тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6945
14 қазанның 2025
ЕАЭО-ның жанғыш табиғи газға арналған техникалық регламентіне өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі айқындалды
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 14 қазанда ЕАЭО-ның "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібін бекітті. Бұл шешім жаңа талаптарды орындауға бірқалыпты көшуді қамтамасыз етеді және техникалық регламентке өзгерістер күшіне енген күнге дейін қабылданған ЕАЭО ТР 046/2018 талаптарына сәйкес келетін табиғи газдың жанғыш ретіндегі сәйкестігін бағалау туралы құжаттардың қолданылу мерзімдерін белгілейді. Техникалық регламентке өзгерістер 2025 жылғы 22 қарашада күшіне енеді.
14 қазанның 2025
Еуразиялық логистика күнінде кедендік реттеудің ЕАЭО-дағы логистиканың дамуына әсері талқыланды
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Еуропалық бизнес қауымдастығы мен Трансеуразиялық тасымалдар жөніндегі үйлестіру кеңесі ұйымдастырған "Еуразиялық логистика күні" халықаралық форумының пленарлық сессиясына қатысты. Ол өз сөзінде Комиссияның кеден блогының Еуразиялық логистиканы дамытуға жәрдемдесу жөніндегі жұмысы туралы жан-жақты айтып берді. "Навигациялық пломбаларды ендіру, Кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі туралы келісімді іске асыру – Еуразиялық экономикалық одақ аумағы бойынша тасымалды дамытуға ықпал ететін маңызды қадамдар", – деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Руслан Давыдов дайындықтың соңғы сатысында тұрған ЕАЭО Кеден кодексіне түзетулер пакеті бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын көрсететінін және ЕАЭО-ның логистикалық әлеуетін арттыратын нормаларды қамтитынын айтты. Бұлардың ішінде контейнерлерді декларациялаудың күшін жою, электрондық құжаттарды қолдануды кеңейту, каботаждық және контрейлерлік тасымалдарды реттеу бар. ЕЭК кеден блогының басшысы Одақтың транзиттік тартымдылығын дамыту үшін шекаралық инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығына назар аударды. Ол Комиссияның өткізу пункттерін жайластыруға және жарақтандыруға қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды қалыптастыру жөніндегі жұмысының маңыздылығын атап көрсетті. "Өткізу пункттерінде цифрлық технологияларды пайдалану кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпаратты жылдам өңдеуге және бақылау рәсімдерінің уақытын қысқарту есебінен мұндай өткізу көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Осы жұмыстың маңыздылығын ескере отырып, ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің үйлестіріле дамуын өрістету ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру жөніндегі жоспарға да енгізілген", – деп атап өтті ЕЭК министрі.
14 қазанның 2025
ЕАЭО ҚХР-дан әкелінетін алюминий жұқалтырға және титан қостотығына қатысты демпингке қарсы шара қолданады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің тапсыруын орындау үшін Қытай Халық Республикасынан әкелінетін алюминий жұқалтыр мен титан қостотығына қатысты демпингке қарсы бажды бес жыл мерзімге енгізу туралы шешім қабылдады. Ставкалар тиісінше 17,16-20,24% және 14,27-16,25% мөлшерінде айқындалды. Бұл ретте жұқалтыр бойынша өндіруші Xiamen Xiashun Aluminium Foil Co., Ltd. қабылдаған баға міндеттемелері мақұлданды, бұларды орындаған жағдайда тиісті тауарларға демпингке қарсы баж төленбейтін болады. Өз кезегінде титан қостотығы бойынша LB тобы (дәлірек айтқанда LB Group Co., Ltd., Henan Billions Advanced Material Co., Ltd., LB Lufeng Titanium Industry Co., Ltd., LB Sichuan Titanium Industry Co., Ltd. LB Xiangyang Titanium Industry Co., Ltd.) компанияларының, сондай-ақ Shandong Dawn Titanium Industry Co., Ltd. компаниясының баға міндеттемелері мақұлданды. Осымен бір мезгілде әкелудің жыл сайынғы көлемі белгіленді, оның шеңберінде демпингке қарсы баж алынбайды. "Жұқалтыр жағдайында аталған көлемдер Беларусь Республикасы үшін – 385 тонна, Қазақстан Республикасы үшін – 2025 жылы 500 тонна, 2026 жылы 1 000 тонна, 2027 жылы 1 300 тонна, 2028 жылы 1 500 тонна, 2029 жылы 1 650 тонна, 2030 жылы 1 650 тонна, Қырғыз Республикасы үшін – 325 тонна құрауға тиіс. Титан қостотығы жағдайындағы сөз Армения Республикасы үшін 250 тонна, Беларусь Республикасы үшін 4 500 тонна, Қазақстан Республикасы үшін 5 000 тонна және Қырғыз Республикасы үшін 300 тонна туралы болып отыр", — деп нақтылады ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Мүше мемлекеттер үшін белгіленген жыл сайынғы көлемдер шегінде (баға міндеттемелері шеңберінен тыс) демпингке қарсы баж төлемей осы тауарларды әкелу олардың нысаналы мақсаты расталған кезде жүзеге асырылатын болады. Шешімдер ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
