тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6862

23 қыркүйектің 2025 ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану басталады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес тасымалдарды бақылауды енгізу туралы шешім қабылдады. Шешім 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді. «Келісімде тауарлардың санаттары мен пайдаланылатын көлік түрлерін ескере отырып, қадағалау тетігін біртіндеп енгізу көзделген. Іске асыру үш кезеңге бөлінді, олардың жалпы ұзақтығы 1,5 жылды құрайды», — деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов. Бірінші кезеңде 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап навигациялық пломбалар мыналарға қатысты қолданылатын болады: – транзиттің, экспорттың кедендік рәсімдеріне сәйкес автомобиль және (немесе) теміржол көлігі түрлерімен тасымалданатын, сондай-ақ өзара сауда аясында мүше мемлекеттер арасында тасымалданатын санкциялық және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері, оның ішінде алкоголь мен темекі; – транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес автомобиль көлігімен тасымалданатын киім, аяқ киім, техника сияқты тауарлардың жекелеген санаттары. – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2404, 2939 79 000 0 және 2939 80 000 0 позицияларында жіктелетін, автомобиль көлігімен тасымалданатын және экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес ЕАЭО-ның кедендік аумағынан әкетілетін құрамында никотин бар өнім, никотин шикізаты. 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 63 шешімі күшін жояды. Бұл шешімде ЕАЭО тауарлары болып табылатын темекі өнімдері мен спиртке қатысты кедендік транзит рәсімін қолдануды көзделген болатын. Аталған тауарлар экспорт кедендік рәсімімен Одақтың кедендік аумағы арқылы шығу орнындағы кеден органына дейін тасымалданатын. Аталған тауарларды тасымалдау Келісімге сәйкес қадағаланатын болады. Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім 2022 жылғы 19 сәуірде қол қойылып, 2023 жылғы 3 сәуірде күшіне енген болатын.
Тағы да көрсету