тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 23

07 қазанның 2025 Өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына арналған техникалық регламентке орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізілді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 7 қазанда Еуразиялық экономикалық одақтың "Өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентіне орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді. Стандарттар тізбесі екі мемлекетаралық стандартпен толықтырылды: МемСТ 34350-2017 "Өрт сөндіру техникасы. Негізгі өрт сөндіру автомобилдері. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері" және МемСТ 34996-2023 "Өрт сөндіру техникасы. Өрт шамдары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері" Бұдан басқа, тізбеге екі ұлттық стандарт енгізілген: МемСТ Р 58716-2019 "Өрт сөндіру техникасы. Ашық ауада табиғи өрттерді сөндіру кезінде қолданылатын, тыныс алу және көру органдарын қорғайтын, өрт сөндіруге арналған сүзгілейтін респираторлар. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері" және МемСТ Р 58446-2019 "Өрт сөндіру техникасы. Газ-түтіннен қорғау қызметі тобының жеке құрамын жарақтандыруға арналған жабдықтар жиынтығы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері". Өзгерістер ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді. Өзгерістерді Комиссия Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібінің 36-тармағының "а" тармақшасын іске асыру шеңберінде дайындады.
07 қазанның 2025 Руслан Давыдов: "ЕАЭО Кеден кодексіне темекі өнімінің жалған транзитіне қарсы күреске бағытталған түзетулер енгізу жоспарлануда" ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Минскіде өткен "Антиконтрафакт-2025" форумындағы құрамында никотин бар өнімдер нарығына арналған сессияда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде темекі өнімінің жалған транзитіне және жалған экспортына қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдайтын шаралар туралы айтты. ЕЭК министрінің сөзінше, Кеден кодексіне тиісті түзетулер дайындалды және олар жоғары дайындық дәрежесінде. Руслан Давыдов пікірсайысқа қатысушыларды ЕАЭО-да 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап күшіне енетін навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалап отыру механизмін енгізу туралы хабардар етті. "Темекі өнімдерінің заңсыз әкелінуі мен айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі – Комиссия алаңында бейінді жұмыс тобының жұмыс істеуі. Ол өткен жылы бизнестің бастамасы бойынша құрылды, оның негізгі міндеті ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы заңсыз темекі және құрамында никотин бар өнімдерді астыртын өткізудің жолын кесу мәселелері бойынша келісілген ұсыныстар әзірлеу болып табылады", - деп атап көрсетті ЕЭК кеден блогының басшысы. Сессияға сондай-ақ цифрлық таңбалау операторлары, темекі өнімдерін өндірушілер, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының және Беларусь пен Қазақстанның бейінді қауымдастықтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Контрафактілік және бұрмаланған өнімдерді әкелуге қарсы әрекет етуге елеулі үлес қосқаны үшін "Антиконтрафакт" халықаралық қауымдастығының шешімімен Руслан Давыдов "Контрафактіге қарсы күреске сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
06 қазанның 2025 Контрафактілік тауарларға қарсы күрес: ЕАЭО-да зияткерлік меншік қалай қорғалады? Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде соңғы он жыл ішінде зияткерлік меншік саласында 80 мыңнан астам бұзушылықтың жолы кестілді. Алынған контрафактілік тауарлардың жиынтық көлемі 140 миллион дерлік бірлікке жетті. Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ернар Бакенов бұл деректерді "Зияткерлік тәртіп. ЕАЭО-да құқық иеленушілерді қорғау практикасы" сарапшылық сессиясында айтып білдірді. Оның сөз сөйлеуі барысында 2024 жылдың нәтижелеріне айрықша назар аударылды. Пандемиялық шектеулер себепші болған үш жылдық құлдыраудан кейін контрафактілік нарық өсудің алаңдатарлық серпінін көрсетті. "2024 жылы ЕАЭО-да анықталған контрафактінің көлемі шамамен 6,6 миллион бірлікті құрады, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 14% артық. Негізгі өсім Беларусь, Қазақстан және Ресей есебінен болды", - деп атап өтті Ернар Бакенов. ЕЭК өкілі ЕАЭО-да мұндай үрдіске қарсы әрекет ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Осы мақсатта Одақ мемлекеттері заңнамалық базаны үнемі жетілдіріп отырады. "Мысалы, Қырғыз Республикасында тауар белгілеріне құқықтарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Ресейде "айна сайтты" бұғаттау рәсімі оңтайландырылған, бұл цифрлық дәуірде өте маңызды", - деп хабарлады Ернар Бакенов. ЕЭК Департаменті директорының сөзінше, Комиссия Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын зияткерлік меншік саласында іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру жөніндегі жоспардың жобасын дайындауды аяқтап келеді, оған зияткерлік меншік саласындағы бірқатар іс-шара енгізілген. Сессия барысында сарапшылар маркетплейстердегі тауарлар саудасы шеңберінде құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауды, кедендік реттеуді, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау үшін цифрлық технологияларды пайдалануды талқылады.