19 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Алқа Мүшесі (Министр) Данил Ибраевтың төрағалығымен Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүшелігінің 100 күндігіне арналған кеңейтілген отырыс өткізілді.
19 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Алқа Мүшесі (Министр) Данил Ибраевтың төрағалығымен Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүшелігінің 100 күндігіне арналған кеңейтілген отырыс өткізілді.
Іс-шара Ош, Бішкек, Свердловск, Уфақалаларының қосылуымен бейне-көпір форматында өткізілді.
Отырыстың жұмысына Техникалық реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Валерий Корешков, ЕЭК Алқа Мүшесі (Министр) Ара Нранян, ЕЭК департаменттерінің директорлары, Қырғызстан мен Ресей Үкіметтерінің өкілдері, федералдық және аймақтық мемлекеттік билік органдарының,ірі көтерме және бөлшек сауда ритейлінің басшылары, РТЖ, РӨКО, СӨП, сондай-ақ Қырғызстанның бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.
Отырыс қатысушылары бірқатар бағыттар бойынша Комиссияның жұмысын талқылады: яғни, техникалық реттеу,санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар, кедендік әкімшілендіру, сауда-саттық, көлік және инфрақұрылым, кәсіпкерлік қызметті дамыту, ЕАЭО-дағы қаржы және көші-қон саясаты.
ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі МинистріВалерий Корешков «әрине қырғыз әріптестерімізбен бірлескен жұмыс 100 күнмен бітіп қалмайды. Ол жұмыс бұдан анағұрлым ерте басталған және техникалық реттеудің барлық позициялары бойынша жүріп келді» - деп атап айтты.
Осы бағыт Одақтағы өнімдердің қауіпсіздігі мәселелерінде шешуші рөл атқарады, іс жүзінде тауарлардың қозғалыс ережелерін алға қойып отыр, ЕЭК Министрі былай деп мәлімдеді: «Қырғызстанда ЕАЭО техникалық регламенттерін біртіндеп енгізу ісі жүргізілуде.Олардың 12, яғни дөңгелекті көлік құралдары, электр техникасы, және т.б.Республиканың аумағында әрекет етіп отыр. Басқалары бойынша олардың күшіне енуіне белсенді дайындық жасалуда».
Валерий Корешков санитарлық, ветеринарлық және карантиндік фитосанитарлық шаралар саласындағы ұлттық нормативтік құқықтық базаны ЕАЭС талаптарына сәйкестендіру бойынша үлкен жұмысқа назар аудартты. «Бұл салаларда шамамен 20 нормативтік құқықтық акт қабылданды, Қырғызстанның мемлекеттік органдары мен мекемелерінің құрылымы және кадрлық қамтамасыз етілуі оңтайландырылды, – деді ЕЭК Министрі. – Одақтың сыртқы шекарасындағы қырғыз учаскесінде жеті бақылау өткізу бекеттері тұрғызылып, керекті жабдықтармен жарақталды. Сол бекеттерді тұрғызуға, әрі жарақтауға үлкен көмек көрсеткен, соның ішінде қаржылық көмек берген Ресей Федерациясы».
ЕЭК Министрі Ара Нранян қырғыз кәсіпкерлері көтерген кейбір мәселелерге назар аударды. Ол алкогольдің жеке пайдалану үшін және коммерциялық мақсаттар үшін әкелінуінің ерекшеліктерін, сондай-ақ ондай өнімдердің тасымалдануын түсіндіріп берді. Ветеринарлық бақылау қызметтерінің теңгерімділігі проблемасын айта келе, Ара Нранян Арменияның осындай тәжірибелерін сипаттап берді. Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта ЕЭК жұмысының күн тәртібінде тұрған ҚҚС қайтару рәсімін жеңілдетудің қажеттілігі мәселесіне де тоқтала кетті.Бұл мәселенің шешілуі ЕАЭО мүшелерінің арасындағы өзара сауда-саттықтың өсуін ынталандыратын болады.
