тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6886
29 сәуірдің 2025
ЕЭК-те ЕАЭО шеңберіндегі асыл тұқымды мал шаруашылығындағы мемлекетаралық өзара іс-қимылдың механизмдері талқыланды
Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаменті "AGROBRICS+" Астық – Құрама жем – Ветеринария" MVC халықаралық көрмесі шеңберінде "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында Еуразиялық құзыреттілік орталықтарын қалыптастыру" атты дөңгелек үстел өткізді. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік басқару органдарының, бизнес-одақтарының, ғылыми мекемелерінің өкілдері ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық құндылығын болжау технологиясын, соның ішінде геномдық талдау негізінде пайдалануды кеңейту бойынша мемлекетаралық өзара іс-қимылдың маңызды бағыттары мен механизмдерін талқылады. Спикерлер ұсынған және пікірсайысқа қатысушылар қолдаған Еуразиялық геномдық селекция жүйесінің тұжырымдамалары мен модельдері, сондай-ақ бірлескен селекциялық-генетикалық зерттеулер жүргізуге және тәжірибе алмасуға орайлас тәсілдемелер асыл тұқымды мал шаруашылығындағы құзыреттіліктің Еуразиялық орталықтары базасында селекциялық-асылдандыру жұмысын үйлестіру және талдамалық қамтамасыз ету шеңберінде іске асырылуы мүмкін. "Дөңгелек үстел жұмысының қорытындылары геномдық селекцияны және жоғары тиімді репродуктивті технологияларды кеңінен ендіру негізінде Одақ мемлекеттерінің мал шаруашылығын орнықты дамыту үшін мемлекетаралық өзара іс-қимылдың келісілген механизмдерін Комиссия алаңында одан әрі қарау мен әзірлеудің нысанасына айналады", — деп түйіндеді ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян.
28 сәуірдің 2025
ЕЭК пен Мысырдың бәсекелестік ведомствосы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермоловичтің Мысырға жұмыс сапары шеңберінде 28 сәуірде ЕЭК пен Мысырдың бәсекелестік ведомствосы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат осы жолдағы әріптестікті нығайту мақсатында бәсекелестік саясат және монополияға қарсы реттеу саласындағы бірлескен жұмысқа бағытталған. Меморандум ынтымақтастықты жүзеге асырудың нақты нысандарын, соның ішінде бәсекелестік қағидаларын бұзушылықты тергеп-тексеру, тауар нарықтарын зерттеу тәжірибесімен алмасуды, ЕЭК пен Мысырдың бәсекелестік ведомствосы өткізетін бірлескен іс-шараларға қатысуды, бірлескен кездесулер, консультациялар, тақырыптық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруды қамтиды. Меморандумға қол қою рәсімінде Максим Ермолович: "Біз бұған дейін-ақ Мысырмен практикалық диалог орнатқанбыз, оны бүгін ресми түрде бекітіп отырмыз. Комиссияның нәтижелі өзара іс-қимылды нығайту үшін Меморандумда баяндалған ережелерді тиімді іске асыруға дайын екендігін растағым келеді. Мұндай әріптестік – біздің елдерімізде адал бәсекелестікті қамтамасыз етудің кілті", – деп атап өтті.