14 қазанның 2025
Әзербайжаннан және ҚХР-дан әкелінетін алюминий таспаға арналған демпингке қарсы баж қайталап тергеп-тексеру уақытына орай ұзартылды
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Әзербайжан Республикасында және Қытай Халық Республикасында шығарылатын алюминий таспаға қатысты демпингке қарсы бажды қоса алғанда 2026 жылғы 29 маусымға дейін ұзартты. Қолданылатын шараның мерзімі 2025 жылғы 23 қазанда аяқталуға тиіс еді. Алайда ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментінің атына арыз келіп түсіп, оны қарау нәтижелері бойынша 2025 жылғы 30 маусымда демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеру басталды. ЕЭК сауда блогында: "ЕАЭО нормативтік базасында қолданыстағы демпингке қарсы шараны қолдану мерзімін қайталап тергеп-тексеру өткізу кезеңіне ұзарту көзделген, ол басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс" екендігін еске салды. Әзербайжаннан және ҚХР-дан әкелінетін алюминий таспасына қатысты демпингке қарсы баж Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 115 шешіміне сәйкес белгіленген болатын. Баж мөлшері Әзербайжаннан шыққан алюминий таспаға қатысты кедендік құнның 16,18%-ын және ҚХР-дан шыққан алюминий таспаға қатысты кедендік құнның 13,14%-ын құрайды.
14 қазанның 2025
ЕЭК Фармацевтикалық инспекцияларды жоспарлау жөніндегі нұсқаманы бекітті
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Фармацевтикалық инспекцияларды жоспарлау жөніндегі нұсқаманы тәуекелді бағалау негізінде Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасы қағидаларының талаптарына сәйкестігіне орай бекітті. Нұсқама әрбір жеке өндірістің тәуекелін бағалау негізінде дәрілік заттарды өндіретін алаңдарда фармацевтикалық инспекциялар жүргізудің жиілігін, көлемін және кезеңділігін анықтау бойынша ұсынымдарды қамтиды. Технологиялық процестің ерекшеліктеріне және шығарылатын дәрілердің қауіптілігіне байланысты ішкі факторлар, сондай-ақ өндірістік практика қағидаларын бұзу салдарынан туындайтын тәуекел ескеріледі. Құжатты қолдану ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің фармацевтикалық инспектораттарына инспекция жүргізудің жыл сайынғы жоспарын (графигін) іске асыру үшін ресурстарды оңтайлы жоспарлауға мүмкіндік береді, сондай-ақ инспекцияны өткізу кезеңділігіне қарамастан, олардың нәтижесін тануға орайлас Одақ құқығында бекітілген тәсілдемені сақтайды. Тәуекелді-бағдарлы тәсілдемені қолдану фармацевтикалық өндірушілерге процестерді оңтайландыруға және тәуекелді азайту арқылы дәрі өндірісінің тұрақтылығы мен сенімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар инспекциялық топтарды қабылдауға байланысты қаржылық ресурстарды үнемдейді.
14 қазанның 2025
Бизнес үшін оң серпім: ЕАЭО-да көрсетілетін қызметтердің өзара саудасы мен тікелей инвестициялар көлемі өсті
Еуразиялық экономикалық комиссия экономикалық интеграцияның Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріндегі бизнесті жүргізу жағдайларына әсерін оң бағалады. 2024 жылғы мониторинг қорытындысы бойынша тиісті баяндаманы ЕЭК Алқасы 14 қазанда мақұлдады. Баяндама деректеріне сәйкес ЕАЭО-да орнықты оң серпін байқалады. Негізгі көрсеткіштердің бірі — Одақтың ішкі нарығындағы кедергілердің қысқаруы: бір жыл ішінде олардың саны 46-дан 36-ға дейін, яғни 20%-дан астам азайды. Бұл кәсіпкерлер үшін өткізу нарықтарының қолжетімділігін арттыруға тікелей ықпал етеді және өзара сауда мүмкіндіктерін кеңейтеді. Түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің мәні бойынша да оң үрдіс тіркелді. Мәселен, Одақ елдері арасындағы көрсетілетін қызметтердің өзара саудасының көлемі 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 16% өсті. Егер 2022 жылғы базалық мәнмен салыстырсақ, екі жыл ішінде өсім 42% құрады. Бұдан басқа, интеграциялық процестер инвестициялық белсенділікті ынталандырады. Мүше мемлекеттерде жинақталған өзара тікелей инвестициялар көлемі 2022-2024 жылдары 17% өсті. "Ұсынылған цифрлар жай ғана статистика емес, бұл біздің интеграцияны тереңдету жөніндегі бірлескен жұмысымыздың шынайы жеміс бергендігінің тікелей дәлелі. Тосқауылдардың азаюы, көрсетілетін қызметтер саудасының өсуі және өзара инвестициялардың ұлғаюы біздің бүкіл Одақтың орнықты экономикалық дамуы үшін берік негіз қалыптастырады. Біз әрбір кәсіпкер ЕАЭО-ның ортақ нарығында өз әлеуетін толық шамасында іске асыра алатын жіксіз экономикалық орта құру бағытын жалғастырамыз", — деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов.
