Жаңалықтар

22.02.2022

2021 жылы ЕАЭО-ның сыртқы сауда көлемі 844 млрд АҚШ долларына жетті

2021 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сыртқы сауда көлемі 844,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғыдан 35,1% артық.

2021 жылы ЕАЭО-дан тыс елдерге тауар экспорты 44,1% артып, 525,7 млрд АҚШ долларын құрады. Сыртқы нарыққа экспорт көлемінің өсуіне тауарлардың экспорттық жеткізілімдерінің Беларусьтан 47,8%, Ресейден 47%, Қазақстаннан 25,8% және Армениядан 16,8% артуы себепші болды.

Сыртқы сауданың баға жағдайлары экспортталатын және импортталатын тауарлар бағасының қолайлы арақатынасымен (баға жағдайлары индексі – 136%) сипатталады.

ЕАЭО-дан экспорталатын тауарлардың негізгі тұтынушылары Екропалық одақ елдері (олардың үлесі экспорттық жеткізілімдердің 42,2%-ын құрады) мен АТЭЫ (28,3%) болды. ЕАЭО-дан жеткізілетін тауарларды елдер бойынша бөлгенде, көшбасында Қытай (15,1%) мен Нидерланд (9,3%) тұрады. Одақ нарығына негізгі импорттаушылар Қытай (27,4%) мен Германия (9,8%) болып табылады.

Өзара саудадағы экспорт көлемінің өсуі Одақтың барлық елінде тіркелді: Қырғызстанда – 44,9%, Қазақстанда – 34,9%, Ресейде – 34,3%, Арменияда – 25,2%, Беларусьта – 24,7%.

Азық-түлік тауарларының және ауыл шаруашылығы шикізатының саудасы белсенді жүзеге асырылды. 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда Одақ нарығына жеткізілім Қырғызстаннан 36,9%, Ресейден 31,4%, Армениядан 25,5% артты.

ЕАЭО-ның негізгі сауда әріптестері бойынша сыртқы және өзара саудасы туралы, сыртқы және өзара сауданың серпіні және экспорт пен импорттың тауарлық құрылымы туралы толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі талдамалы материалдар бөлімінде орналасқан талдамалы шолуларда берілген.