ЕЭК Министрі Данил Ибраев 2015 жылдың тамыз айында Қырғызстанның ЕАЭО толықтай енген күнінен бастап болып жатқан оң тенденцияларды айта кетті: «18 қарашадан бастап қазақ-қырғыз шекарасындағы фитосанитарлық және санитарлық бақылау алынып тасталды. Қырғыз Республикасы43 сектор бойынша қызметтердің ортақ нарығына қосылды. Енгізілген түзетулерге сай, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Одақ елдерінің тасымалдаушылары Қырғызстан аумағында жүктердің бір каботаждық автотасымалдануын жасауға, қырғыз автотасымалдаушылары секілді Ресей Федерациясының Челябинск, Новосібір немесе Свердловск облыстарының; Беларусь Республикасының Гомель, Могилев немесе Витебск облыстарының; Армения Республикасының Арагацотн, Лори немесе Тавуш облыстарының аумақтары арқылы тасымал жасау құқығын иеленеді».
ЕЭК Министрінің айтуынша, Қырғызстанның ЕАЭО-ға интеграциялануының тағы бір жағымды тұсы, кеңестік комитеттерде ұлттық өкілдерінің қатысуы болды: Қырғыз Республикасының 30-дан астам уәкілетті органдарының 122 өкілі Еуразиялық экономикалық комиссияның жанында әрекет ететін 17 кеңестік органның құрамына ресми енгізілді.
Отырыс барысында статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, ЕАЭО экономикасының, елдерінің ынтымақтастығына талдау жасалды. Осылайша, 9 айдың қорытындысы бойынша ІЖӨ өсімі 106,1% құрап отыр. Қырғыз Республикасына ЕАЭО елдерінің жалпы өзара экспорт көлемінің 0,8 % сай келеді. ЕАЭО елдерінен Қырғызстанның импорты жалпы ЕАЭО елдерінің импортына қарағанда, 4,1% бастап 4,7% дейін артып отыр. 2014 жылдың қаңтар-маусым кезеңіндегімен салыстырғанда, 2015 жылдың қаңтар-маусым кезеңінде тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 2,3 есеге артты. ЕАЭО мүше мемлекеттермен Қырғыз Республикасының өзара сауда-саттығындағы 18% азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізатына келіп отыр; 13% - минералды өнімдерге; 12% - машиналарға, жабдықтарға және көлік құралдарына; 4% - химия өнеркәсібіне; 2% - металдарға және олардан жасалған бұйымдарға келеді.
Отырыстың шеңберінде ірі ресейлік ритейлдің өкілдері Қырғызстанның аймақтық кәсіпкерлерімен саудаласу саласындағы ықтималды ынтымақтастығының мәселелерін талқылады, қазіргі уақыттағы бар тосқауылдарды және оларды жою жолдарын атады. Бірқатар факторлардың бары айтылды, солардың арқасында кәсіпкерлер ЕАЭО ортақ нарығындағы Қырғызстанның келешегіне жоғары баға беріп отыр. Солардың бастылары – ықтиярлы сауда-саттық режимі, экологиялық тұрғыдан таза өнімдер, кенге бай жер қойнауы, инвестицияларды қорғау, еркін валюта айырбасы, бизнесті жүргізудің төмен шығындары және білікті жұмыс күші.
«Бүгін Қырғызстанның Ресейдегі Новосібір, Свердловск, Орынбор және басқа да облыстарымен, Башқұртстан Республикасымен аймақаралық инвестициялық қарым-қатынастары дамып келеді, – деді Данил Ибраев. – Десек те, зор әлеует әлі де толықтай қолданылмаған. Қырғызстанға ауыл шаруашылығы өнімдері, құрылыс материалдары, машина жасау және гидроэнергетикалық кешеннің бөлігінде, соның ішінде инновациялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту қажет болады».
Мәжілістің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.