13 қазанның 2025
ЕЭК үшінші тараптардың ЕАЭО-ға және оған мүше мемлекеттерге қатысты шектеу шараларының тізілімін өзектілендірді
Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізетін тұрақты мониторинг нәтижелері бойынша "Сауда" порталында үшінші тараптардың Еуразиялық экономикалық одаққа және оған мүше мемлекеттерге қатысты шектеу шаралары тізілімінің жаңартылған версиясы жарияланды. Қазіргі уақытта тізілімде ЕАЭО сыртқы саудасына тосқауыл болуы мүмкін 280 шара тіркелген. Салалық ынтымақтастықты дамыту және Моңғолиямен өзара саудадағы тосқауылдарды анықтау мәселелері бойынша жақында өткізілген семинар шеңберінде жаңа сауда тосқауылы тіркелді. Шектеу Моңғолиядан стратегиялық азық-түлік тауарларын (бидай ұны, бидай тұқымы, ауыз су, сүт және мал еті) импорттауға рұқсат беруге байланысты тәртіпті қолдануға қатысты. Бұл ретте Өзбекстан акциздерге қатысты әкімшілік шараның ішінара күшін жойды. Импортталатын ақ қантқа акциз салығы 2025 жылғы 1 қазаннан бастап жойылды. Комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-шараларының жасасылған жоспары шеңберінде шектеу шараларының күшін жою бойынша Өзбекстан Республикасымен тұрақты диалог жүргізіп келе жатқанын атап өткен жөн. Комиссия үшінші елдермен саудадағы шектеу шараларын анықтау және жою жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Шектеу шарасы туралы Еуразиялық экономикалық комиссия порталындағы арнайы нысан арқылы хабарлауға болады.
13 қазанның 2025
Арзыбек Кожошев: "ЕАЭО сыни шақырыстарды еңсеру үшін бірыңғай көлік-логистика кеңістігін қалыптастырады"
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Кожошев 13 қазанда Мәскеуде өткен "Еуразиялық логистика күні" халықаралық форумының пленарлық сессиясы шеңберінде мәлімдеді. Іс-шараны Еуропалық бизнес қауымдастығы (ЕБҚ) және Трансеуразиялық тасымалдар жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесі (ТТҮК) ұйымдастырды. Арзыбек Кожошев ЕАЭО үш басымдыққа: тауарлардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге, көлік жүйесінің тиімділігі мен байланыстылығын арттыруға, көлік қызметтерін көрсетудің ортақ нарығын құруға шоғырланғанын атап өтті. Бұл мақсат халықаралық үйлестіру, инфрақұрылымдық жобалар және жаһандық логистика тосқауылдарын жоятын және жаңа мүмкіндіктер ашатын цифрлық технологияларды ендіру арқылы жүзеге асырылады. Көлікті цифрландыру, атап айтқанда, электрондық жүкқұжаттарды, навигациялық пломбаларды ендіру және интеллектуалдық көлік жүйелері тұжырымдамасын іске асыру есебінен цифрландыру халықаралық логистиканың тиімділігін айтарлықтай арттырады, оны жіксіз ете отырып, әкімшілік тосқауылдарды азайтады. Сайып келгенде, мұның бәрі елдер арасындағы тауар айналымының өсуіне оң әсер етеді, деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Бұл ретте ЕАЭО "Бір белдеу – бір жол", Солтүстік теңіз жолы және Транскаспий маршруты жобаларын қоса, жаһандық бастамалармен өзара іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Балтық теңізінен Каспий арқылы Үнді мұхитына дейінгі "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізінің дамуы жеделдеуде, ал Астрахан мен Ақтау порттарын жаңғырту және жаңа темір жолдар қазірдің өзінде жүк ағынының өсуіне оң әсерін тигізуде. "ЕАЭО елдерінің көлік инфрақұрылымы геосаясаттың, экономиканың және технологиялардың сыни шақырыстарына тап бола отырып, белсенді трансформациялау сатысында тұр. Алайда перспектива оптимистік болып қала береді: өңір бірлескен бастамалардың, цифрландырудың және халықаралық ынтымақтастықтың арқасында әлемдік көлік жүйесінің түйінді торабы бола алады", — деп атап өтті сөзінің соңында Арзыбек Кожошев.
Тағы да көрсету