тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6986
29 қазанның 2025
ЕЭК-те сауда келісімдері бойынша әріптес елдердің нарықтарына фармацевтика өнімдерінің экспортын кеңейту талқыланды
Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының қолдауы аясында фармацевтикалық бизнес өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Үшінші елдердің нарықтарына өнімді ілгерілету және болулы сауда тосқауылдарын жою мәселелері талқыланды.
29 қазанның 2025
ЕЭК ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросымен ынтымақтастықты тереңдетеді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ЕЭК пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы арасындағы 2021 жылы қабылданған Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралардың жаңа жоспарын қол қою үшін мақұлдады.
29 қазанның 2025
ЕЭК жана КМШ статистикада маалыматтык технологияларды өркүндөтүүдө
Евразия экономикалык комиссиясынын интеграция жана макроэкономика боюнча министри Данияр Иманалиев ЕЭКтин штаб-квартирасында КМШ Статистикалык комитетинин төрагасы Константин Лайкам менен жумушчу жолугушуу өткөрдү. Статистиканы маалыматташтыруунун негизги маселелери жана бул жааттагы уюмдар ортосундагы кызматташтыкты тереңдетүү мүмкүнчүлүктөрү талкууланды.
29 қазанның 2025
ЕЭК және ТМД статистикадағы ақпараттық технологияларды жетілдіруде
Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Данияр Иманалиев ЕЭК-тің штаб-пәтерінде ТМД Статистика комитетінің төрағасы Константин Лайкаммен жұмыс кездесуін өткізді. Статистиканы ақпараттандырудың негізгі мәселелері және осы саладағы ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері талқыланды.
25 қазанның 2025
Бакытжан Сағынтаев Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаевты және бүкіл Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады.
24 қазанның 2025
Комиссияда ЕАЭО елдерінің Қытаймен сауда мүмкіндіктерін кеңейту бойынша семинар өтті
Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Қытай Халық Республикасымен сауданы одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастыру бойынша семинар өтті, оған Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік билік органдары мен бизнесінің өкілдері, сондай-ақ сарапшылар қатысты.
23 қазанның 2025
Андрей Слепнев: "ЮНКТАД ашық өңіршілдіктің бастауында халықаралық жүйенің "қайта жиналуына" жәрдемдесуде маңызды рөл атқарады"
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Женевада (Швейцария) БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) он алтыншы сессиясында жалпы жарыссөз барысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. "ЕАЭО — интеграция деңгейі жоғары ашық бірлестік. Нарықтарды, капиталдарды, еңбек ресурстарын, инновацияларды, инфрақұрылымды біріктіру есебінен, сондай-ақ әріптес елдермен ауқымды жобалар есебінен дамудың жаңа драйверлерін жасайтын ашық өңіршілдіктің тиімділігін тиянақтай айтамыз", – деп атап өтті ЕЭК министрі. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес пен әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу арасындағы теңгерімді сақтау қажеттілігі туралы айта отырып, Андрей Слепнев төмен эмиссиялық технологиялар мен отынның ауыспалы түрлерін қоса, қолжетімді ең таңдаулы технологияларды кеңінен халықаралық алмасу мен кемсітусіз пайдаланудың маңыздылығын атап көрсетті. "Кедендік реттеу, сауда рәсімдерін оңайлату, тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалап отыру механизмдерін ендіру салаларында перспективалы цифрлық технологияларды ендіру мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасау үшін ЮНКТАД алаңын пайдалануды жалғастыруға сенеміз", — деп мәлімдеді Андрей Слепнев. Андрей Слепневтің Швейцарияға жұмыс сапары шеңберінде Бразилия Сыртқы істер министрлігінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі хатшысы Филип Фокс-Драммонд Гоумен кездесуі болып өтті. Бразилия Оңтүстік Американың ортақ нарығының мүшесі болып табылады, ЕЭК-те онымен ынтымақтастық туралы меморандум қолданылады. Түркіменстанның Сауда және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Назар Агахановпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері, соның ішінде "Солтүстік-Оңтүстік"дәлізінің желісі бойынша өзара іс-қимыл талқыланды. Сондай-ақ, Андрей Слепнев БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесіне барып, оның бас директоры Татьяна Валоваямен келіссөздер жүргізді және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің ДСҰ жанындағы тұрақты өкілдерімен жұмыс консультацияларын өткізді.
