Михаил Васильевич Черекаев 1981 жылы 20 қазанда туған. Ресей Федерациясының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясын "Шет тілін білетін экономист" мамандығы бойынша бітірген.
2003 жылдан 2014 жылға дейін Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінде жұмыс істеп, 1 санатты маманнан бөлім бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті. Тарифтік реттеу, сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу мәселелерімен айналысты, сауда келіссөздеріне, соның ішінде ДСҰ-ға қосылу жөніндегі келіссөздерге қатысты.
2014-2016 жылдары "Сыртқы сауда қызметі мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АКҰ директорының сауда саясаты жөніндегі орынбасары болды.
2016 жылдан бастап Ресей Федерациясы Үкіметінің Аппаратында түрлі лауазымда еңбек етті. "Халықаралық кооперация және экспорт" ұлттық жобасын іске асыруды үйлестірді.
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.