28 сәуірдің 2025
Максим Ермолович: "Мысырдың бәсекелестік ведомствосы сан қырлы тәжірибесі, құзыреті бар және кәсібилігі басым күшті реттеушіге айналды"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 28 сәуірде Каирде (Мысыр) "Мысыр бәсекелестік ведомствосына 20 жыл: кезеңдер мен болашақ перспективалар" конференциясына қатысты. Мысыр Премьер-министрінің қамқорлығы аясында өткен іс-шара бәсекелестік саясат саласындағы өзекті мәселелер мен сыни шақырыстарды талқылау үшін бәсекелестік ведомстволарының, халықаралық ұйымдардың көшбасшыларын, мемлекеттік қызметшілер мен сарапшыларды жинады. Максим Ермолович Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің Мысырмен арадағы бәсекелестік саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, елдің осы саладағы негізгі жетістіктеріне тоқталды және Мысырдың Африка өңіріндегі бәсекелестік әріптестікті дамыту көшбасшыларының бірі ретіндегі рөлін атап көрсетті. ЕЭК министрі Мысырмен ынтымақтастықтың заңнамалық жаңартпалармен алмасу, бәсекелестіктің бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу тәжірибесі, секторлық, сондай-ақ биржалық сауда-саттықта талдау жүргізуді қоса, тауар нарықтарын зерттеу сияқты перспективалық бағыттарына баса назар аударды. "Біз Мысырдағы әріптестеріміздің жетістіктерін жоғары бағалаймыз және бәсекелестік саласындағы заң шығармашылығы мен құқық қолданудың бірегей тәжірибесін таратуға, ендіру мүмкіндігіне немесе ауқымдандыра түсуге мүдделіміз", – деп атап көрсетті Максим Ермолович. Іс-шара шеңберінде соттар мен парламенттердің бәсекелестік саласындағы тиімді құқық қолдануды қамтамасыз етудегі рөлін, бәсекелестіктің экономикалық өсім мен инвестицияларға әсерін талқылауға арналған тақырыптық сессиялар өтті.
28 сәуірдің 2025
ЕЭК-те жасанды интеллектің трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйіне әсері зерделенеді
Еуразияның трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жасанды интеллектің әсері Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры Сергей Максимовтың қатысуымен өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды бірлескен тергеп-тексеру жөніндегі штабтың және Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (МСМК) отырыстарында дербес талқыланды. Іс-шараға қатысушылар ЕЭК бұл тақырыпты Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдарымен, сарапшылық және іскер топтарымен неғұрлым ізеуіртті пысықтай алады деген қорытындыға келді. Департамент өкілдері сондай-ақ цифрлық нарықтардағы бәсекелестік проблемаларын зерттеу жөніндегі БРИКС жұмыс тобының (БРИКС+ форматы) отырысына қатысты, онда маркетплейстер мен цифрлық платформалардың қызметін бақылауды жетілдіру жөніндегі тәсілдемелер қаралды. 2024 жылы Монополияға қарсы реттеу департаменті цифрлық нарықтар мен электрондық платформалардың қызметін зерттеу кезінде қолданылатын жалпы тәсілдемелерді қалыптастырды. Бұл жұмыстың нәтижелері "ЕАЭО кеңістігіндегі цифрлық нарықтар: зерттеудің, монополияға қарсы реттеу мен құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында ұсынылды.
26 сәуірдің 2025
Ирандағы трагедияға байланысты көңіл айту
ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның атынан және жеке өз атынан Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианға және бүкіл иран халқына Бендер-Аббас қаласы маңындағы Шахид-Раджай портындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты. "Адам шығынына әкеп соқтырған қайғылы оқиға туралы хабарды терең қайғы-қасірет сезімімен қабылдадым. Ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және барлық зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуін тілеймін", – делінген жеделхатта.
25 сәуірдің 2025
Арзыбек Кожошев Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі Бакыт Сыдыковпен жұмыс кездесуін өткізді
Бішкекте Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев пен Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі Бакыт Сыдыков жұмыс кездесуін өткізді. Келіссөздер барысында тараптар ЕАЭО-да көлік және энергетика саласындағы интеграцияны дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың, цифрлық технологияларды ендірудің және энергия ресурстарының ортақ нарықтарын құрудың маңыздылығы атап өтілді. "Тасымалдардың үздіксіз процестері мен жіксіз болуын қамтамасыз етудің, олардың қауіпсіздігін арттырудың, көлік құралдарының тоқтап қалу уақытын азайтудың және басқару қызметін автоматтандырудың объективті қажеттілігі нарық қатысушыларын интеллектуалды көлік жүйелерін белсенді ендіруге ынталандырады", – деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Сондай-ақ, министрлер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасының көлік және энергетика бөлігіндегі тармақтарын келісу барысын талқылады.