23 қазанның 2025
ЕАЭО елдері көлік саясатын және ЕАЭО-дағы халықаралық автотасымалға байланысты жағдаятты талқылады
Бұл мәселелерді талқылау алаңы ЕЭК Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитетінің 30-шы отырысы болды. Отырысқа ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының, қоғамдық ұйымдардың, салалық одақтардың және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Іс-шараға сондай-ақ ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттер — Иран Ислам Республикасы мен Куба Республикасынан өкілдер қатысты. Іс-шараға қатысушылар халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының жүргізуші азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында уақытша болу мерзімінің қысқаруына байланысты қалыптасып отырған қазіргі жағдаятты талқылады. Кеңесте қазіргі уақытта жағдаятты реттеу бойынша жедел шаралар қабылданып жатқаны атап өтілді. Сондай-ақ, іс-шара барысында Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспарын іске асыру барысы қаралды: нысаналы индикаторлардың (көрсеткіштердің), Еуразиялық көлік дәліздерінің (маршруттарының) паспорттарының және оларға қойылатын ең төменгі талаптардың жобалары келісілді. Бұл құжаттар Көлік саласындағы уәкілетті органдар басшылары кеңесінің кезекті отырысында қаралатын болады. Консультативтік комитет мүшелері сондай-ақ Еуразиялық көлік дәліздеріне (маршруттарына) кіретін теміржол, автожол және порт инфрақұрылымын дамыту бойынша ЕАЭО елдері қабылдаған шараларды талдауды, көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижелерін, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін (маршруттарын) дамыту үшін жаңа технологияларды қолданудың таңдаулы халықаралық тәжірибелері және оларды қолдану жөніндегі ұсынымдарды қарады. Болашақта үшінші елдердің қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін инфрақұрылымдық жобалар пулын қалыптастыру жоспарлануда. Мұндай пулды қалыптастыру алгоритмі қосымша пысықталатын болады. Сондай-ақ, тараптар жүзеге асырылып жатқан көлік саясатына сай дамудың салалық аспектілерін талқылады. Атап айтқанда, ЕАЭО шеңберінде "бестік" елдерінің интеллектуалды көлік жүйелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру үшін "жол картасы" қаралды, ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының жүруіне, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсаттар алу үшін қажетті мәліметтер мен құжаттардың тізбелері мақұлданды. Комитетке сондай-ақ теміржол көлігі бөлігінде интеграциялық жұмыстың нәтижелері ұсынылды, оның қорытындысы бойынша Одақ шеңберінде мүше мемлекеттердің жолаушы-азаматтарының теміржол көлігімен жүруіне әсер ететін рәсімдерді оңайлату және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің теміржол көлігін пайдалана отырып, Еуразиялық туристік маршруттарды дамыту туралы ұсыным мақұлданды. Консультативтік комитет Иран Ислам Республикасымен ынтымақтастықты дамыту мәселесін, сондай-ақ Көлік және инфрақұрылым департаменті дайындаған ЕАЭО мен Иран арасындағы Еркін сауда туралы келісімді іске асыру шеңберінде құрылған Көлік және транзит саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің қызметін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарады. Ұсыныстар Иран аумағы арқылы жүк тасымалдауды ұйымдастыру, сондай-ақ шекаралық өткелдердің жұмысын, терминалдық инфрақұрылымды дамытуды қоса, "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің маршруттарында көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мәселелердің кең ауқымын қозғайды. Консультативтік комитет қабылдаған шешімдер Көлік саласындағы уәкілетті органдар басшыларының кеңесіне кезекті отырыста ұсынылатын болады.
Тағы да көрсету