Жаңалықтар

24.12.2021 (Обновлено: 12.04.2022 15:58)

24 желтоқсандағы ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 24 желтоқсандағы отырысында 2022 жылы Санкт-Петербургте өтетін UEFA Чемпиондар лигасы финалын ұйымдастыру мен өткізу үшін әкелінетін тауарларға арнаулы кедендік рәсімді қолдану туралы шешім қабылдады.
ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақта ауыл шаруашылығы өніміне арналған қойма куәліктерін шығару (беру), айналысы мен өтеу қағидалары туралы келісім жобасын мақұлдады.

ЕЭК Кеңесінің шешімімен Мемлекеттік сатып алу мақсаты үшін жекелеген тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді жеңіл өнеркәсіп тауарларының жекелеген түрлеріне, қағаз бен троллейбустарға қатысты олардың шығарылған елін айқындау үшін 2009 жылғы 20 қарашада қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес шығарылған жері критерийлері қолданылатын болады.

ЕЭК Кеңесі отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге жаңа өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды, олар ұлттық тіркеу режимін бір жылға — 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуға қатысты. Тараптар Хаттаманы мемлекетішілік келісуге және қол қоюға жіберуге келісті. Хаттама Келісімге өзгерістер енгізу жөнінде тараптар бұдан бұрын мақұлдаған, бұрын тіркелген медициналық бұйымдардың айналысын олардың тіркеу куәліктерінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ұзартатын хаттаманы толықтырады.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесін құру туралы шешімнің жобасын дайындауды және оны Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына енгізуді қамтамасыз етуге шешім қабылданды. Кеңес Одақ мемлекеттерінің үйлестірілген энергетика саясатын іске асыру үшін көмекші орган болады деп жоспарлануда.

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 21 қаңтарда Мәскеуде болады.