Жаңалықтар

26.05.2022

ЕЭК-тің «жасыл» бастамалары Мәскеудегі форумда талқыланды

Мәскеуде XIII «Экология» халықаралық форумы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян Еуразиялық экономикалық одақтағы органикалық өнімнің бірыңғай нарығын қалыптастыру жұмысы туралы айтып берді.

«Жасыл өнім нарығының инфрақұрылымы және гринуошингке қарсы күрес» панельдік пікірсайысында сөйлеген сөзінде ол, атап айтқанда: «Одақ елдерінің бизнес және уәкілетті органдарының өкілдерімен бірлесіп, Одақ шеңберіндегі органикалық өнім айналысы туралы келісім жобасы әзірленді. Құжат органикалық өнімнің еркін айналысын қамтамасыз етуге бағытталған, бұл Одақ шеңберінде өзара сауданы және осындай өнім өндірушілердің кооперациясын дамытуға ықпал ететін болады», — деп атап көрсетті. 

ЕЭК департаментінің директоры ЕАЭО-да мүше мемлекеттерде акваөсіру мен балық аулаудың орнықты дамуын қамтамасыз етудің ортақ қағидаттары мен тәсілдемелерін қолдану жөнінде ұсынымдар тұжырымдалғанын да хабарлады. Ұсынымдар қоршаған ортаға зиянды азайтуды қамтамасыз ететін ESG-тәсілдемелерін пайдалана отырып, салаға инновациялық және энергиялық тиімді технологияларды ендіруге, балық шаруашылығы қызметінің қалдықтарын жинау және пайдалану жүйелерін жетілдіруге, балық өнімдерінің өндірісі мен нарықтарын теңгерімді дамытуға, өнімнің сапасын арттыруға және ассортиментін кеңейтуге, әлемдік тәжірибені пайдалануға және т.б. бағытталған. 

Армен Арутюнян ауыл шаруашылығында шығындарды оңтайландыруға, өнімділікті арттыруға, болжау және мониторинг мүмкіндіктерін арттыруға, еңбек шығындарын үнемдеуге ықпал ететін цифрлық технологияларды ендірудің маңызды рөлін атап көрсетті. 

Комиссия өкілі келісім жобасын дайындаудағы «Ресей сапа жүйесі» АКҰ басшылығының және осы ұлттық институт басшысының орынбасары Елена Саратцеваның жеке белсенді рөлін оған Еуразиялық экономикалық комиссияның Құрмет грамотасын тапсыра отырып жоғары бағалады.

«Ресей сапа жүйесі құрамына ЕАЭО-ның барлық мемлекеттерінің өкілдері кірген «Органикалық өндіріс өнімі» мемлекетаралық техникалық комитетін құрудың бастамашысы болды. Бұл комитеттің құрылуы — біздің Одақтағы органикалық өндіріске қойылатын талаптарды біріздендіру жолындағы маңызды қадам», — деп атап өтті Армен Арутюнян.

Іс-шараға Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Максим Увайдов, Федерация Кеңесінің аграрлық-азық-түлік саясаты және табиғат пайдалану комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сергей Митин, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Николай Валуев қатысты.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі