21 шілдеде Белорус әмбебап тауар биржасында рапс майының тестілік сауда-саттықтары өтті. Сауда-саттықтарға Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен биржалары (қатысушылар ретінде), сондай-ақ мемлекеттік органдардың және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері (байқаушылар ретінде) қатысты.
Белорус әмбебап тауар биржасының өкілдері нақтылы жұмыс схемасын көрсетті, оның барысында ЕАЭО елдерінің резидент еместері тегін тіркеліп, ЕАЭО аумағы бойынша тасымалдау мүмкіндігімен рапс майын сатып алу мен сатуды қашықтықтан жүзеге асыра алды. Мәмілелер Одақ елдерінің кез келген ұлттық валютасында жүзеге асырылды.
Өткізілген тестілік сауда-саттықтардың қорытындылары ағымдағы жылғы күзде ЕАЭО шеңберінде тауарлардың ортақ биржа нарығын қалыптастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланатын болады.
Еске сала өтсек, ортақ биржалық тауар нарығын қалыптастыру 2025-Стратегиясында көзделген. Одақтың ортақ биржалық тауар нарығын қалыптастырудың тұжырымдамасын 2023 жылдың ортасына дейін, ал оны Іске асыру бағдарламасын 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекіту жоспарлануда.