25 сәуірдің 2025
Руслан Давыдов Еуразиялық интеграцияны дамытудағы кедендік реттеудің маңызы туралы айтты
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов "Кеден: кеше, бүгін, ертең" ғылыми-практикалық конференциясында Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік реттеудің өзекті мәселелері туралы айтты. Цифрландыру, бизнеспен өзара іс-қимыл, халықаралық интеграция және заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. Руслан Давыдовтың сөзінше, дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, қатысушы елдердің кедендік реттеу саласында тығыз ынтымақтастығы болған жағдайда ғана интеграциялық процестер табысты бола алады. Кеденнің негізгі міндеттерінің бірі – сауда рәсімдерін жеңілдету әрі жеделдету болып табылады, нәтижесінде шығындар азаяды, өзара сауда көлемі артады және ыңғайлы бизнес-орта құрылады. Бүгінгі таңда кеден органдары электрондық декларация және автоматтандырылған бақылау жүйелері сияқты қазіргі заманғы технологияларды белсенді түрде ендіруде, бұл жұмыс тиімділігін айтарлықтай жақсартуға және шекарада жүктерді өңдеу уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, инвестицияларды ынталандырады және Еуразиялық интеграциялық бірлестіктерге қатысушы елдердің экономикасын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды. "Бізде ЕАЭО туралы шарт бойынша бірыңғай кедендік реттеу, бірыңғай кедендік аумақ, үшінші елдермен тауарлар саудасының бірыңғай режимі бар және біз біріздендіруге ұмтылуымыз керек. Бұл біздің Одақтың бірыңғай кедендік аумақ ретіндегі халықаралық бәсекеге қабілеттілігі, оның транзиттік әлеуеті мәселесі. Құрлықтың жетіден бір бөлігі – Еуразиялық одақ, бұл Қытай мен Еуропа арасындағы көпір. Дегенмен, біз географиялық артықшылықтарымызды толығымен жүзеге асыруымыз керек", – деп атап өтті Руслан Давыдов. Конференция Жеңіс күні қарсаңында өткендіктен, ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі кеденшілердің Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қол жеткізуге қосқан үлесіне бөлекше назар аударды. Ол соғыс кезінде тауарларды жеткізудің негізгі маршруттары Қиыр Шығыс пен Иран Ислам Республикасы арқылы өткенін, бұл жалпы белсенді дамып келе жатқан "Батыс-Шығыс" және "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық дәліздеріне сәйкес келетінін атап көрсетті.
24 сәуірдің 2025
Максим Ермолович ТМД-ның бәсекелестік жөніндегі іс-шараларына қатысты
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (МСМК) жұмысына қатысты. Ол Комиссияның өзі басқарған блогының өткен жылғы қызметі, МСМК және ұлттық бейінді органдармен өзара іс-қимыл туралы айтып берді. "Ресейдің ФМҚ мен ЕЭК түрлі форматта: "5+1" кеңестерінің, МСМК, ТМД мемлекеттерінің монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды бірлескен тергеп-тексеру жөніндегі штаб алаңдарында, бәсекелестікті адвокаттандыру жөніндегі іс-шаралар және басқалар шеңберінде ынтымақтасады. Бұл бүкіл Еуразиялық кеңістікте бәсекелестік ведомстволарының қызметін үйлестіруге көмектеседі", – деп атап көрсетті Максим Ермолович. Комиссияның бәсекелестік жөніндегі блогының өкілдерін қоса, Бірлескен тергеп-тексеру жөніндегі штаб отырысына қатысушылар осы саладағы бұзушылықтар профилактикасы және оларды жою мысалдары туралы айтып, маркетплейстердің қызметіне байланысты жұмыс тәжірибесімен, жасанды интеллекттің бәсекелестік жағдайына әсерімен және т. б. алмасты. Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес (МСМК) 1993 жылы құрылды. Ол ТМД мемлекеттерінің өкілетті өкілдерінен құрылады. МСМК жұмысы ең алдымен ТМД елдерінің ұлттық бәсекелестік заңнамасын және оны озық халықаралық тәжірибе негізінде қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған.
Тағы да көрсету