін Еуразиялық экономикалық одақтың фармакологиялық қадағалаудың тиісті практикасы қағидаларының талаптарына сәйкес келуі бойынша фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларымен толықтырды. ЕЭК Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий: «Өзгертулер Одақтың фармацевтикалық нарығындағы айналымда «пайда – тәуекел» арақатынасының оң бейіні дәлелденген дәрілік препараттарды сақтап қалуға және қоғамдық денсаулық пен халықтың әл-ауқатына қауіп төндіретін дәрілік заттарды айналымнан және өндірістен алып тастауға бағытталған», — деп атап өтті. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес дәрілік препараттарды тіркеу куәліктерін ұстаушылардың фармакологиялық қадағалау жүйесін тексеруді жүзеге асырады. Бұл фармакологиялық қадағалау жүйесінің фармацевтикалық инспекцияларын жүргізуге әртүрлі тәсілдерді қолдану және ЕАЭО-ның жекелеген елдерінде мұндай инспекциялардың нәтижелерін мойындамау үшін алғышарттар жасайды. ЕЭК Кеңесі қабылдаған құжат фармакологиялық қадағалау жүйелеріне инспекция жүргізу рәсімдеріне және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылына бірыңғай тәсілдерді белгілейді. Мүше мемлекеттердің әрбір инспектораты дәрі-дәрмек өндірушілерге қайта-қайта (қайталама) инспекциялар жүргізе бермейді, бұл инспекциялық ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Фармакологиялық қадағалау жүйелерінің фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу қағидалары Еуропалық ережелердің өзекті редакциясымен үйлестірілген және Одақтың фармацевтикалық нарығында айналымдағы дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің нақты проблемаларын бағалау тәжірибесін жинақтауға және пайдалануға негізделген.
12 Apr 2024 Дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізу қағидалары өзгертілді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 12 сәуірде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігіне зерттеулер жүргізу қағидаларына өзгертулер енгізді. Енгізілетін өзгертулер екі процедураға қатысты, біріншісі – дәрілік заттардың биоэквиваленттік зерттеулерін жүргізу кезінде референттік препаратты таңдау және екіншісі, адамдардағы биоэквиваленттік зерттеулерді модельдік зертханалық зерттеулермен (биовейвер жүргізу) ауыстыру процедурасы. Рефернеттік дәрі-дәрмектерді таңдау процедурасына қосымша балама нұсқаларды таңдау мүмкіндігі енгізіледі. ЕЭК Кеңесінің мүшелеріне Валентин Татарицкий: «Енгізілген өзгерту Одақтың кедендік аумағына референт ретінде таңдалатын бірегей дәрілік препараттарды жеткізумен туындайтын қиындықтарға байланысты», — деп түсіндірді. Бұл нұсқалар дәрілік препаратты үшінші елдерде сатып алуды жеңілдетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар референттік көшірілген дәрілік препараттар (дженериктер) ретінде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Биовейвер процедурасына қойылатын талаптардың өзгеруі бұл процедураны бастапқыда белсенді емес молекулалары бар дәрілік препараттарға және олардың адам ағзасында дәрі-дәрмектерге айналатын препараттарға қолдану мүмкіндігін қамтиды. Бұдан басқа ьағы да бір жолы бар – бұл процедураны Дәрі-дәрмектер жөніндегі сараптау комитетінің келісімін алмай-ақ, III топтағы дәрілерге (нашар еритін, бірақ жақсы сіңетін дәрілер) қолдану. Өзгертулер Еуропа аймағында, Америка және Азия елдерінде қолданылатын ұқсас ережелерге, сондай-ақ дженериктерді айналымға жіберу үшін қолданылатын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәсілдеріне сәйкес келеді.
12 Apr 2024 Спорттық жабдықтар мен құралдар ЕАЭО шеңберінде реттелетін өнімдердің бірыңғай тізбесіне енгізілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 12 сәуірдегі отырыста Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде реттелетін өнімдердің бірыңғай тізбесін спорттық жабдықтар мен құралдардың белгілі бір түрлерімен толықтырды. Тізбеге, атап айтқанда, спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру жабдықтары мен құралдар: футболға, шағын-футболға, гандболға, хоккейге арналған қақпалар, стендтік ату мен спортингке арналған нысаналар, сондай-ақ гимнастикалық жабдықтар мен құралдар, аралас асимметриялық/параллель қоссырықтар, параллель қоссырықтар, кермелер, қолды тіреп секіруге арналған гимнастикалық құрылғылар, бөренелер, батуттар, сақиналар, швед қабырғалары, торлы сатылар, өрмелеуге арналған рамалық құрылымдар, гимнастикалық ат, гимнастикалық төрттаған, арқандар, гимнастикалық үстелдер, орындықтар мен төсеніштер, акробатикалық кілемдер енгізілді. «Өкінішке қарай, спорттық жарыстарды қоса алғанда, физикалық жаттығулар жасау кезінде де жарақат алу көптеп кездеседі. Күнделікті көріп жүргеніміздей спорттық жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қолданыстағы, бірақ міндетті емес тетіктері, мысалы, ерікті сертификаттау мәселені шешпейді. Комиссия Кеңесі қабылдаған шешім сөзсіз жағдайды жақсартады», — деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий. Бірыңғай тізбені спорттық жабдықтар мен құралдардың белгілі бір түрлерімен толықтыру оларға қойылатын міндетті талаптарды белгілеу үшін құқықтық негіз болып табылады. Енді мұндай талаптарды Одақтың техникалық регламенттерінде немесе тиісті ұлттық құқықтық актілерде белгілеуге болады.
Тағы да көрсету