1996 жылы Ереван халық шаруашылығы институтын бітірген.
Өз еңбек жолын 1998 жылы Армения Республикасының Сыртқы істер министрлігінде бастаған. "КПМГ Армения" ЖАҚ іс басқарушысы, Еревандағы "Мыңжылдық шақырыстары" корпорациясының бағдарламасы бойынша инфрақұрылым қызметін үйлестіретін ACDI/VOCA компаниясының консультанты болып істеді.
2013 жылдан — Армения Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының көмекшісі, Салық төлеушілерге қызмет көрсету және салық салу рәсімдері жөніндегі басқарманың халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, Армения Республикасы Қаржы министрлігі халықаралық ынтымақтастық басқармасының салық және кеден қатынастары бөлімінің бастығы.
2017 жылдан бастап Армения Даму және инвестициялар корпорациясы атқарушы директорының кеңесшісі, Армения Даму және инвестициялар корпорациясы аппаратының басшысы болды.
2020 жылдан бастап Армения Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары болып істеді.
2021 жылғы 10 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.